Сұрақтар мен тапсырмалар Қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгерту және оларды оқыту процесінде балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру заңдылықтары туралы не білесіз?
Сана мен эмоцияның рөлі туралы әңгімелеңіз.
Тапсырманы алға қоюдың, іс-әрекет мотивтерінің, психологиялық бағдардың әсері қандай?
Қимыл-қозғалыс дағдыларының пайда болуына қандай жағдай жасау керек?
Қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгертуде музыканың әсері қаншалықты?
Дене жаттығулары дегенді қалай түсінесіз?
Дене жаттығуларына үйрету кезеңдері мен әдістемесі туралы сипаттаңыз.
11- дәріс. Гимнастика
Дәріс жоспары Гимнастика –дене тәрбиесінің құралы. Гимнастиканың міндеттері
Гимнастика түрлері (жалпы денені дамыту гимнастикасы, негізгі гигиеналық гимнастика, спорттық бағыттағы гимнастика-спорттық гимнастика, акробатика, көркем гимнастика, гимнастиканың қолданбалы түрлері-спорттық қолданбалы, кәсіптік қолданбалы, емдеу гимнастикасы) және олардың сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде гимнастиканы қолдану. Негізгі гимнастиканың маңызы. Жалпы дамытатын жаттығулар. Сапта тұру жаттығулары
Негізгі әдебиеттер: Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».
А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011