Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың ТҮрлері әдістемелік ұсыныс түсіндірме жазба



бет1/6
Дата03.12.2023
өлшемі45,53 Kb.
#132995
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
МДҰ ата аналармен жүрг әдісиемелік нұсқау


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АТА-АНАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Еліміздің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі баланың тұрғылықты мекен жайына, әлеуметтік жағдайына және денсаулығына қарамастан оған мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланы кешенді тәрбиелеу отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы тығыз ынтымақтастықта іске асады. Егер отбасы мен мектепке дейінгі ұйымда балаға қойылған талаптар келісілмесе, онда жақсы дағдылар мен қасиеттерді тәрбиелеу қиынға соғады. Қазақстандық ғалым-психологтар Ж.И. Намазбаева, Л.С. Пилипчук, С.Ж. Омирбекова, Л.О. Сарсенбаева, Т.М. Шалгимбаев, , К.М. Арымбаева және шетелдік ғалымдар А. И. Захаров, А. Н. Демидова, О.Л. Зверева, Е. П. Арнаутова және басқаларының арнайы психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік зерттеулері отбасына мектепке дейінгі жастың барлық кезеңдерінде мамандар көмегінің қажеттігін дәлелдеді.


Сонымен бірге баланың толыққанды дамуы үшін өзіндік ерекше қызметтерге ие мектепке дейінгі ұйым және отбасы бір-бірімен өзара тиімді ықпалдастықта болуы қажет.
Бұл мәселенің өзектілігі – мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналарды мектепке дейінгі ұйыммен белсенді ықпалдастыққа баулу.
Мақсаты – мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне ата-аналарды тартуда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының арасындағы ықпалдастықтың заманауи түрлері мен әдістерін қолдануда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету;
- ата-аналарды мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктерімен таныстыру;
- ата-аналарды мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатысуға тарту;
- отбасылық тәрбиенің үлгілі тәжірибесін, жақсы отбасылық дәстүрлерді тарату.
Әдістемелік ұсынымдардың құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады: «Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы өзара ықпалдастықты ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс түрлері».
Ата-аналармен заманауи жұмыс түрлерін қолдану мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен ата-аналардың бірлескен еңбегімен балаларды әлеуметтік- мәдени нормаларға, мемлекеттің, қоғамның және отбасының дәстүрлеріне тартуға ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет