Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Ептілік және оны дамыту әдістемесі



бет88/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Ептілік және оны дамыту әдістемесі
Адамның жаңа күрделі үйлесімділігін тез меңгеру, өзінің қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алу қабілетілігін - ептілік дейміз. Ептілікті дамыту кезінде біз мынадай үш міндетті орындауымыз керек:
1. Күрделі қимыл-қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін күрделілендіре отырып жетілдіру.
2. Қозғалыс әрекетін жетілдіру (спорттық қозғалмалы ойындар жағдайында).
3. Берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай алу қабілеттілігін арттыру.
Ептілікті тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған элементтері бар спорттық қозғалмалы ойындар, гимнастика акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан педагог әрбір дене тәрбиесі сабағында 1-2 жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалап үйретіп отыруы қажет. Ептілікті дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында кіргізген дұрыс, өйткені организм болдыра бастағанда ол жаттығулардың нәтижесі аз болады. Ептілікті козғалыс, көру, есту, дене арқылы сезіну анализаторларының екпінді өсуі кезінде дамытқан тиімді. Ептілік-жаңа қозғалыстарды тез игеру қабілеті (тез үйрену қабілеті), тосыннан өзгеріп отыратын жағдайдың талаптарына сәйкес қозғалту қызметін тез өзгерту. Ептіліктің дамуы жүйке жүйесінің бейімділігі, өзінің қозғалысы мен айналадағы жағдайды сезіну және қабылдау қабілеті негізінде жүзеге асады. Қозғау міндетінің табысты орындалуы сол қозғалыстың кеңістік, уақыт және күш компоненттерінің дәлдігімен анықталады. Мектеп жасына дейінгі баланы ептілікке тәрбиелеу қимыл үйлесімін дамытумен, келісімділікпен, дәйекті қимыл жасай білумен байланысты. Ептілік кез келген қозғалыстың (жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, т. б.) қажетті компоненті болып табылады.
Балаларды ептілікке тәрбиелеу үшін негізгі қозғалыстарда дене тәрбиесінің сан алуан жаттығулары пайдаланылады (заттардың арасымен жүру және жүгіру, әртүрлі кедергілерді жоя отырып шығырға кіру, отырғыштың үстімен жүріп келе жатып қарсы кездескен баладан бұрылып кету, заттан секіріп өту және т. б., сондай-ақ лақтыру, доп ойнау секіру, өрмелеу, денені жалпы дамытатын, әсіресе, заттармен және тағы басқалармен жасалатын жаттығулар). Ептілікті жетілдіру үшін ең жақсы жағдай қимыл-қозғалысы көп ойындарда жасалады: бала тез ойлап табу, көз жеткізу, заттардың арасымен ептілікпен жүре білу күтпеген жерден жағдай өзгерген кезде кеңістік және уақыт бағдарының көмегімен қолайлы сәтті пайдалана отырып, инициатива жасау қасиетін көрсетуі керек. Ептілікті жетілдіру үшін заттармен-секіргіш жіппен, доппен, шығырмен, таяқпен және т.с. жаттығуды жақсы жасауға тапсырма беру тиімді болады. Екеу-екеу, шағын топ боп бірлесіп-доппен, құрсаумен, сырықтармен, жіптермен және басқалармен жаттығу жасау пайдалы. Ептілікті дамыту міндеті жаттығуларды жүйелі түрде өзгертіп отыруды немесе жаңалықты қолдап отыру және үйлесімділік қиындығын біршама арттыру үшін олардың жаңа варианттарын қолдануды талап етеді. Баланың қозғалыс дағылары неғұрлым қалыптасқан сайын жаңа қозғалысты игеру жеңілдей түседі және ептілік жетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет