Сұрақтар мен тапсырмалар 1.Екі жастағы балалардың дене дамуындағы ерекшеліктері қандай?
2.Қимыл-қозғалыс моторикасын дамыту жолдары туралы сіздің түсінігіңіз қандай?
3.Қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырудың ерекшеліктеріне жан-жақты сипаттама беріңіз.
4.Екі жастығы балалардың негізгі қимыл-қозғалыстарын дамыту туралы сіздің ой-пікіріңіз қандай?
5.Екі жастағы баланың күн тәртібіне мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасын (ерте жастағыларға арналған) пайдалана отырып, талдау жасаңыз.
6.Ерте жас топтарына арналған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасын пайдалана отырып, шынықтыру жұмыстарына талдау жасаңыз.
7.Ерте жас топтарына арналған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасын пайдалана отырып, күн тәртібіндегі пәндік іс-әрекет (дене шынықтыру сабақтары) уақытымен, базистік оқу жоспарымен танысыңыз, 2 жасқа арналған дене шынықтырудан оқу іс-әрекетінің технологиялық картасын практика материалдарына, әдістемелік оқу құралдарына сүйене отырып құрып үйрену.
9-дәріс. Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту
Дәріс жоспары
1.Қимыл-қозғалыстарға үйретуге дидактикалық принциптерді қолданудың ерекшеліктері
2.Әдістер мен тәсілдерге сипаттама
3.Әдістердің жіктелуі (көрнекілік, сөйлесу, практикалық, жарыстық, проблемалық, оқыту және тәрбие әдістері)
4. «Оқыту», «тәрбиелеу», «дамыту» ұғымдары және олардың бірлігі
5.Жалпы педагогикалық принциптер
6.Оқыту әдістері және тәсілдері
7.Әдістердің жіктелуі
Негізгі әдебиеттер: Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».
А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011