Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Қимыл-қозғалыс әрекеттерге үйрету процесіндегі сана мен эмоцияның рөлі



бет75/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   138
Қимыл-қозғалыс әрекеттерге үйрету процесіндегі сана мен эмоцияның рөлі. Yйрету кезінде эмоцияның, ынтаның, балалардың өз іс-әрекетіне деген саналы қарым-қатысының үлкен мәні бар. Yйреніп жатқан жаттығу немесе ойынның мазмұнына деген ынта, сондай-ақ әртүрлі, балаларды еліктіретін, әдістеме эмоциялық өрлеу туғызады. Осыған байланысты ықылас қою артады, тапсырманы орындауға ұмтылыс, қимыл-қозғалыстың сапасын жақсарту күшейеді. Балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру жүйке жүйесінің оларды игеру қарқынына, қимыл-қозғалыс тәжірибесіне ие болуға, дене қасиеттері мен қимыл-қозғалыс дағдыларының даму деңгейіне әсерін тигізетін индивидуалдық типологиялық ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Бұл көрсеткіштер әр баланың қимыл-қозғалыс дағдыларын ойдағыдай меңгеруіне бағытталған үйретудің методикалық тәсілдерін таңдау кезінде педагогқа балаларға жеке-жеке қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тапсырманы алға қоюдың, іс-әрекет мотивтерінің, психологиялық бағдардың әсері. Қимыл-қозғалыстық дағдылардың ойдағыдай қалыптасуына баланың әлі келетін, ынта, эмоция тудыратын, саналы түрде өз бетімен қимыл-қозғалыстық әрекет етуге талпындыратын түсінікті міндеттер қою, қимыл-қозғалыстық іс-әрекеттердің оның мақсаттылығы мен шығармашылық ізденістеріне әсер ететін мотивтері, психологиялық бағдар (психиканың тұтастық күйі) әсерін тигізеді. «Aдам алдында пайда болатын мақсат, осы мақсатты жүзеге асыратын белгілі бір практикалық әрекет жасау қажеттілігі психиканың барлық механизмдерін тапсырманы ойдағыдай орындап шығуын күшейтеді. Тәжірибенің бұрынғы қорында оны шешу үшін ең алдымен керек болатын деректер мен операциялардың стереотиптері естен мейлінше оңай алып пайдалануға әзірленеді». Қимыл-қозғалыс дағдыларының пайда болуына қажетті жағдайлар жасау. Балалардың білім мен қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруінің ойдағыдай болуы көбіне, үйретудің жүргізілуі жағдайына байланысты. Yйрету қимыл-қозғалыс тапсырмаларын орындау кезінде ақыл-ой дене және ерік-жігер күшін талап етеді, сондықтан байсалды жағдай және балалар психикасының эмоциялық жағымды күйде болуы қажет. Сыртқы ортаның жағдайы қолайлы болғанда шартты рефлекстердің пайда болуы табиғи, заңды түрде өтеді.
И. П. Павлов жаңа уақытша байланыстардың пайда болуы мидың үлкен сыңарының қыртысы сыртқы бөтен қоздырудан бос кезінде, яғни әңгіме болып отырған жағдайда үйрету ке­зінде баланың көңілін еш нәрсе бөлмесе (бөлмеге біреудің күтпеген жерде кіруі, тықылдатуы, бөлме қабырғасының арғы жағында біреудің ән салып жатуы, балалардың оларды қызықтыратын объектіге қарай ыңғайсыз сап түзеуі, тәрбиешінің кей балаға жалпы түсіндіру барысын бұзып жиі-жиі ескерту жасауы, т. б.) тиімді болатындығын айтады. Демек, балалардың назары мен қабылдау жинақылығын қамтамасыз ететін жағдайда ғана үйрету мейлінше тиімді нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет