Шығармашылық жұмыс
Ұсыныстар:
Шығармашылық іс-әрекет өзін-өзі тану декадасының қорытындысы болып табылады, сондықтан сабақта жұмыстың осы кезеңіне алдын ала дайындық жүргізіледі. Жоспарланған ашық сабаққа дейін шығармашылық жұмысты өткізу түрлерін анықтау және топтарға алдын ала естерінде ерекше сақталып қалған жұмыстары бойынша тапсырмалар беру ұсынылады: презентация, салынған фильм, қойылымдар дайындау, қолөнер жәрмеңкелері, шығармашылық байқаулар, еңбек десанттары және т.б.өткізілген шараларға байланысты бейнероликтер әзірлеу.
Шығармашылық жұмыстарды оқушыларға қайырымды істер идеяларын жинау түрінде сыныпта, мектепте, көшеде, аулада ұйымдастыруға болады.
1. Ережелермен танысу. Ережелерді әзірлеу және осы ережелерді барлығы бірдей түсініп, сақтауы маңызды.
2. Тапсырманың үйлестірілуі. Барлық қатысушылар үшін талқылаудың мақсатын және оның нәтижесі қандай болуы керектігін нақты белгілеу керек. Мысалы, біздің мектепке қайырымды істі ұйымдастырудың жаңа идеясы қажет.
3. Шешімдерді жиынтықтау және презентациялау. Жұмысты топтарда ұйымдастыру қажет. Идеяларды кезекпен немесе қалауы бойынша айтуға болады. Ең бастысы барлық ұсыныстарды, тіпті іске асыру мүмкін емес ұсыныстарды да тіркеу қажет.
4. Ұсыныстарды бағалау. Ең жақсы ұсынысты қандай қағида бойынша таңдайсыз. Мысалы, іске асырудың жеңілдігі мен жылдамдығы, бюджет көлемінің аздығы және т.б. болуы мүмкін.
Шығармашылық жұмыстар топтарда дайындалады, олардың әрқайсысы сабақтың осы кезеңінде өз нәтижесін көрсетеді. Топтарды түрлі түсті стикерлер қолдану арқылы (қызыл түс – бір топ, сары – екінші және т.б.); топ нөмірі көрсетілген карточкалар бойынша және оқушылардың қалауы бойынша құруға болады.
Білім алушыларды топтарға біріктірудің басқа да нұсқаларын қолдануға болады. Мұғалім ұйымдастыру мәселелерін өз сыныбының ерекшеліктеріне қарай шешеді.
Презентация барысында оқушыларға ұсынған материалға түсініктеме беру мүмкіндігі қарастырылады, мұғалім мен оқушылар (тәрбиеленушілір, студенттер) ашық сабаққа келген қонақтардың сұрақтарына жауап береді.
Презентация аяқталғаннан кейін мұғалім барлық қатысушыларды талқылауға шақырып, шығармашылық жұмыстарды талдайды. Ол үшін ақпараттық технологияларға жүгіне отырып, сауалнамалар мен сұрақтамалар пайдалана алады. Талдаудың мақсаты – ұжыммен жасалған қайырымды істер адамдарды біріктіріп, шабыттандыратынын, адамды оның айналасындағы әлем өзгертетінін, «Өзін-өзі тану» бағдарлама авторы С.А.Назарбаеваның жомарттықпен сыйлаған риясыз сүйіспеншілігінің ұлы күшін сезінуге көмектесетінін көрсету.
Топпен ән айту
Әнді топпен орындау үшін өзін-өзі тану сабағында орындалатын әндердің ішінен терең рухани-адамгершілік мазмұнымен ерекшеленетін әндер таңдалады. (2 мин.).
Рефлексия
Ұсыныстар:
Ойлану, болашақты жоспарлау арқылы рефлексия өткізуді ұсынамыз. Оқушыларды (тәрбиеленушілерді, студенттерді) болашақтағы оқиғаларға келесі сұрақтарды қою арқылы дайындау:
- Мен риясыз сүйіспеншілікті көрсету қалай жоспарлаймын?
- Мен бүгін нені өзгерте аламын?
- Мен қоғамға қалай пайда әкеле аламын?
Достарыңызбен бөлісу: |