40 см биіктікке көтерілген таяқ астынан еңбектеумен қоса 8 метр арақашықтықта төрттағандап еңбектеу.
Бір -бірінен 1 м арақашықтықта қатар қойылған 5 заттың арасынан доп домалату.
Мақсаты: Көтерілген заттың оның астынан еңбектеп өтуде биіктігін есепке ала отырып алақан мен тізеге сүйеніп, төрт тағандап еңбектеуге үйретуді жалғастыру. Допты саусақпен жеңіл итеріп және допты заттардың арасынан домалатуда бағытын өзгерте білуін бекіту.
40 см биіктікке көтерілген таяқ астынан еңбектеумен қоса 8 метр арақашықтықта төрт тағандап еңбектеу. Оңға, солға бұрылып, орнында секіру.
Мақсаты: Басына қап қойып, тепе-теңдікті сақтай отырып, жіптің бойымен жүру (дене бітімі бұзылуының алдын алу). Еңбектеуде, таяқтың астынан өткенде оған тигізбей қол мен аяқтың жұмысын үйлестіре білуді бекіту. Оңға және солға бұрылып екпінмен секіруге жаттығу.