Орнында 20 рет секіру (үзіліспен 3 рет қайталау). Тура салынған жіп бойымен басының үстіне құм салынған қап қойып (салмағы 400 гр), қолын екі жаққа созып жүру.
Мақсаты: Допты алға-жоғары лақтырып, оны қос қолымен қағып алуға үйрету. Тізені аздап бүгіп орташа биіктікте ырғақпен секіруді орындай білуді бекіту. Басына қап қойып, жіптің бойымен жүруге жаттығу.
Ойын: «Етек, етек»
Саптізбекте тізбекпен қимылдау. Өзінің орнын жылдам табу.