Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Қимыл-қозғалыс ойындары мен арнайы іріктеп алынған жаттығулардың арақатынасы



бет96/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Қимыл-қозғалыс ойындары мен арнайы іріктеп алынған жаттығулардың арақатынасы. Қимыл-қозғалыс ойындары мен арнайы іріктелген жаттығулар өзара байланысты: ойындағы қимыл дағдыларын жетілдіруді баланың қимыл дағдысын шығармашылықлықпен қолдануға дайындығына тән үйрету процесінің үшінші кезеңінің өзіндік жалғасы ретінде қарастыру керек. Н.В.Потехинаның мәліметі бойынша, қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі түрде үйрету балалардың арнайы іріктелген жаттығуларды үйрену кезеңінде игерген шеберліктері мен дағдыларын одан әрі жетілдіруге жеткізеді. Қызықты тапсырмаларды орындауға еліктеушілік балаларға ойын кезінде қимылдың неғұрлым жоғары техникасын игеруге көмектеседі, ол нақ сол қимылдық жаттығуда орындалатын дәрежесінен асып түседі. Қимылды жетілдіруге ұмтылыс баланың ойын міндеттерін мүмкіндігінше жақсы орындауға және табысқа жетуге ұмтылуы болып табылады. Сөйтіп, ойын әрекеттері кезінде бала өзі игерген қимыл дағдысын өз бетінше жаңа, неғұрлым күрделі жағдаятқа (ситуацияға) бейімделумен ұштастыруға үйренеді. Кішкентайлар тобында ойын жаттығулары үйрету мақсатында пайдаланылады. Балаларға нақты, олар үшін қызықты тапсырмалар беріледі - «көпірдің үстімен жүру», «жылғадан секіріп өту», «тысырлатпай, тышқандарша жүгіріп өту». Бұл жаттығулардың бәрі, өзінің мәнін (жаттығу) сақтаумен бірге ойынға тән мәнерге ие және оларды балалар өте құштарлықпен орындайды.
Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарына сипаттама. Қимыл-қозғалыс ойындарын басқару әдістемесі. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі міндеттердің бірі. Ұрпақ бойында жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Әр халық өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Дегенмен, халық (ұлттық) ойындары да тәрбиенің мықты құралы деп танылған. Ойынды оқу-тәрбиеде қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, әр халықтың асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін, дене қимылын дамытатын ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - деген. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды қолдану бала дамуына зор ықпал етеді.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды. Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады. Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Ұлттық ойындардың ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғалымдар көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зерттелеген ғылыми еңбектер хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөлініп қарастырылады:
1.Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары.
2.Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер.
3.Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.
4.Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.
Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгіні Ә.Диваевтың еңбегінен басталады. Ол өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа - спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Ә.Диваев: «Как киргизы развлекают детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады. Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы, дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен атын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
1. Жалпы ойындар.
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар.
3. Ашық алаңқайдағы ойындар.
4. Қыс мезгіліндегі ойындар.
5. Демалыс ойындары.
6. Ат үстіндегі ойындар.
7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы – халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс ғалымы А.Васильев «Игры сартовских детей» атты мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген. Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден келе жатқан дәстүрлі «Гимчук тушты бошимга» ойыны Ташкенттегі сарт балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен жазылған «Перепелиный спорт у Ташкентских сартов» атты мақаласында өзбек халқы ойынының түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері бар «Құстар ойынын» (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі зерттеледі. Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Әсіресе, М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің мәні зор. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған. М.Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды – «Казахские национальные виды спорта и игры» (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойынының ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деректеріне сүйене отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Ғалым негізінен Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын қара халықтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. М.Тәнекеевтің аталған еңбегі таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған, ғылыми тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. М.Тәнекеевтің басшылығымен бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды. Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келеді. Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген. Е.Сағындықовтың авторлығымен жазылған ғылыми монография «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-VІ сыныптарда қазақ халық ойындарын жекелеген классификацияларға топтап, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті өміріндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері» (Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты бәйгеден бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады. Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша, шынайы өмірде баланың аты - бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді». Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысындағы спорттық жаттығуларға И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Хухлаева және тағы басқалар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. И.Давыдов ойын-ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі барлық кездерге заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп тұжырымдайды. Д.Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады. М.Конторович және Л.Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде «Қояндар» (2-3 жастағыларға), «Аңшы мен ит және қояндар» (4 жастағылар үшін), «Торғай мен мысық» (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген. А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан «Физическое воспитание в детском саду» кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, т.б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әртүрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады. Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары ойын тақырыбыда бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды. А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, талдау жасаса, А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған. Бұдан шығатын ой қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде. Ұлттық ойын-салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға - жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы. Сабақ кезінде немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы. Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты- халықтың ұлттық ойындары. Ұлттық ойындарды қолданудың негізгі мақсаты бала бойындағы дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдірумен қатар, оның мінез-құлқы мен адамгершілік қабілеттерін сәби кезеңнен тәрбиелеуге ұлттық ойындардың пайдалы ықпалы бар екендігін көрсету. Тарихының көнелігіне қарамастан – ойын үнемі жаңа, тат баспайтын, ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жатқан сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, дүниеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да – осы ойын. Этнограф ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабамыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. І мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізгі шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық әрекеттерінен бастау алады.«Қазақстан Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-мазмұны туралы: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған», - деп жазылған. Қазақ халқы-ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, тағы басқа қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы «Бәйгені» алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қатысатын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып-күтуге тура келеді, оның ішетін суы мен жейтін жеміне дейін белгілі бір мөлшерге келтіреді.Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол – спорт, ол – өнер, ол – шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы. Қазақтың ұлттық ойындары: асық, ақсүйек, бес тас, көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын табақ ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да ие болды. Көшпелі қазақтар өмір салты - денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа міну өнері жас баланың сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейімделді, соған тырысты. Ойын-сауық – тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзіл-қалжың бола берді. Ойын-сауық қара күш көрсететін озбырлық немесе біреудің намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі, шеберлер өз мәртебесін мойындатып жатады. Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Халқымызда ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының түрі кең таралған.
Мамандар ойындарды төрт топқа бөледі:
1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, ақ сүйек, сиқырлы таяқ, бақай пісті, жылмаң т.б.;
2. Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;
3. Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрік жасырмақ, түйілген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.
4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.
Ойын өнердің түріне, топты ұйымдастыру тетігіне, ұлттың әдеп-ғұрпының қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал етті. Ойын - бір жағы, дене қозғалысы, шыныққан денесінің шеберлігі, бір жағы: көңіл көтеру, дем алу, бір жағы бас қосып бірлесіп, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Ойын - ұрпақтар өмірін үйлестірудің дәстүрлі ән бимен өрнектелген сауық түрі. Ұлттық ойындар жасөспірімдердің ой қабілетін, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырады. Олар үшін ойын – баланың жан-тәнін қоздыратын тартымды қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңістің дәмін тартқызатын жеңімпаздардың мәртебесін көтеретін қолдау тоғысы. Қазақтың ұлттық ойын сауығы достық пен қонақжайлылықтың белгісі және көптің басын біріктірудің кепілдігі. Ұлтымыздың тұғыры мықты болуына ұлттық ойындардың мектепке дейінгі кезеңнен бастап ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бала ойындарының мазмұны байып, түрі өзгеріп отырады. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Сабақта және тәрбиеде, яғни мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда, дене шынықтырудан ұйымдастырылған жұмыс формаларында (оқу іс-әрекеті, ертеңгілік гимнастика, мереке, серуен, т.б.) ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, балалардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары негізделсе, онда балалардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халық мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені бүлдіршіндердің ойнай да, күле де, ойлай да білуі маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет