Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға мына төмендегідей қасиеттерге ие болуы тиіс:
-Жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгерген;
-Халықтар арасындағы достықты нығайтуға күш салатын;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тарихына, тіліне, дәстүріне, дініне құрметпен қарайтын;
-Жас ұрпаққа өз ауданымыздың тарихымен тереңірек таныстыру;
-Өлкемізде әртүрлі замандарда өмір сүрген тарихи тұлғалармен қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеп білу;
-Туып өскен жерлеріндегі өлкетану мұражайларына саяхаттар ұйымдастыру;
-Балаларға елін, жерін сүйетін патриоттық сезімдерін аша түсіп, жетілдіру;
Неге десеңіз, туған ел тарихы –халықтың рухани санасын ұлттық намысын оятатын бұлақ көзі, ал адам бойындағы патриоттық сезім –отансүйгіштік рухтың құнарлы мәйегі.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар :рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы-ел дамуының жарқын үлесі мен нақты қадамдарын көрсетілген келелі ой ,салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат .Бұл мақалада сананы жаңғырту ,ұлттық болмыстан ұлттық кодтан айырылып қалмай,оны әлемдік құндылықтарымен үйлестіріп ,Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат –мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілген.
Патриоттық тәрбие-біздің балабақшамыздың жұмысындағы басыңқы бағыттардың бірі болып табылады.
Балабақшаның басымдылық бағыты: Балалардың бойында рухани – патриоттық сана сезімді қалыптастыру.
Мақсатымыз: Балаларға ұлттық рухани мәдениетті танып біліп оны сақтап дамытуға ықпал ететін тұлға қалыптастыру
Міндетіміз: «Тәуелсіз жеке тұлға бойына ұлттық рухты, ұлттық сананы, дәстүрді, әдеп-ғұрыпты, мәдениетті сіңіру»
Бұл бағытта жұмысты бастамас бұрын.
1. Тәжірибеде бұрыннан қолданып келген жүйені өзгертіп, педагог мамандармен жүргізілетін жұмыстарға жаңалықтар енгізілді;
2. Жинақталған іс-тәжірибені шығармашылық іс әрекетпен жаңартылды;
3. Әдістемелік көмек бетшілерін дайындап, тәрбиешілерге ұсынылды;
4. Тәрбиешілердің тәжірибелік іс- әрекеттеріндегі кейбір мәселелерді шешу жолында әдістемелік көмек берілді.
Сондай-ақ алдымен педагогтардың, балалардың, ата-аналардың арасында сауалнама өткізілді, сауалнама қорытындылары бойынша жұмыстың міндеттері: педагогтармен, балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізудің негізгі үлгілері мен әдістері белгіленіп анықталды.
Балаларды оқыту үшін, алдымен педагогтың өзі ақпарат материалын толық түсінікті тілде жеткізе білуі қажет. Педагогтың берілген ақпаратының қандай әдіс – тәсілдер арқылы жеткізе алуына байланысты балалар оны қабылдайды және жаңа нәрсе білгісі келетін қызығушылығы пайда болды. Бақшамыздың тәрбиеші- педагогтары күнделікті жоспарларын жазумен шектеліп қоймай өз-өздерін дамытып, өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап, шығармашыл болуға тырысады.
Балабақшаның шығармашылық тобы мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттыққа тәрбиелеу бойынша диагностикалық материалдар жасауда белсенді жұмыстар жүргізді.
Біз әдістемелік жұмыстың мынадай формаларын да қолданамыз: мәселелі консультациялар, педагогикалық шеберхана, педагогикалық шеберлік мектебі, тәжірибелі педагогтардың шеберлік сыныптары, дөңгелек үстел, тақырыптық семинарлар, семинар-практикумдер, мәселелі жағдайларды талдау, педагогикалық және әдістемелік рингтер, байқаулар, сонымен қатар өзара әрекеттестікке негізделген интербелсенді әдістемелер кеңінен қолданылады.
Басымдылық бағыт тақырыбына сай балаларды рухани-патриоттық тәрбиелеу бойынша «Кәусар бұлақ», «Өлкетану» атты әдістемелік нұсқаулық құрастырылған. Бұл жинақтарда біріншіден, тәрбиешілерді шығармашылық талпынуға ынталандырады, екіншіден вариативтік компанент бойынша шығармашылықпен жұмыстанатын тәрбиешілерге жылдық жоспар дайын, үшіншіден үздік материалдар бір жерде жинақталып оны әр жас маман, әр тәрбиеші өз жұмысында пайдалана алады.
Ондағы тақырыптық – оқу жоспары туған өлке тарихы, өлкенің табиғи байлығы, салт-дәстүр, өлке мақтаныштары блоктар бойынша жүргізіледі. Ұйымдастырылған оқу қызметі көңіл көтерулер, бой сергітулер, сайыстар, көрмелер, алғырлар мен тапқырлар клубы, марофондар түрінде өткізіледі. Сабақ барысында балалар айналаны қоршаған әлемге, тарих пен мәдениетке, туған өлкенің қаламыздың әлеуметтік өміріне, өз-өзіне, адамдарға деген жақындасуларын, оң көзқарастарын байқатты. Мемлекеттік рәміздерге және халықтық мәдениетке арналған құрмет балалар жүрегінен орын алды.
Басқару саласында мектепке дейінгі балалар мекемесін дамыту және қалыптастыру толығымен ұйымдастырылды, әдістемелік жұмыстың белсенді, толық үлгілері әзірленді.
Күнделікті барлық топтарда таңертеңгі қабылдаудан кейін Қазақстан Республикасының гимні балалар хормен орындау әдетке айналған.
Бақшадағы педагогтардан құрылған «Айханум» қолөнер шығармашылық клубы құрылып әр мерекелер тақырыптарына сай безендірулер түрленіп танымдылығын артып көз тартарлықтай өзгертіліп отырады. Сондай-ақ ертегі, мерекелік кейіпкерлерге киімдер көптеп әзірленеді. Қолөнер бұйымдары мен заттар мұражайымызда сақталынып, жинақталынады.
Отбасымен бірлесіп «Зере әже ізімен» «Анамның тілі бабамның тілі», «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы»,«Ер тұлғалы батырлар ізімен», «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын», «Тәй-тәй бөбек», «Әлди-әлди» «Отбасымның баға жетпес құндылықтары» ортаңғы , ересек, мектепалды даярлық топтары арасында байқау, сайыстар, отбасылық жобалар жоспарланып жүргізіледі. Сондай-ақ екі жыл қатарынан мектепалды даярлық топ балалары арасында «Абай дана, Абай дара» Абай өлеңдерін жаттау байқауы өткізілді.
Қазіргі жаһандану дәуірі талабынан қалыс қалмай барлық материалдарымызды электрондық құжат айналымын ұйымдастыру; деректер базасын құру және жүргізу; көрнекілік дидактикалық материалдарды электронды дайындау; ғаламтор ресурстарын кеңінен қолдану; балалар мерекелерінің, ойын-сауықтарының, ашық сабақтарының бейнежазбаларымен үнемі толықтырылып тұратын видеотеканы жасау жолға қойылған. Компьютерлік бағдарламалардың көмегімен дайындалған материалдар: презентациялар, бейнероликтер, оқулықтар, әзірлемелер, буклеттер, жаднамалар түріндегі ата-аналарға арналған ақпараттық материалдар, БАҚ-ғы жарияланымдар – балабақшаның әдістемелік жинақ сандықшасын толықтырады, жүйеленеді және жұмыста қолданылады.
Балалар жанына рухани-патриоттық тәрбие берудің жүйеленген және жоспарланған жұмыстары өзінің алғашқы нәтижелерін бере бастады, тәрбиеленушілердің еңбектері қалалық, облыстық республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленді. Балалар мен үлкен және кіші Отан дегенді біледі, олардың бойында азаматтылық сезімі, мақтаныш сезімі қалыптасты, ал педагогтардың кәсіби шеберліктері мен құзыреттілігі жоғарылады.
Жылдық өтпелі лексикалық тақырыбымызға сәйкестендіріп күнделікті ұйымдастырылған қызмет барысында күннің екінші жартысындағы іс-әрекеттерде ұлтық құндылығымызды дәріптеп қазақ елінің өткені мен болашағы тұрмыс-тіршілігі, оның жетістіктері мен жеңістері туралы айтып әңгімелеп, көрсетіп отырсақ, балалардың да өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдері қалыптасады. Менің ойымша мұндай ұстанымдар «шынайы патриотизм» түсінігінің мәнін ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |