Бағдарламаның мақсаты
•
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
мазмұнын
жаңарту
шеңберінде
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері
•
1) мектеп жасына дейінгі балаларды зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамытуда инновациялық
технологиялар мен әдістерді қолданып, үлгілік оқу бағдарламасының білім беру салаларын кіріктіру бойынша
білімдерін кеңейту;
•
2) мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу қызметінің білімдік, тәрбиелік және дамытушылық
мақсаттарының бірлігін қамтамасыз ету және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша білімдерін
жетілдіру;
•
3) балалардың танымдық, әлеуметтік мотивтерін жүзеге асыру және оқу-ойын қызметіне қызығушылықтарын,
ынтасын дамытуда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығын қамтамасыз
ету бойынша білімін жетілдіру;
•
4) мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі балалардың әрекет нәтижелерін бақылаудың негізгі әдіс-
тәсілдері мен тәрбие мен оқыту үдерісіне рефлексия жүргізуді түсіну және қолдану білігін қалыптастыру;
•
5) балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын нығайту мен
сақтауды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдай жасау жөніндегі білімін жетілдіру.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының
білім беру бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде педагогтер
- мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыру және өзінің педагогикалық
қызметін жаңа талаптарға сәйкес іске асыру саласындағы құзыреттілігін
қалыптастырады;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымы жағдайында балалардың сапалы мектепалды
даярлығын қамтамасыз ете алады;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие үдерісін
педагогикалық-психологиялық қолдаудағы педагогтің рөлі туралы түсінігін, оқыту мен
тәрбиелеу әдістері туралы білімін жетілдіреді;
- қазіргі заманғы білім беру үдерісінде 4К моделін: креативтілікті, сын тұрғысынан
ойлауды, коммуникативтілікті дамыту және командада жұмыс істей білуді дамытудың
теориялық аспектілері туралы түсінік қалыптастырады;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнына қойылатын талаптардың біртұтастығын,
мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің жүйелілігі, біртұтастығы,
сабақтастығы мен үздіксіздігі қағидаттарын қамтамасыз ету туралы білімін жетілдіреді;
- білім беру қызметінің нәтижелеріне, оның ішінде баланың жеке дамуына мониторинг
жүргізу әдістері мен тәсілдерін біледі;
- балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың денсаулығын
нығайту мен сақтауды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды
жасау жөніндегі білімін жетілдіреді;
- балаларға арналған заттық-дамытушы ортаны, ойындар мен нәтижелі қызмет түрлерін,
балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас және өзара әрекеттестікті ұйымдастыру
әдіс-тәсілдерін меңгереді.