Ұсынылған материал негізінде рухани-адамгершілік мазмұнда әңгімелесу.
Ұсыныстар:
Ұсынылған материалды талқылау кезінде оның мазмұнын дұрыс түсінгеніне назар аудару маңызды. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы авторының іс-әрекеттерінде көрініс тапқан қасиеттері туралы әңгімелеу міндетті. Білім алушыларға осы адамгершілік қасиеттердің негізі болып табылатын риясыз сүйіспеншіліктің маңызын түсінуге көмектесу. Келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыну: Әр адам адамдарға өз махаббатын бере алады ма? Неге сіз олай ойлайсыз? Адам өмірінде риясыз сүйіспеншіліктің көрінісі не? Оқушылардың жеке тәжірибесіне негізделген сұрақ түйінді сұрақ болып табылады: Күнделікті өмірде сүйіспеншілікті қалай көрсете аласыз? Мысалдар келтіріңіз.
Әңгімелесуді қорытындылай келе, педагог оқушыларға сүйіспеншілікті білдіру – бұл жақсылық екенін, яғни адам өз өмірінің нақты жағдайларында көрсете алатынын айтқаны маңызды. Сүйіспеншілік – адамның шынайы табиғи көрінісі, демек қайырымды іс-әрекет жасай отырып, сен нағыз Адам боласың. Бұл мақсатты «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы өзінің өмірлік ұстанымы ретінде іс-әрекетінде қолданып бізге үлгі ретінде көрсетіп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |