Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Бала организмінің қалыптасуы мен аса шапшаң даму кезеңі – сәбилік шақ



бет39/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   138
Бала организмінің қалыптасуы мен аса шапшаң даму кезеңі – сәбилік шақ. Дамудың бұл кезеңінде баланың бойы шапшаң өседі, салмағы да тез қосылады, тұтас организмнің бүкіл қызметінің дамуы барынша тездейді. Сәбилік кезеңдегі бала дамуында бұдан басқа да ерекшеліктер көп: бала аса сезімтал және тез ренжігіш, сондықтан жас сәби организмін дер кезінде шынықтырып, дене түзілісі сымбатты да сәнді болуын ерте қамтамасыз ету көзделеді. Бұл - ең алдыңғы кезектегі міндеттердің бірі.
Организмнің қалыптағыдай дұрыс дамуы мен мықты денсаулығы үшін қажетті жағдайлар: тамақ, ұйқы, сергіту кезеңдерін дер кезінде, дұрыс ұйымдастыру, сондай-ақ таза ауа, су, күн сәулесін орынды пайдалану. Kөрсетілген жағдайлар жас нәрестенің нәзік организміне тиімді әсер ету үшін әлі де жеткіліксіз. Бұл баланың бүкіл өмірін дұрыс ұйымдастырып, тәлім-тәрбие жұмысын ойдағыдай жүргізгенде ғана нәтиже береді. Алғашқы екі жыл дамудың аса тез, қарқынды кезеңі. Бұдан былайғы кезеңдердің бірде-біреуінде бала алғашқы екі жылдағыдай аса көп өзгеріске ұшырамайды. Мектепке дейінгі ғылыми әдебиеттерде бала өмірінің дамуындағы сәбилік кезең деп аталатын алғашқы екі жылын арнайы қарастырады. Жеке бастың қалыптасуында осы шақтың ерекше мәні бар. Жеке бастың дамуы дегеніміз - адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және дене т.б. тәрбиелердің тұтастығы. Сәбилік шақты зерттеген ғалымдарымыздың бірі - Н.М.Аксаринаның «Cәбилік шақтағы балалар тәр­биесі» деп аталатын еңбегінде баланы туған күнінен бастап тәрбиелеудің аса қажеттігі ғылыми негізделген. Сондай-ақ, дене құрылысының даму ерекшеліктері де беріледі. Баланың бүкіл организмі өсіп нығаяды, жүйке жүйесі анағұрлым төзімдірек келеді. Сонымен сәбилік шақтағы баланың даму ерекшеліктері мыналар: а)ересек адамдардың көмегінсіз әртүрлі қимыл әрекеттерді орындауға бағытталуы, дербестіктің ең қарапайым түрлерінің жетілуі; ә)көрнекі ойдың дамуы. Баланың айналасындағылар жайлы өз ойын, пікірлерін білдірудің аса қарапайым түрі.
Сәбилік шақтан бастап, бала әрекеті қай жағынан болса да, күрделене түседі. Күнделікті өмірден көргендерін, білгендерін, іс-әрекеттерін, қимылдарын ойын үстінде бейнелеудің негізі осы сәбилік шақтан басталады. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасында» ойын түрлерінің күрделене түсетіндігі айтылған. 2,5 жасқа қарай мазмұнды ойынға ерекше мән беріледі. Осылайша бала дүниеге келген алғашқы күннен бастап, дамудың үлкен жолынан өтеді. Егер туғаннан бастап бала дене құрылысын, қимылын, мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру, дамыту бағытында жұмыстар жүйелі, реттілікпен жүргізілетін болса, мынадай қорытынды шығады: уақытылы жүргізілген тәрбие тәсілдерінің дұрыстығынан баланың дамуы кешеуілдемейді. Дене тәрбиесі дұрыс жүргізілген жағдайда, алғашқы нәтижелер білінеді. Қазіргі кезде біздің елімізде мектепке дейінгі тәрбиенің, соның ішінде дене тәрбиесінің барынша дамуына қажетті жағдайлардың бәрі де жасалуда. Дене түзілісі мықты, көңіл күйі көтеріңкі, ширақ бала ауруға төзімді болады да, жұқпалы ауруларға аз шалдығады. Атақты физиологтардың еңбектерінде (И. М. Сеченов, В. М. Бехтерев, И. П. Павлов) даму тұқым қуалаушылық жолмен емес, организмнің қоршап тұрған ортамен өзара әрекетінің нәтижесінде болатындығы көрсетілген. Бұл еңбектер тұқым қуалаушылықты мүлдем жоққа шығармай, белгілі бір жағдайға байланысты тұқым қуалау жолымен болатын қасиеттерді өзгерту мүмкін екенін анықтады. Сонымен қатар организмнің қалыпты дамуы үшін тәрбиенің жетекші рөлі көрсетіледі. Белгілі бір анализатордың жұмысын шапшаңдату жаттығуға байланысты. Мысалы, мезгілінен 6 апта бұрын туған нәрестеде туған соң 5 аптадан кейін шартты түрде есту рефлексін қалыптастыруға болатын көрінеді. Табиғи пісіп жетілу процесі де сыртқы ортаның әсер етуіне бай­ланысты, сондай-ақ ми сыңарлары қабығының қызметі тұқым қуалау жолымен емес, ішкі-сыртқы тітіркендіргіштердің әсерімен өмір процесінде дамиды. Ол туралы сәбилік кезең педагогикасының негізін қалаушы проф. Н. М. Щелованов: «Eгер сыртқы әсер болмаса немесе жеткіліксіз болса, онда ми қабығының жасалуы дұ­рыс болмайды немесе кешеуілдейді», - деген. Бұл өзара әсер ету Н.М.Щелованов, И.И.Красногорский, Н.И.Касаткин, Н.М.Аксаринаның анықтауынша, баланың алғашқы күнінен басталады. Олай болса, тәрбие процесі де (дене тәрбиесі т.б.) нәресте дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала туғаннан бір жасқа дейін дұрыс тамақ, күтім, тәрбие болған жағдайда өте тез өседі. Жылдың алғашқы жартысында ай сайын 600-700 грамм салмақ қосса, екінші жартысында 400-300 грамм қосады. Бойы ай сайын 2-3 см өседі. Орта есеппен 1 жастағы баланың салмағы 10-10,5 кг, бойы 74-75 см болады. 7-8 айда баланың сүт тісі шыға бастайды, ал бір жасқа келгенде 8 тісі болады. 7 апталығында миы екі есе өсіп, орталық жүйке жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі артады, баланың ұйықтамай көңілденіп, сергек жүру мезгілі көбейеді. Әуелі 20-30 минут болса, 1 жасқа келгенде 3,5 сағатқа дейін созылады. Бір жасқа дейінгі баланы тәрбиелеудегі негізгі міндет-денсаулығын сақтау және нығайту, баланың денесінің, психикасының дамуына қажетті жағдай жасау, жалпы қимылын, өзіне жақын адамдармен қарым-қатынасын калыптастыру. Бала көру, ұстау арқылы қабылдауын дамытады. Ойыншықты ұстау, кеудесіне апару, көру, бір қолынан екінші қолына ауыстыру арқылы сол заттың қасиетімен танысады. Баланың түсіп кеткен ойыншыққа талпынуы, жылжуға дайындығы басталады. 5 айлығында бала екі алақанына сүйеніп, ұзақ уақыт етпетінен жата алады. 6 айлығында бала көбіне, етпетінен жатып аударылып, аяғымен жылжиды. Бұл әрекеттердің бәрі де баланың бұлшық еттерінің, аяқ-қолының, карын еттерінің, кеуде сүйегінің дамуына әсер етіп, енбектеуіне қажетті алғы шарттар дайындайды. Ойыншықтармен ойнату арқылы баланың іс-әрекеті ұйымдастырылады. Ойыншықты ұстайды, көреді, айналасындағы заттарға тоқталады. 6-7 айда еңбектеп, көп кешікпей отырады. 9 айда жар жағалап, жайлап жүреді. 9-10 айдан 1 жасқа дейінгі кезеңде тәрбиенің бір негізгі міндеті - баланың қимылын дамыту. Балалардың ойыншықтармен ұзақ ойнау әрекетін ұйымдастырудың ерекше орны бар. Мысалы, қорапты ашып, жабу, ойыншықтарды тізілтіп, қаз-қатар қою, шарды қорапқа салу т. б. 11-12 айда бала еркін жүруге үйренеді. Бұл кезеңде тыныштық, тамақ, ұйқы, сергектік, дене жаттығуларының, әр балаға көңіл бөлудің мәні зор.
Екіншіден, ұйқысын дұрыс ұйымдастыру керек. Таза ауада 5-6 сағат ұйықтау қамтамасыз етіледі, оның ішінде бірден тез ұйықтауға үйретудің маңызы зор. Кішкентайлар мен әлсіздер, ерте тұрғандар алдымен жатқызылады. Бұл әрекеттердің бәрі тыныш, асықпай, баппен істеледі.
Үшіншіден, тұрғызу мен тамақтандыру. Дұрыс күн тәртібімен ұйықтаған бала жыламай, жайбарақат тұрады. Тамақты қолдан бөтелкемен, қасықпен ішкізуде баланың өзі ұстауын, өзі алуын үйрету керек. Ойынмен шұғылдану баланың жан-жақты дамуына әсер етеді. Ойын жерде, столда, манежде өткізілуі мүмкін. 2,5—12 айлық балалардың көру, есту мүшелерін барынша дамыта отырып, ойыншықтарды көрсету, атын айту, қол қимылын, еңбектенуге қажетті қимылдарын дамытудың маңызы зор. Сәбилердiң екiншi тобы (1 жастан 2 жасқа дейін). Арнаулы ғылыми еңбектерде бұл топта тәрбиеленушілер екі кезеңге бөлінеді: 1 жастан 1,5—1,6 айға дейін, 1 жас 5—6 айдан 2-ге дейін. Мұның әрқайсысында да баланың дер кезінде тамақтануы, ұйқы және басқа қызметтердің дұрыс ауысып отыруы оның денсаулығы мен дене құрылысы жағынан дамуына, көңіл күйі мен мінез-құлқына үлкен әсер етеді, яғни күн тәртібінің тәрбиелік үлкен мәні бар. Балалар белгілі бір тәртіпке үйренеді. Белгілі бір уақытта тыныш ұйықтайды, сондай-ақ тамаққа да тәбеті белгілі бір уақытта шабатын болады. Екі жасқа қараған баланың жүйке жүйесінің қызу дамуына байланысты сергіту кезеңі ұзарып, күндіз аз ұйықтайды. 1 жастан 1,6 айға дейінгі бала күндіз екі мезгіл ұйықтайды (2,5-1,5 сағат) да, үздіксіз 3,5-4 сағат сергиді. Ал 1 жас 6 айдан кейін күндіз бір-ақ мезгіл (3,5-4 сағат) ұйықтайды, 4,5-5 сағаттан соң сергиді. Бұл топтағы балалардын күн тәртібіндегі өзгеріс сол-екі күн тәртібі жасалады. Әр баланың күн тәртібін белгілеу үшін оның жас ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге жалпы дамуы мен денсаулығы еске алынады. Нәзік, денсаулығы нашар, жүйке жүйесінің жұмысы тұрақсыз балаларға ерекше назар аударып, бірінші топта ұстай тұруға болады. Осы кемшіліктері әбден жойылған соң барып, тәрбиеші немесе күтуші дәрігерге айтып, содан кейін ғана күн тәртібі ауыстырылады. Бұл - күн тәртібіне байланысты сәттер. Екі жасқа қараған баланы сергіту едәуір ұлғаяды. 1 жас 2-3 айдағы бала үздіксіз 3-4 сағат, ал 1 жас 6 айдағы бала 4-5 сағат үздіксіз серги алады, сондықтан баланың қызмет әрекетін түрлендіріп, анағұрлым мазмұнды өткізуге болады. Бұл жаста бала, аяғымен жүріп, көбірек қозғалуға тырысады. Ол үшін жағдай жасалып, бөлме ішінен арнаулы орын бөлінеді, түрлі ойыншықтар беріледі, ойынның түрлері көбейеді. Қимылдық ойындарға, дене жаттығуларына, организмді шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Балалардың организмін шынықтыруда киімнің маңызы зор. Киім ыңғайлы, жеңіл және баланың денесіне қонымды, баланың қозғалысына дем алуына кесел келтірмейтіндей болуы керек. Тәрбие жұмысын жоспарлау белгілі бір мақсатқа бағытталады. Балалардың жас ерекшелігі, дене құрылымының дамуы мен жүйкелік-психикалық қызметі еске алына отырып, денсаулығын сақтау, денені шынықтыру, негізгі қозғалыс қимылдарын дамыту (жүру, өрмелеу, жүгіру, қол қимылдары), баланың қуанышты көңіл күйін тудыратын жағдай жасау, қарапайым дағдыларды қалыптастыру, үй бұйымдарын, ойыншықтарды ұстауға үйрету, сондай-ақ тілін дамыту, сөйлеуге үйрету, көру, есту, түйсіну арқылы қабылдауын жетілдіру, заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін, басқа балалармен қарым-қатынасын дамыту, қарапайым ойлау процестерін, эстетикалық тұрғыда алғашқы көркемдік ұғымдарын қалыптастыру, зейінін тәрбиелеу міндеттері қойылады. Сонымен қатар: 1) балаларды күту және олардың өмірін дұрыс ұйымдастыру, күн тәртібін сақтау; 2) шынықтыру; 3) мәдени-гигиеналық дағдысын тәрбиелеу және оны үнемі жетілдіріп отыру сияқты нақты міндеттер іске асырылады.
Баланың алғашқы екі жылы барлық ағзалар мен жүйелердің қарқынды дамуымен сипатталады. Бала белгілі бір туа бітетін биологиялық қасиеттермен, оның ішінде негізгі жүйке процестерінің типологиялық ерекшеліктерімен де (күш, ұстамдылық және ширақтық) туады. Бірақ бұл ерекшеліктер бұдан кейінгі дене және психикалық дамудың негізі ғана болып табылады, ал өмірдің алғашқы айларынан бастап баланы қоршаған орта мен тәрбие анықтағыш фактор болып саналады. Сондықтан баланың сергек, жағымды эмоциялық қалыпта, дене және психикалық дамуының толыққанды болуын қамтамасыз ететіндей жағдай жасаудың және тәрбие ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Морфологиялық құрылымының және ми қабыршағының функционалдық дамуының аяқталмауы - баланың алғашқы жылдардағы өміріндегі орталық жүйке жүйесінің ерекшелігі бо­лып табылады. Ол бұдан кейінгі жылдарда сыртқы және ішкі қоздырғыштардың әсерімен жүзеге асады. Туа біткен шартсыз рефлекстер (қорғаныстық, сақтанғыштық, тағамдық, бағдарлық) негізінде жоғары жүйке қызметі дамиды. Бала өмірінің алғашқы апталарынан бастап-ақ көру жә­не есту қоздырғышына, сондай-ақ, (H. И. Касаткиннің зерттеулері көрсеткендей) алуан түрлі сыртқы қоздырғыштарға шартты рефлекстер пайда болуы мүмкін. Жас артқан сайын шартты рефлекстердің пайда болуы шапшаңдай түседі. Егер сыртқы қоздырғыштардың бірін белгілі бір ізділікпен ұзақ қолданса, онда реакцияларға жауаптың біртұтас жүйесі-динамикалық стереотип құрылады. Дұрыс тәрбиелеген жағдайда балада көптеген әртүрлі стереотиптерді қалыптастыруға болады, ол сыртқы жағдайлардан әсер алуды айтарлықтай жеңілдетеді, жүйке клеткаларының жұмыс қабілетін арттырады. Мысалы, бүкіл күн тәртібіне, уақытылы ұйықтатуға, ұйқыдан соң ертеңгі гимнастиканы міндетті түрде орындауға, содан соң жуынуға, стереотип жасауға болады. Дегенмен, балаларда айнала қоршаған дүниеден саналы түрде әсер алу қабілетін дамыта отырып, баланың жасының, жағдайлардың өзгеруіне байланысты кейбір стереотиптерді (әдеттерді) өзгерту мақсатында баланың жүйке жүйесін жаттықтыруды сақтықпен жүргізу керек. Мәселен, екі жасқа аяқ басқан бала қозғалысының даму ерекшеліктерін ескере отырып, балалар кәдімгі жүрісті игергеннен кейін дене шынықтыру сабақтарына күрделендірілген жүрісті (жолмен, тақтайдың үстімен жүру) ендіру керек. Бала жаңа қозғалысқа қызыға, оны орындауға ұмтыла оты­рып, оған ұсынылған тапсырманы оңай меңгереді. Соның нәтижесінде тек жаттығуларды орындау кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де қозғалыс дағдыларын жетілдіру жүріп жатады. Орталық жүйке жүйесінің дамуы және тармақтануына (пісіп жетілуіне) қарай статикалық және қимыл-қозғалыстық функциялар пайда болады. Бұл функциялардың пайда болуы мен нығаюы ішкі де, сыртқы да факторлармен анықталады. И. М. Сеченов жаңа туған бала қаңқалық бұлшық еттер саласындағы инстинктік қозғалыстардың аз мөлшеріне ғана ие екенін атап көрсеткен. Ал ықтиярлы қозғалыстар деп аталатындардың бәрі баланың өмірі барысында сыртқы әрекеттер әсерімен қалыптасады. Мұның өзінде айналадағы орта әсерлерін қабылдайтын сезіну мүшелері жай-күйінің елеулі мәні бо­лады (баланың туар сәтіне таман оның сезіну мүшелері қозғалысқа қарағанда, көбірек дамыған болады).
М.Ю.Кистяковскаяның зерттеулері арқылы қимыл-қозғалыстың және басқа анализаторлар арасында байланыс құрылуының белгілі бір ізділігі анықталды. Өмірдің екінші айында кинестетикалық және сезім мүшелері анализаторлары арасын­да байланыс орнайды, бұл баланың әртүрлі жағдайларда: етпетінен, шалқасынан жатқанда, тік тұрғанда басын көтеру жә­не ұстау қозғалыстарынан көрінеді. Жас шамасының осы ке­зінде қолдың кинестетикалық анализаторы мен еріннің, ауыз қуысының сілекей қабығында және қолдың терісінде рецепторлары бар дене түйсігі анализаторлары аралығында байланыс пайда болуы мүмкін. Бұл қолдың ауызға бағытталуынан, саусақ сорудан сырттай көрініс береді. Кейінірек қолдың кинесте­тикалық анализаторы мен көру анализаторы арасында байла­ныс орнайды, сол кезде бала қолын бетінен жоғарырақ көтереді және оған көз тоқтатып қарайды. Төртінші айдың соңы мен бесінші айдың бас кезінде әлдеқайда күрделірек көру-кинестетикалық байланыстары пайда болады, соның арқасында бала көзге түскен затқа қол созады және оны ұстайды. Пайда болып жатқан рецептораралық байланыстар күрделі функционалдық жүйелер құрайды, мұның көріністерінің бірі — алуан түрлі қозғалыс болып табылады. Мұның өзінде тиісті сенсорлық нәтижемен аяқталатын қозғалыстар бұрын тұрақтанады. Балалардың күнделікті тіршілігінде қажетті жабдықтар мен құралдардың болуы, жүйелі айналысу қозғалыс дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларда қимыл-қозғалыс анализаторының тез дамитындығы байқалады (H. И. Красногор­ский). Бұл жас шамасында шартты рефлекстер тез қалыптасады, бірақ бірден тұрақтанбайды да баланың дағдылары алғашында тұрақсыз болады. Қозу және тежеу процестері ми қабыршағында оңай тарқап кетеді, сондықтан балалардың назар сала қарауы тұрақсыздау, жауап реакциялары эмоциялық сипатта болып келеді және шаршайды. Мұның үстіне мектеп жасына дейінгі балалардың қозу процестері тежеу процесінен басымдау болады. Сөйтіп, белгілі бір қимыл-қозғалыстық дағдылардың құрылуы және олардың шартты рефлекстер ретінде тұрақтауы, яғни қимыл-қозғалыстық стереотиптің құрылуы үшін қоздырғыштарды қолданудың белгілі бір шамада қайталанғыштығы, бір ізділігі талап етіледі. Белгілі жоспар бойынша өткізілетін дене жаттығулары осындай қоздырғыштар болып табылады. Арнаулы сабақтарды өткізген кезде балалардың еркін қимыл-қозғалыстық әрекетіне жағдай жасау орталық жүйке жүйесінің неғұрлым дұрыс және уақытылы дамуына, демек, бала­ның психикалық және қимылдық жағынан дамуына көмектеседі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет