Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары


Мектепке дейiнгі ұйым қызметінің тәртібi



бет2/3
Дата21.06.2023
өлшемі24,51 Kb.
#102747
1   2   3
Байланысты:
Мектепке дейінгі ұйымд

2. Мектепке дейiнгі ұйым қызметінің тәртібi
14. Мектепке дейінгі ұйымды құрылтайшы құрады және ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдарында тіркеледі. Тіркелгеннен кейін мектепке дейінгі білім беру ұйымы өз қызметінің басталғаны туралы орналасқан орны бойынша құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.
15. Мектепке дейінгі ұйым қызметін тоқтатқан кезде орналасқан жері бойынша құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органды қызметінің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
16. Қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін пайдалану арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылады.
17. Мектепке дейінгі ұйымдар «Білім туралы» Заңның 41-бабы мен осы Қағидалар негізінде өз жарғысын әзірлейді.
18. Мектепке дейінгі ұйымдар:
1) өз жарғысында белгіленген функциялардың орындалуын;
2) балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының толық көлемде іске асырылуын;
4) педагогикалық процесті ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, қабілеттеріне, қызығушылықтары мен қажеттілiктеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.
19. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы штат саны мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.
20. Білімі және біліктілігінің тиісті деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттармен расталған, тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмысқа:
1) медициналық қарсы көрсетілімі бар;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.
21. Мектепке дейінгі ұйымдар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің аумақтық медициналық ұйымдарымен бірлесіп балаларды ағымдық медициналық бақылауды, иммундауды және профилактикалық тексерулер ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, оны мектепке дейінгі ұйымның штатына кіретін медициналық қызметкерлер жүзеге асырады. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтеді.
22. Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды теңгерімді тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Балаларды тамақтандыру жас ерекшеліктерін, жұмыс режимін ескере отырып жүргізіледі, оның жиілігі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне және жарғыға сәйкес айқындалады.
Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің тамақтану мәдениетін қалыптастыруды, оның ішінде пайдалы теңгерімді тамақтануды әрі табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қамтамасыз етеді.
23. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі ұйым басшысы белгілеген тәртіппен білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетеді. Ақылы қызметтер көрсетуден түскен қаражат мамандарға еңбекақы төлеуге, құралдар сатып алуға, тиісті дамытушы орта құруға бағытталады.
24. Отбасы мен баланы әлеуметтiк-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін мектепке дейiнгi ұйымдарда консультациялық пункттер құрылады.
25. Мектепке дейiнгi ұйымдарды басқару дара басшылық және алқалық басқару қағидаттарында құрылады. Алқалық басқару нысандары педагогикалық, қамқоршылық кеңестер болып табылады.
26. Мектепке дейінгi ұйымды тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады. Мектепке дейінгі ұйым басшысы:
1) мектепке дейінгі ұйымның атынан әрекет етеді, барлық мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда оның атынан өкілдік етеді;
2) қаражатқа иелік етуші болып табылады, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банктерде есептік және басқа да шоттар ашады;
3) өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады, жаза қолданады;
4) кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару құқығын пайдаланады;
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының талаптарына, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту-тәрбиелеу процесін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;
6) балалардың мүдделерін, отбасы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қосымша көрсетілетін қызметтерді ұйымдастырады;
7) баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде ата-анасын немесе заңды өкілдерін жарғымен, қабылдау тәртібі мен оқыту-тәрбиелеу процесін және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін құжаттармен таныстырады, ата-аналармен немесе заңды өкілдермен шарт жасасады;
8) мектепке дейінгі ұйымға бекітілген мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
27. Мектепке дейінгі ұйымның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
1) тәрбиеленушілердің, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын бұзғаны;
4) тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты нысаналы пайдаланбағаны үшін;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптардың өзге де бұзылғаны үшін жауапты болады.
28. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері мектепке дейінгі ұйым дербес әзірлейтін ішкі тәртіп қағидаларында және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында нақтыланады. Бұл ретте көрсетілген актілерде тіркелетін құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Заңға, өзге де заңнамалық актілер мен мектепке дейінгі ұйым жарғысына қайшы келмеуі тиіс.
29. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынас баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі.
Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану жиілігі, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі және ұсыну мерзімі, мектепке дейінгі ұйымда баланы күтіп-бағу ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге де жағдайлар айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет