Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет5/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Дене тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі, ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін меңгеріп қамтиды.
Дене машықтығы - дене тәрбиесінің дене әзірлігін талап ететін еңбекке немесе басқа бір қызметке деген қолданбалы бағыттылығы (мысалы, актердің, ұшқыштың, ғарышкердің, спортшының т. б. дене машықтығы). Дене машықтығы нақты бір кәсіптің, белгілі бір қызметтің ерекшеліктеріне байланысты дене жаттығуларын жасаудың міндеттері, өзіндік ерекшеліктері, құралдары, әдістемесімен сипатталады. «Жалпы дене дайындығы»-дене тәрбиесінің әр алуан қызметте табысқа жетудің жалпы алғы шартын жасау үшін бағытталған процесін білдіреді. Арнаулы дене машықтығы кәсіптік, спорттық қызметке арнайы дайындалуға бағытталған.
Дене жаттығулары - бұл дене тәрбиесі міндеттерін шешу құралдары ретінде іріктеліп алынған қозғалыстар, қимыл-қозғалыс әрекеттері, сондай-ақ қозғалыстық әрекеттердің күрделі түрлері (қозғалысты ойындар). Қозғалыстық әрекет деп адамның қозғалыс аппаратының белсенділігі өзіне тән компо­нент болып табылатын әрекеттің бәрін айтады. «Жаттығу» термині қозғалысты бірнеше рет қайталау процесін белгілу үшін де қолданылады.
Спорт - әртүрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Спорт - (ағылшын тілінде-«ойын», «көңіл көтеру») шынықтыру жаттығуларын қолдануға негізделген, әлеуметтік мәні бар тәрбиелік, ойындық, жарыстық әрекет. Спорт, бұқаралық спорт (барлық адамдар қатыса алады) және жоғары көрсеткіштер спорты (чемпионаттар, олимпиадалар т.б.) деп бөлінеді. Спорттық дайындық-спортшының машықтануы, оның жарысқа қатысуын қамтитын, машықтану және жарыс жүйесін ғылыми әдістемелік және материалдық тәсілдік жағынан қамтамасыз ететін, оқу мен спортты, жарыс пен демалысты үйлестіру үшін қажетті жағдайлар жасайтын көп жақты жүйе. Спорттық машықтану - спорттық дайындықтың негізгі бөлігі және спортшының өзі таңдаған спортында барынша жоғары көрсеткіштерге жетуге ықпал ететін қасиеттер мен қабілеттерді дамыту әрі жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын қолдануға негізделген дене тәрбиесі мамандығының арнайы жүйесі (дене машықтығы ұғымымен бірге алып қарауға болады). Спорттық нәтиже - спорттағы көрсеткіштердің сандық және сапалық деңгейі. Спорттық жарыс - спорттық жетістіктер көрсету, салыстыру және бағалау, спорт саласындағы бәсекені белгілі бір түрде реттеп отыру. Спорттық жарыстардың мақсаты үздік спортшылар мен топтарды анықтау, жалпы спорттық шеберлікті жетілдіру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау. Спорттық қозғалыс - әлеуметтік қозғалыстың ерекше бір түрі - спорт түрлерін құру, дамыту, сақтау, алмасу және тұтыну жүйелерінің тарихи қозғалысы, жеке адамды қалыптастыру құралдарының бірі. Тарихи спорттық қозғалыстар спорттың төмендегідей көпшілік (халықтық), резервтегі (негізгі), жоғары жетістіктер (үлкен), әуесқой және кәсіпқой түрлерін дүниеге әкелді. Спорттық қызмет - адам әрекетінің көп қырлы белсенді жүйесі ретіндегі қимыл-қозғалыс дамуының ең жоғары түрі. Спорттың функциялары, біріншіден - спорт өз алдында тәрбиелік жағынан дұрыс ықпалын тигізумен қатар, қоғам өміріне дайындаушылық міндеттерді шеше отырып, қызмет етеді. Екіншіден, спорт өндірістік қызметке жатпайды, материалдық игіліктерді тікелей өндіруге байланысы жоқ. Спортқа тән барлық белгілер балалар спортында да сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет