Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту



бет1/4
Дата01.02.2023
өлшемі18,78 Kb.
#64324
  1   2   3   4
Байланысты:
тілін дамыту


Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту
Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені, тіл – адамдардың бір - бірімен пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол қоғамдағы, еңбек процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған.
Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез - құлқының белгілері бейнеледі.
Тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби шағынан іске асатын, келе - келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»: «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру», - делінеді.
Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған.
Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту - тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», - деген болатын.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика мен «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана - сезімін, ой - өрісін жетіле түсуіне негіз болады.
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым - қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс - әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі
Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі – топпен жұмыс істеу болып табылады. Топтардың толымдылығы – 8-12 адамнан артық болмау керек. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері 4-5 жастағы балаларға — аптасына 1 рет, ұзақтығы 20-25 минуттан, ал 5-6 жастағы балаларға — аптасына 2 рет, ұзақтығы 25-30 минуттан жүргізіледі. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында алынған білім барлық режимдік кезеңдердің үдерісінде күнделікті: сәлемдесу, киіндіріп шешіндіру, тамақ ішу, ұйқыға дайындық, ойындар мен серуендер барысында бекітіледі.
Әдістемелік құралдың педагогикалық пайдалылығы – мектеп жасына дейінгі балаларға тілдердің үштұғырлығын үйрету көптілді тұлғаның негізін қалыптастырудағы алдын-ала маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылуында болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы әдістемелік құралының мазмұны негізінде балалардың үйреніп жатқан тілдерінде сөздердің, дыбыстардың, сөйлемдердің дұрыс айтылуы қалыптасады, сөздік қоры жинақталады, ана тіліндегі және басқа тілдегі сөзді түсіну мен қабылдау және жеңіл диалог құруға қатысу біліктері қалыптасады.
Әдістемелік құралдың педагогикалық маңыздылығы мектеп жасына дейінгі балалардың заманауи қоғамдағы жалпы қолданылатын тілдердің негізін меңгерумен шарттастырылады. Тек қана ана тілі емес, сонымен қатар ұлтаралық қарым-қатынастағы шет тілдерінің ауыз екі сөйлеу тілін меңгеру тұлғаның зияткерлік, эмоционалдық және адамгершілік дамуымен тығыз байланысты.
Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты – үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5–10 минуты үш тілде жүргізілетін жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет