Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді үйрету



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата30.12.2016
өлшемі0,58 Mb.
#813
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА  

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕТУ  

_________________________________________________ 

 

БАҒДАРЛАМА 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

АСТАНА  


2015 

 


 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 

 

 

 

Пікір жазғандар:  

А.Ж. Салиева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент   

А.Д. Смакова, меңгеруші 

Г. Кульджанова, әдіскер 

 

 



 

Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді үйрету: бағдарлама. – Астана,  

2015 жыл. – 32 б.  

 

Бағдарлама мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес әзірленген. 

Бағдарлама мектепке дейінгі жастағы балаларға негізгі тілдік дағдыларды меңгертуге және 

әлеуметтік ортада мемлекеттік тілде қарым-қатынасқа қабілетті тұлғаны қалыптастыруға 

бағытталған.  

Бағдарлама мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне, тәрбиешілеріне 

және қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге, педагогикалық жоғары оқу орындары 

мен колледждерінің студенттеріне арналған. 



 

Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді үйрету бағдарламасы «Мектепке дейінгі 

балалық  шақ»  республикалық  орталығының  ғылыми-әдістемелік  кеңесінде  (2015  жылғы                         

4 наурыздағы №2 хаттама) ұсынылды.  

  

 

 

 



                                                                                        «Мектепке дейінгі балалық шақ» 

 

 



    республикалық орталығы, 2015 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 



 

Бағдарлама  «Қазақстан  Республикасындағы  тіл  туралы»  1997  жылғы  11 

шілдедегі  Қазақстан  Республикасының  Заңына;  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан 

Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан 

Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасына,  Қазақстан  Республикасы  мектепке 

дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 

әзірленді. 

Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:  «Біз 

барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ 

тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек» - деп атап 

көрсеткен.  Қазіргі  таңда  адамзат  қоғамына  ғылыми  жаңалықтар  мен 

инновациялық  технологиялар  өте  маңызды.  Сондықтан  бүгінгі  күннің  басты 

талабы мектепке дейінгі ұйымдарды жаңа бағдарламалармен, технологиялармен 

қамтамасыз ету арқылы білім сапасын арттыру. Осыған орай, мектепке дейінгі 

тәрбие  мен  оқыту  жүйесіне  «Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  мемлекеттік  тілді 

үйрету» бағдарламасы әзірленді.  

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры болғандықтан, 

заман  талабына  сай  еліміздің  білім  беру  жүйесінің  алдына  да  жаңа  міндеттер 

жүктеліп отыр. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен 

қатар,  оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен  түрлі  құралдарын  қолданудың  тиімділігін 

арттыру. Елімізде мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне меңгерту қатысым әдісі 

арқылы  қолға  алынған  болатын  және  бұл  оң  нәтиже  беріп  отырғандықтан 

аталған бағдарламада балаларға мемлекеттік тілді үйрету осы әдіс арқылы қолға 

алынды.  Бұл  әдіс  туралы  профессор  Ф.Оразбаева  мынадай  анықтама  береді: 

«Қатысымдық әдіс – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы 

жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас 

пен  әдістемелік  категорияларына  тән  басты  белгілер  мен  қағидалардың 

жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-

қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі».  

Қатысымдық  ұғым  −  коммуникация  латын  тілінен  аударғанда 

(Communicatio  -  байланыс,  қатынас)  араласу,  ойлармен,  идеялармен, 

деректермен  бөлісу  деген  мағына  береді.  Сондықтан  коммуникативтік  әрекет 

танымдық  қызмет  арқылы  тілдің  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Адамдар 

ақпаратты  жай  қабылдап  қана  қоймай,  түсініп,  терең  сезінгенде  ғана  ортақ 

мәмілеге  келу,  тіл  табысу  жүзеге  асады.  Қатысымдық  әдіс  – іс-әрекет,  қарым-

қатынас, танымнан тұрады. 

Ал таным − балалардың жаңа білімді игеру үдерісі. Түсіндірме сөздіктерде 

“таным  –  білімге  қол  жеткізу,  тиісті  білімді  алу”,  “тану  –  заттардың  пайда 

болуын, маңызын білдіреді” деген анықтама береді.  

Таным – баланың ерте жастан бастап, жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани 

байлығының өсуі. Тіл үйрету барысында балалардың дүниетанымын  кеңейту – 



 

сол  халықтың  әдет-ғұрпы,  салт-санасы,  мәдениеті,  тарихы,  әдебиетін  үйреніп, 



зерттеп-білумен  тікелей  байланысты.  Демек,  таным  –  ақиқатқа  жету,  бұрын 

таныс емес шешімдерді іздеу, жаңалық ашу дегенді білдіреді. 

Бұл  әдіс  бойынша  тілді  меңгерту  −  балалардың  сөз  мағынасын 

қабылдауына, пайымдауына, танымдық ерекшеліктерін ескеруге, олардың түрлі 

өмірлік  жағдаяттарда  өз  ойын,  пікірін  еркін  жеткізуіне  үлкен  көмек  береді. 

Демек,  қатысым  әдісі  арқылы  тілді  жылдам,  әрі  сапалы  меңгертуге,  оны  кез 

келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге  жеткізуге болады. 

Сондықтан, бұл әдістің негізгі мақсаты − тіл үйренушілерді сөйлесім әрекетіне 

баулу арқылы тілін дамыту.  

Бағдарлама негізінде мектепке дейінгі жастағы балаларды алғашқы тілдік 

білім  негіздерімен  тәрбиелеу,  тіл  арқылы  қарым-қатынас  жасау  қызметінің 

барлық дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгерту.  



Тыңдалым  –  дыбысталып  жатқан  сөйлеуді  бір  сәтте  қабылдау  қызметі. 

Тыңдалым  баланың  сөйлеу  әрекетінің  дамуына  көмектеседі.  Бала  тыңдалым 

арқылы жаңа тілдік, сөйлеу және елтанымдық материалдармен танысып, сөйлеу 

әрекетінің барлық түрлеріне қатысты дағдысы мен шеберлігін дамытады. 



Оқылым  –  мәтіндегі  жазылған  ақпаратты  мұғалімнің  көмегімен  алуға 

бағыттау.  Жалпы  алғанда,  оқылым  –  тілді  меңгерудің  бір  тәсілі,  сөздік  қорды 

көбейтудің  құралы;  оқылым  –  грамматикалық  құрылымдарды  есте  сақтауға 

мүмкіндік береді; сол тілде сөйлеуге, айтылымды жетілдіруді қамтамасыз етеді. 



Айтылым – қабылдау және сөйлеудің туу үдерісімен байланысты. Барлық 

адамның сөйлеу ағзалары бірдей болғанымен, артикуляциялық базасы түрліше. 

Мұнда  орфоэпияға  көп  көңіл  бөлген  жөн,  өйткені  қазақ  тіліндегі  сөздердің 

барлығы жазылуына қарай айтыла бермейді. 



Жазылым  –  айтылған  мәтіндегі  сөздер  мен  сөйлемдерді  сауатты  жазуға 

бағытталады. Жазылым арқылы балалардың сөздік қорын көбейтуге болады.  

Демек,  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  қазақ  тілін  оқыту  барысында 

бала қарапайым сөйлеу дағдыларының 4 түрін − айтылым, тыңдалым, оқылым 

және жазылымды білуге міндетті.  

1.  Оқылым:  дауыс  ырғағын  дұрыс  келтіру,  оқылған  мәтіннің  мазмұнын 

түсіну.  

2. Жазылым: заттарды түстеріне сәйкес бояу. 

3.Тыңдалым:  тақырып  бойынша  монологтік  және  диалогтік  сөйлеуді 

меңгеру.  

4. Айтылым: өз ойын, пікірін жеткізу, сұрақтар қоя білу және оларға жауап 

қайтара білу. 

Лексикалық тақырыптар бойынша:  

1) ойын дұрыс жеткізе білу, оң немесе теріс жауап бере білу;  

2) өзі жайлы, отбасы жайлы әңгімелеп, ойын дұрыс айта білу;  

3) табиғаты, өзінің қызығушылығы туралы әңгімелеп айта білу;  

4) сұрақтар қоя білу және жауап бере білу. 

Педагог  мамандардың  мақсаты  бағдарлама  негізінде  мектепке  дейінгі 

жастағы  балаларға  қарапайым  сөйлеу  дағдыларының  −  айтылым,  тыңдалым, 


 

оқылым және жазылым түрлерін меңгерту арқылы сөздік қорын дамыту, тілдік 



дағдыларын қалыптастыру.  

Бағдарламада  қатысым  әдісі  арқылы  балалардың  жас  ерекшелігіне  қарай 

тілдік дағдыларын қалыптастыру, айналадағы дүниеден алған әсерін кеңейту, бір 

арнаға  түсіру  көзделіп  отыр.  Бағдарламадағы  күнтізбелік  тақырыптық  жоспар 

негізінде  берілген  материалдар  аясында  тілді  меңгерту  жұмыстары 

ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.  

Мектепке дейінгі жастағы балаларға тілді үйретудегі оқу іс-әрекеттеріндегі 

барлық жұмыс түрлерінің жан-жақты  орындалуы, ұйымдастырылуы педагогтың 

біліктілігі мен  әдістемелік  шеберлігіне  байланысты. Уақыт талабына сай, білім 

беруді  одан  әрі  жетілдіру  мәселесі  толассыз  дамыған  тұста  мемлекеттік  тілді 

меңгертуде  балалардың  коммуникативтік,  танымдық  және  басқа  да 

белсенділіктерін арттыру жолдарын басты назарда ұстау өте маңызды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 



 

Мақсаты:  Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  ерте  жастан  мемлекеттік 

тілді меңгерте отырып ауызекі сөйлеуге үйрету.  



 

Міндеттері:  

-

 



мектепке дейінгі жастағы балаларға ерте жастан мемлекеттік тілді үйрету 

арқылы тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру; 

-

 

тілдің  құдіретін  және  оның  эстетикалық  құндылығын  сезіндіру  арқылы 



қазақтың  ұлттық  мәдениетінің  бір  бөлігі  мемлекеттік  тілді  құрметтеу  және 

мақтаныш ету сезімдерін ояту;  

-

 

тілдік ұғымдар арқылы балаларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде 



сезінуге тәрбиелеу;  

-

 



ауызекі тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;  

-

 



тілдік  материалдар  негізінде  қажетті  тілдік  білім-білік,  дағдыларды 

түсініп, мазмұндап айтуға дамыту;  

-

 

тілді  меңгертуде  инновациялық  технологиялар  мен  әдістерді  тиімді 



пайдалану. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ КЕЗЕҢДЕРІ БОЙЫНША ҚР ЖМББС СӘЙКЕС БАЛАЛАРҒА 



МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕТУДІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 

 

Балалардың  сөздік  қорларын  дамыту,  әрі  оларды  күнделікті  іс-әрекет 

кезіндегі  тілдік  қарым-қатынаста  еркін  қолдануға  жаттықтыру  жолдары 

бағдарламада жас ерекшеліктеріне қарай жүзеге асырылады.  

Балалардың жас ерекшеліктерін білу педагог үшін баланың жеке басының 

ерекшелік қасиетін дұрыс қалыптастыруға, оның күш қуатын және ақыл-ойын 

дұрыс  бағалай  білуге  үлкен  мүмкіндік  туғызады.  Педагогика  ғылымының 

көрнекті қайраткері Н.К.Крупская: «Педагог, біріншіден, не білуі тиіс, − ол адам 

денесінің  құрылысы  мен  қызметін  яғни,  адам  денесінің  анатомиясы  мен 

физиологиясын және оның дамуын. Онсыз жақсы педагог болуға, баланы дұрыс 

өсіріп, тәрбиелеу мүмкін емес» деген. 

Балалардың жас кезеңдеріне тәуелді морфологиялық және физиологиялық 

ерекшеліктерді  білу,  оны  тәрбие  жұмыстарында  тиімді  пайдалану  −  әрбір 

педагогтың міндетті ісі. 

Ұлы ақын Абай Құнанбаев: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, 

көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан 

білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - деп баланың білімді болуы 

ақылына, санасына, зейініне байланысты болатынын айтады.   

Әсіресе,  жас  мамандардың  педагогтік  шеберлігінің  дұрыс  қалыптасуында 

баланың жас ерекшеліктеріне тән қабылдау және ойлау процестері, оның жеке 

басының даму заңдылықтары жөнінде білу өте маңызды. Бала өмірінің екінші 

жылында  сөйлейді,  жүре  бастайды,  заттармен  әрекет  жасаудың  қарапайым 

тәсілдерін меңгереді. Ол әлі де ересектердің көмегін қажет етеді, бірақ сәбилерге 

қарағанда, осы жастағы балаларда талпыныс, ересектерге түсіндіре білуге деген 

ұмтылыс пайда болады.  

2  жаста  бала  айтарлықтай  қарқынды  дами  бастайды.  Бала  ересек 

адамдардың тілін түсіне бастайды және сөйлеу қабілеті, сенсорлық дамуы, ойнау 

кезіндегі заттармен әрекеттері, қимыл-қозғалыстары да дербес дамиды. Дамудың 

бұл  бағыттары  осы  жаста  ерекше  маңызды,  өйткені  олар  едәуір  күшті  болып 

табылады  және  жағымсыз  факторлар  әсеріне  (нашар  анамнез,  аурушаңдық, 

педагогикалық әсерлердің жетіспеушілігі және т.б.) аз ұшырайды.  

Екі жас − тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық 

байқалатын тіл дамытудағы «сенситивті» кезең болғандықтан бала екі жасында 

ересек адамдардың сөздері мен сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды. 

Оның  белсенді  сөздік  қоры  өседі,  бала  тілдің  грамматикалық  құрылысын 

меңгереді, сөйлемдерді қолдана бастайды. 

Тілді түсіну біртіндеп болатын процесс.  

Демек, бұл процестің дамуы үшін бір жарым жасқа дейін заттар, қимылдар 

мен  олардың  атаулары  арасындағы  байланыс  қарқынды  орнай  бастайды,  бұл 

байланыстар  алдымен  әлсіз  болады,  оларды  нығайту  үшін  арнайы  жағдайлар 

қажет.  Жекелеген  анализаторлардың  (қозғалыс,  көру,  есту  қабілеттері) 

арасындағы  байланыс  берік  болмағандықтан  бала  ересектерді  түсінгенімен, 

оларға назар аудармауы мүмкін. 


 

Бірінші жартыжылдықта баланың тілі қарқынды дамиды, сөйлеуге еліктеу 



қабілеті жетіледі, былдыры күрделенеді және бір жарым жасқа қарай сөздік қоры 

30-40 сөзге жетеді.  

Екінші  жартыжылдықта  тілі  белсенді  дамып,  сөздік  қоры  200-300  сөзге 

дейін  артады.  Бала  тілінде  зат  есімдердің  септік  және  көптік  жалғаулары, 

етістіктің бұйрық райы мен өткен шақ пен келер шақ түрлері пайда болады. Бала 

кейбір дауыссыз дыбыстарды дұрыс айта бастайды.  

2 жастың соңына қарай тіл өзінің негізгі қызметі − қоршаған ортамен қарым-

қатынас қызметін атқара бастайды. Бала тілді, ең алдымен, ересек адамдармен 

әңгімелесуде қолдана бастайды. Бұл жастағы балалар суреттегі өздеріне жақсы 

таныс  қарапайым  сюжеттерді  түсінеді,  сонымен  қатар,  ересектердің  кейбір 

сұрақтарына да жауап бере бастайды. Бала үшін тіл қоршаған ортамен қарым-

қатынас  жасау  құралы,  ал  ересектердің  тілі  балаларды  тәрбиелеудің  негізгі 

құралы болып табылады.  

Балалар ойын арқылы заттармен әрекет жасай бастайды,  алмалы-салмалы 

ойыншықтармен  ойнайды,  текшелерді  бірінің  үстіне  бірін  қояды,  пирамида 

діңгегінен  шығыршықтарды  алып,  қайта  кигізеді.  Заттармен  әрекет  жасай 

отырып,  олардың  қасиеттерімен  танысады.  Еліктеу  қабілеттері  мен  қол 

қимылдарының  үйлесімді  дамуының  арқасында  біртіндеп  күрделі  сипатқа  ие 

болады.  Бала  кірпіштерді  қырымен  қояды,  қоршау  жасайды,  таныс  заттарды 

(поезд,  орындық)  атайды  және  тағы  басқа  заттарды  қолдана  отырып, 

салыстыруға, теңестіруге үйренеді. Демек бала ойын барысында іс-әрекетті ой 

арқылы жүргізеді.  

2 жастың соңына қарай бірізділікті қажет ететін сюжеттік ойындарды ойнай 

бастайды.  Келесі  жартыжылда  ойын  едәуір  тұрақты  бола  бастайды,  бала  бір 

затпен әртүрлі іс-әрекеттер орындайды. Егер бір жарым жасқа дейін бала бір іс-

әрекетпен  2-4  минут  айналысса,  екі  жасқа  қарай,  өз  әрекетін  сөзбен  түсіндіре 

отырып,  5-7  минутқа  дейін  айналысады.  Біртіндеп  ойын  барысында  ойлау 

қалыптасады. Бала ойында ауыстырғыш заттарды қолдану арқылы ересектердің 

қимылына еліктейді, өзінің іс-әрекетін басқа жағдайға ауыстыра алады. Балада 

осылай көрнекі-қимылды ойлау қабілетінің негізі қалыптаса бастайды.  

Ересектер  балаларға  белгілі  талап  қойып,  оларды  орындауға  көмектеседі. 

Өзін-өзі  ұстаудың  қарапайым  ережелерін  орындап,  ұқыптылықты  сақтауға 

үйретеді.  Белгілі  міндеттерге  сәйкес  үй  тұрмысындағы  заттарды  қолдана  білу 

біліктері қалыптасады, сонымен қатар кейбір тұрмыстық заттарды қолдана білу 

қабілеттері дамиды. Баланың

 

еліктеу қабілеті − мінез-құлқын жетілдіруде, тілді 



меңгеруде және ойын әрекеттерін дамытуда ерекше маңызды орын алады.  

Екі  жаста  негізгі  қимылдардың  барлық  түрлері  жетіледі.  Сонда  да  кейбір 

анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерге байланысты: бұл жастағы баланың 

аяқтары  қысқа,  басы  үлкен,  денесі  ұзын;  қимылдарды  үйлестіру  мен  сыртқы 

белгілерге сәйкес ауыстыру іскерліктері жеткіліксіз болады.  

Екінші жылдың басында жүру әлі де жеткілікті үйлеспейді: балаға түзудің 

бойымен  жүріп  өту  қиын,  шөп,  тас,  төбешіктер  мен  ойлар  күрделі  кедергілер 

болып  табылады.  Балаларға қоршаған ортадағы қимылдармен өзінің қимылын 



 

сәйкестендіру, кеңістікке бағдарлану қиынға соғады, заттарға шалынып, басқа 



балалармен  соқтығысып  қалуы  мүмкін.  Бала  өз  қимылын  жолда  кездесетін 

кедергіге сәйкестендіре алмайды.  Мысалы,  босағаны немесе  ойыс  жерді  аттап 

өту үшін аяғын ерте көтеріп қояды. Екінші жылдың бірінші жарты жылдығында 

баланың жүрісі жетіле түседі, бала тегіс еденде, далада, шөптің үстінде жақсы 

жүре  бастайды,  төбешіктерге  өрмелейді,  үлкендердің  көмегімен  сатылардан 

өтеді.  Сонымен  қатар  кез  келген  затты  лақтыру  мен  өрмелеу  қимылдары  да 

жетіле  бастайды.  Балалар  төбешікке,  диванға,  орындыққа  өрмелеп,  түрлі 

кедергілерден (бөрене, орындық) асып өтеді, олардың қимылдары үйлесімді, епті 

бола  бастайды.  Біртіндеп  балалар  өздерінің  қимылдарын  басқа  балалардың 

қимылдарымен  сәйкестендіріп,  қимыл-қозғалыс  дағдыларын  жақсы  меңгере 

бастайды. 

Балалар заттарды ауыстырып, олармен түрлі қимылдар орындағанды жақсы 

көреді.  Қимылдардың  қарапайым  түрлерін  меңгеруіне  байланысты  заттар  мен 

олардың  қасиеттерін  (пішіні,  көлемі,  түсі,  т.б.)  қабылдау  қабілеттері  жетіледі. 

Бала таныс заттарды өлшемі, реңкі мен орналасу орнына қарамастан тани алады. 

Алғашқы  көрнекті  жалпылауы  дамиды.  Белгілі  түсі,  пішіні,  өлшемі  бойынша 

заттарды іріктей алу қабілеттері пайда болады. Балалар өздерінің іс-әрекеттерін 

қабылдайтын заттардың қасиеттеріне, олардың пішініне, өлшеміне, кеңістіктегі 

орнына бейімдеуге үйренеді.  

Екі  жастағы  бала  музыка  мен  көркемсөзге  әуес  келеді.  Балалар  би  және 

байсалды  орындалатын  музыканы  әртүрлі  қабылдайды.  Қарапайым  ән  айту 

ырғақтары  пайда  болады,  жеке  буындарға  қосылып,  ырғақты  қайталайды. 

Қимылдарын  музыкамен  сәйкестендіру  қабілеттері  дамиды,  қарапайым 

ырғақтылығы пайда болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі болады.  

Француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, 

оның үстінде шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол 

сияқты,  өзің  қалай  тәрбиелесең,  ол  солай  тәрбиеленеді»  деген.  Сондықтан 

мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар үшін тәрбие жұмысында әр баланың 

дамуын, жеке ерекшеліктерін ескеру аса маңызды рөл атқарады.

 

 



Аталған  бағдарлама  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  жас 

ерекшеліктеріне  сәйкес,  олардың  жеке  дамуына,  танымдық  және  тілдік 

әрекеттеріне негізделіп құрылғандықтан осы жастағы балалардағы дыбыстардың 

пайда болу заңдылықтарына тоқталайық.  

Ресейдің  зертеуші  ғалымы  педагог,  психолог  А.Н.Леонтьев  бала  тілінің 

дамуын 4 кезеңге бөлген: 

І кезең – дайындық – 1 жасқа дейін; 

ІІ кезең – тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі – 3 жасқа 

дейін; 

ІІІ кезең – мектепке дейінгі кезең – 6 жасқа дейін; 



ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін. 

Артикуляцияның бірінші түрі дыбыстардың пайда болу заңдылықтарында 

ең алдымен балаларда жабысыңқы-жарылғыш (еріндік (п, п', б, б'), тіл алды (т, 

т', д, д') және жабысыңқы-өткізгіш (еріндік (м, м'), тіл алды (н, н', л, л')) дыбыстар 



10 

 

пайда  болады  екен.  Еріндік  дыбыстардың  алдымен  пайда  болу  себебі  1-ден  2 



жасқа  дейін  балаларда  еріндер  ең  белсенді  және  қозғалмалы  болып  келеді.  2 

жасында  [п],  [п'],  [б],  [б'],  [т],  [т'],  [д],  [д'],  2,5  жасында  [м],  [м'],  [н],  [н'],  [ң] 

дыбыстары шықса, ал [л], [л'] дыбыстары 3,5 жасқа қарай ғана пайда болады. 

Артикуляцияның   екінші 

түрі 

балада 


саңылаудың 

(артикуляция 

мүшелерінің белсенділігі) пайда болуына негізделеді. Саңылаулы (фрикативті) 

[ф], [ф'], [в], [в'] (еріндік-тістік) дыбыстары 1 жыл 8 айдан 1 жыл 10 айға дейінгі 

аралықта пайда болады. Ал [с], [с'], [з], [з'] (тіл алды) дыбыстары 2 жыл 2 айда 

шығады. 2,5 жасқа қарай  [о] (тіл ортасы), 2 жыл 6 және 2 жыл 7 айларында [х], 

[х'],  [һ]  (тіл  арты),  2  жастың  аяғына  қарай  [к],  [к'],  [г],  [г'],  [қ],  [ғ]  дыбыстары 

пайда болады. 3 жасқа қарай балаларда барлық дыбыстар толық қалыптасады. 

Бірақ олар басқа дыбыстармен алмасуы мүмкін. 

Артикуляцияның  үшінші  түрі  –  аффрикаттар.  Ол  2-жастың  аяғына  қарай 

пайда  болып,  жабысыңқы  мен  саңылаудың  тез  ауысуынан  шығады.  Бірінші 

аффрикат [ц] ([т] мен [с] дыбыстарының қосындысы) 2 жыл 4 ай және 2 жыл 6 

айларында,  4  айдан  кейін  екінші  аффрикат  [ч]  ([т]  және  [щ]  дыбыстарының 

қосындысы), яғни 2 жыл 8 ай және 2 жыл 10 айларында пайда болады. 

Жұмсақ  дыбыстарды  айту  қосымша  тіл  арқасындағы  ортаңғы  бөлігінің 

таңдайға көтерілуін талап етеді. Артикуляцияның мұндай түрі палладализация 

(Palladio-таңдай)  деп  аталады.  2  жасында  баланың  тілі  физиология  жағынан 

қарағанда  ауыз  қуысының  түбінде  жатады.  Ал  3  жасқа  қарай  тіл  көтеріле 

бастайды.  Алдымен  қатты,  содан  кейін  жұмсақ  дыбыстар  пайда  болады.  2,5 

жаста  тіл  астына  түседі,  яғни  тіл  арқасының  ортаңғы  бөлігі  автоматты  түрде 

көтеріліп, басқарылуы мүмкін. Сондықтан бала дыбыстардың қатты да, жұмсақ 

та түрлерін айта алады. 2 жыл 8 ай және 2 жыл 10 айларында балада жұмсақ және 

қатты дыбыстардың дифференциациясы қалыптасады.  

Артикуляцияның  ең  ауыр  және  соңғы,  төртінші  түрі  келесі  кезеңде 

көрсетіледі. 

2 және 3 жаста балада сөздік қордың жиналуы байқалады. Яғни, 1 жыл 6 

айға қарай – 10-15 сөз; 1 жылдың аяғына қарай – 300 сөз (6 ай ішінде 300-ге жуық 

сөз); 3 жасқа қарай 1000-ға жуық сөз (яғни бір жыл ішінде 700-ге жуық сөз). 

Сөздің мағынасы нақтылана бастайды. 3 жасқа қарай балада сөйлеу тілінің 

грамматикалық құрылымы қалыптаса бастайды. 

Ең  алдымен  бала  өз  тілегін,  өтінішін  бір  сөзбен  айтады.  Кейін  арасында 

байланысы  жоқ  қарапайым  сөз  тіркестерін  қолданады.  Одан  әрі  сөздер 

арасындағы байланыс элементтері және сөйлемдегі сөздердің бағынуы біртіндеп 

пайда болады. 

2 жасқа қарай балалар зат есімнің жекеше және көпше түрлерінің, етістіктер 

шақтарының формаларын қолдану дағдыларын меңгере бастайды, кейбір септік 

жалғауларын  қолданады.  Осы  кезде  ересектердің  сөйлеуін  түсінуі  дыбыстау 

мүмкіншілігінен біршама асып түседі. 

Мектепке  дейінгі  (3-тен  7  жасқа  дейін)  кезеңдегі  артикуляция  түрлеріне 

қарай отырып, яғни дыбыстардың пайда болуын байқауға болады. 



11 

 

Артикуляцияның  төртінші  түрі  –  діріл  (вибрация).  Ол  тіл  арқасындағы 



ортаңғы бөлігінің және тіл ұшы бұлшық еттерінің қалыптасуында ғана ([р], [р'] 

дыбыстарын дұрыс айту), яғни 4 жаста пайда болады (қалыпты дамыған балада 

2 ай ерте немесе кеш дамиды). 

Мектепке  дейінгі  кезеңде  балалардың  көбінде  дұрыс  емес  дыбыстау 

байқалады.  Ысқырық,  ызың,  үнді  дыбыстарды  айту  кезінде,  сирек  жұмсарту, 

қатаңды ұяңға айналдыру, тіл кемістіктерін байқауға болады. 

4-тен 5 жасқа дейін бала барлық дыбыстарды меңгеру және олармен дұрыс 

қолдану  қажет.  Егер  де  бала  дыбыстарды  бұрмаласа,  онда  оған  арнайы  көмек 

керек, яғни арнайы түзету. Дыбыстардың бұрмалануы әр жаста дизонтогенездің 

белгісі болып келеді.  

3 және 7 жас аралығында балада өзінің дыбысталуын есту арқылы бақылау 

дағдысы, кейбір мүмкін болған жағдайда оны түзету білігі қарқынды дамиды, 

яғни фонематикалық қабылдауы қалыптасады. 

Бұл  кезеңде  белсенді  сөздік  қоры  4-6  жасқа  қарай  3000-4000  сөзге  дейін 

жетеді. Сөздің мағынасы одан әрі нақтыланады. Бірақ балалар кейбір сөздерді 

қате  түсініп,  қолданады.  Сонымен  қатар  мұндай  көрініс  «тілді  сезуді» 

куәландырады. Бұл сөйлеу арқылы қарым-қатынас тәжірибесінің өсуін білдіреді 

және  оның  негізінде  тілді  сезінуі,  жаңа  сөздерді  шығару  қабілеті  қалыптаса 

бастайды.   

К.Д.Ушинский  еңбектерінде  тілді  сезінуге  ерекше  мән  берген.  Ғалымның 

зерттеуінен  баланың  сөздегі  екпін  орнын,  грамматикалық  айналымды, 

сөйлемдегі сөздердің байланысу тәртібін еске түсіреді. 

Сөздік қордың дамуымен қатар сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы да 

дамиды. Мектепке дейінгі кезеңде балалар байланыстырып сөйлеуді меңгереді. 

3 жастан кейін баланың сөйлеуіндегі мағынасының біршама күрделенуі болады, 

оның  көлемі  ұлғаяды.  Бұл  сөйлем  құрылымының  күрделенуіне  әкеледі.  Ал 

А.Н.Гвоздевтің  анықтауы  бойынша  3  жасқа  қарай  балада  барлық  негізгі 

грамматикалық категориялар қалыптасады. 

4  жастағы  балалар  сөйлеуінде  жай  және  күрделі  сөйлемдерді  қолданады. 

Осы  жаста  дыбыстаудың  аса  таралған  формасы  –  жай,  жайылма  сөйлем  (Мен 

жігітпін.  Мен қуыршаққа әдемі көйлек кигіздім) пайда болады. 

Осы  жастан  бастап  балалардың  сөйлеуі  қысқа  әңгімені  еске  түсіреді. 

Әңгімелесу кезінде олардың сұраққа жауабы сөйлемдердің көп және одан да көп 

сандарын өзіне қосады. 

Балалар  5  жасында  қосымша  сұрақсыз  40-50  сөйлемдерден  тұратын 

ертегінің  (әңгіменің)  мазмұнын  құрастырады.  Бұл  кезеңде  фонематикалық 

қабылдауы  біршама  жақсарады:  алдымен  бала  дауыссыз  және  дауысты 

дыбыстарды,  кейін  жұмсақ  және  қатты  дауыссыз  дыбыстарды,  соңында  үнді, 

ызың және ысқырық дыбыстарды ажырата бастайды. 

4 жасқа қарай қалыпты дамыған бала барлық дыбыстарды ажыратады, яғни 

фонематикалық қабылдауы қалыптасады. 

Демек,  4  жасқа  дейінгі  аралықта  балада  дұрыс  дыбысталу  толықтай 

қалыптасады және бала өте таза сөйлей бастайды. 


12 

 

Мектепке  дейінгі  кезеңнің  аралығында  контекстік  сөйлеу  (жалпыланған, 



көрнекілік  тіректен  айрылған)  біртіндеп  қалыптасады.  Контекстік  сөйлеу  ең 

алдымен  баламен  ертегі,  әңгіме  айтқан  кезде,  кейін  оның  жеке  тәжірибесінде 

болған қандай да бір  жағдайды, оның өзіндік уайымын, әсерін бейнелеу кезде 

пайда болады. 

Демек,  психологтардың  зерттеулері  бойынша  баланың  жас  кезінде 

танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты 

тілді  тез  меңгеретінін,  мектепке  дейінгі  кезеңде  бала  тілді  меңгеруде  ерекше 

сензитивті  болады.  Ал,  егер  де  5-6  жасқа  дейін  ана  тілін  белгілі  деңгейде 

меңгермесе,  бұл  одан  кейінгі  жас  кезеңінде  өз  деңгейінде  болмайтынын 

ғалымдар дәлелдеген. 

Сондықтан,  мектепке  дейінгі  білім  беру  қазақ  тілін  оқытуға  өте  қолайлы 

кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен 

ерекшеленеді:  оларда  өзінің  сөйлеу  тәжірибесін,  тіл  «құпияларын»  байқау 

қызығушылығы  пайда  болады.  Олар  жылдам  берілген  шағын  материалды 

меңгеріп  алып,  оны  өте  жақсы  кері  айтып  бере  алады.  Балалардың  жасы 

қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды. 

Қай заманда да бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің 

коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Сондықтан 

болашақ  жастарымыздың  қабілеттері  мен  дарындарын  ұштастыра  отырып, 

оларды  заман  талабына  сай  мемлекеттік  тілде  өз  ойын  еркін  жеткізе  алатын 

дәреже  жеткізу  керек.  Демек  кез  келген  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті 

барысында елтану материалдарын пайдалана отырып, балалардың ерте жастан 

қазақ  тілін  оқуға  деген  тұрақты  қызығушылықтарын  қалыптастыру  және 

интеллектуалдық дамуына жағдай жасау. 

 

5-6 жастағы балалардағы коммуникативті-тілдік  

құзіреттілігінің дамуы 

5-6  жастағы  баланың  әлеуметтік  даму  ситуациясы  ересектермен  қарым-

қатынас  жасау  ситуациясынан  тыс  −  жеке  тұлғалық  түрінің  пайда  болуымен 

ерекшеленеді. Дамудың алдыңғы кезеңінде қатынас мазмұны ситуациядан тыс 

болады, яғни сол ситуация шеңберінен шығады. Ересек адам алты жастағы бала 

үшін  білім  көзі  болып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  әлеуметтік  қарым-

қатынастардың, адамның іс-әрекетінің мәні мен нормалары жөніндегі білім көзі 

де болып табылады. Бала қарым-қатынас, моральдық нормалар жайлы сұрақтар 

қоя бастайды. Бұл жастағы бала өз күйзелісін, пікірі мен бағалауды ересектердің 

пікірімен ара салмағын анықтай алады. Мұндай қатынастың басты себебі – өзара 

түсіністік пен әсерлену.  

5-6  жаста  сюжеттік-рөлдік  ойындар  өзінің  кемеліне  жетіп,  толысады. 

Балалардың  сомдауы  арқылы  жасалған  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас 

ойынның  негізгі  мазмұнын  құрайды.  Балалар  3-4  адамнан  құралған  тұрақты 

ойын  бірлестігін  құрады.  Рөлдік  ойындарда  бала  сомдап  тұрған  кейіпкерінің 

атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша, баланың мазмұнды сөйлеу 

тілі  қалыптасады,  рөлдік  қарым-қатынастардың  мәні  ашылады.  Қойылымдағы 


13 

 

қимыл-әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, 



орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек. Осы жастағы 

балаларға  не  жайлы  ойнағандықтарын  білуге  ұмтылу  тән.  Ертегі,  кино, 

мультфильмдерден  көріністер,  ең  бастысы,  қоғамдық  сюжеттер  ойында  басты 

орын алады.  

Осы  кезеңнің  маңызды  жаңалығы  –  мінез-құлық  еркіндігі.  Барлық 

психикалық  процестер  (қарапайымнан  күрделіге  дейін),  қатынас  жасай  білу 

мектеп  жасына  дейінгі  баланың  негізгі  іс-әрекеті  –  ойын  арқылы  дамиды. 

Мысалы,  ойында  бала  белгілі  бір  рөл  атқара  отырып,  ойын  міндетіне  барлық 

өзінің тезаралық, импульсивті әрекеттерін бағындырады. Ойын барысында бала, 

ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан гөрі, зейіндерін жылдамырақ 

шоғырландырады, көбірек есте сақтайды. Балалармен ойнай отырып, олардың 

талап-тілектерін ескереді, келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар құрады және 

оны іске асырады, яғни қатынас жасай білуге үйренеді. Ауыстырғыш заттармен 

ойнай  отырып,  шартты  кеңістікті  көз  алдына  ойша  елестетеді.  Көз  алдына 

елестетін  кеңістіктегі  әрекет  практикасы  шығармашыл  қиялды  дамытуға 

мүмкіндік жасайды.  

Бұл кезеңнің жаңа құрылымы − мінез-құлықтың жаңа маңызды еркін түрі: 

мінез-құлықта импульсивтік және ашықтық пайда болады. Бұл кезеңде өзін-өзі 

еркін ұстай білу дағдысы әлі де қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет «өзін 

қалай  ұстау  керек?»  деген  сұрақ  туады.  Бала  санасында  өз  әрекетін  реттеп 

отыратын  өзін-өзі  ұстау  тәртібінің  үлгісі  құрылады.  Сол  үлгі  арқылы  бала  өз 

әрекетін реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей 

алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін 

ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу т.б.) 

де сезінеді, ересектердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе, саналы түрде 

орындай  алады.  Психологтардың  пайымдауынша,  бес  жастан  кейін  олармен 

«келісуге», тапсырмалар беруге, оларды жаңа іспен қызықтыруға болады.  

Дәл осы кезеңде өзін-өзі ұстаудағы еркіндік бала психикасының дамуы мен 

жан дүниесінің қалыптасуының көзі болып табылады. Жалпы, бұл құбылысты 

сыртқы мінез-құлқын анықтай бастайтын баланың ішкі психикалық жан-дүниесі, 

ойындағы әрекеттер жоспары деп тануға болады. 

Бұл  кезеңде  баланың  қоршаған  әлемді  түсінуге  талпынысы  артады  және 

әлем туралы алғашқы түсінігінің жобасы пайда болады. Алайда, көрнекі-бейнелі 

ойлау  -  ойлау  қабілетінің  кең  тараған  түрі.  Ол  тікелей  затқа  емес,  сол  заттың 

бейнесі  мен  баланың  зат  туралы  түсінігіне  бағытталған.  Демек,  ойын  −  ойлау 

қабілетінің маңызды шарты, ойын арқылы балада бір затты екінші зат арқылы 

елестете білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл 

мақсатты осы кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі − елестету арқылы іске 

асырады.  

Балада 5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. 

Сол арқылы көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты 

түсіну  қабілеті  қалыптасып,  өзі  қолымен  ұстап,  көруге  болмайтын  заттар  мен 

құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік туады. Нақты 


14 

 

бейнелі  ойлауға  бағытталған  түсініктен,  қисынды  шешім  шығарып,  оны  сөз 



арқылы  бейнелеуді  меңгереді,  оқиғалар  мен  құбылыстардың  себеп-салдарлық 

қатынасын белгілей алады. 

Ең бастысы, 5-6 жас кезеңінде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде 

екендігін естен шығармау керек.  

Мектепке  дейінгі  кезеңнің  аралығында  контекстік  сөйлеу  (жалпыланған, 

көрнекілік  тіректен  айырылған)  біртіндеп  қалыптасады.  Контекстік  сөйлеу  ең 

алдымен  баламен  ертегі,  әңгіме  айтқан  кезде,  кейін  оның  жеке  тәжірибесінде 

болған қандай да бір жағдайды, оның өзіндік уайымын, әсерін бейнелеу кезде 

пайда болады. 

Баланың сөйлеу тілінің қалыпты (уақытында және дұрыс) дамуы оған үнемі 

жаңа  ұғымдарды  меңгеруге,  білім  қоры  мен  қоршаған  орта  туралы  елесті 

кеңейтуге  мүмкіндік  береді.  Осылайша,  сөйлеу  тілі,  оның  дамуы  ойлаудың 

дамуымен өте тығыз байланыста болады. 

Әр  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетін  тақырыпқа  сай  көрнекі  құралдар, 

түрлі  суреттер,  кестелер,  үлестірме  карточкалармен    көркемдеп  отырса, 

балалардың  сөздік  қоры  біршама  толығады.  Орыстың  ұлы  педагогі 

К.Д.Ушинский:  "Бала  табиғаты  үнемі  көрнекілікті  талап  етіп  отырады",  -  дей 

келе, күнбе-күн көрнекілікпен жұмыс істеудің жақсы нәтиже беретінін айтады. 

Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын 

қалыптастыруға болады. 

Сонымен  қатар,  болашақ  ұрпақтың  танымдылық  белсенділігін  дамыту 

ақыл-ой тәрбиесінің бip түрі. Ақыл-ой тәрбиесінің бұл acпектісі баланың ойлау 

операциясының,  танымдық  процестерінің  және  қабілетінің  дамуына  тікелей 

байланысты. 6-7 жастағы баланы  оқу-тәрбие процесінде  дамыту  мәселесіндегі 

басты рөлді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі 

атқарады.  Белгілі  ғалымдар  С.Л.Рубинштейн,  Д.П.Годовикова,  Т.А.Куликова, 

А.И.Сорокинаның 

еңбектерінде 

6-7 

жастағы 


балалардың 

білуге 


құштарлығының,  танымдық  қызығушылығының,  коммуникативтік  сұрақтары, 

түрткісінің дамуын танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған.  

6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту мектепке дейінгі 

ұйымдардағы  педогогтардың  ұйымдастыру  шеберлігімен  тікелей  байланысты. 

Сондықтан,  тәрбиеші-педогог  мамандарына  түпкілікті  білім  берумен  қатар, 

кәсіби  іс-әрекетінің  ғылыми  негіздерін  практикада  қолдануға,  практикалық 

біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. 

Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, 

дене,  физиологиялық,  психологиялық  даму  заңдылықтарын  түсіну  қажет.  6-7 

жастағы  балалардың  психологиялық  ерекшелігі  қоршаған  ортадағы  дүниені 

танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді.  

Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытудың  негізгі  мақсаты  −  тіл 

дыбыстарын  дұрыс  айтуға  жаттықтыра  отырып,  тілдің  дыбыстық  мәдениетін 

жетілдіру,  сөздерді  үйрете  отырып,  сөздік  қорларын  байыту,  байланыстырып 

сөйлеуге үйрету. 


15 

 

Демек,  5  жастағы  бала  барлық  тіл  дыбыстарын  толық  меңгеріп,  тілдік 



белсенділігі артатыны бала тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың еңбектерінен 

белгілі.  Бұл  балаларды  сөзді  дыбыстау  мәдениетіне  мектепке  дейінгі  кезеңде 

тәрбиелеу қажеттігін айғақтайды. Баланы дер кезінде дұрыс сөйлеуге үйретпесе, 

онда бала өмір бойы анық сөйлеп, ойын дұрыс айта алмауы ықтимал. Ауызша 

сөйлеуінің өз деңгейінде жетілмеуі жазбаша тілдің дамуына кері әсерін тигізеді. 

Тіл  кемістігі  бар  балалардың  жалпы  мектеп  жағдайында  оқу  мен  жазуды 

толығымен меңгеруге мүмкіндігі болмайды. 

 

 

Балаларға ерте жастан мемлекеттік тілді үйретудің                     

бағдарламалық мазмұны 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  игеріп, 

тілдік  қатынасқа  түсірудің  маңызды  түрі  –  ауызша  сөйлеу  тіліне  үйрету.  Ал 

толық түрде жазбаша тілдік қатынасқа түсу, яғни айтылған ойды тез түсіну, тез 

жауап қайтару біртіндеп мектепте бастауыштық және орта білімдік сатыларда, 

тіпті  баланың  бүкіл  өмірінде  дамытылады.  Баланың  үлкендермен  тілдік 

қатынасқа  түсуі  олардың  сезімдік  қатынасынан  басталады.  Бұл  баланың 

үлкендермен  қатынасқа  түсуінің  басы  болып  табылады.  Бала  тіл  дамытудың 

алғашқы  кезеңінде-ақ  үлкендерге  мейіріммен  жауап  беріп,  алғашқы  дыбыстар 

шығара  бастайды.  Тәрбиешінің  немесе  айналасындағы  үлкендердің  алғашқы 

эмоциялық  қатынасы,  баланың  болашақта  осы  тілде  сөйлеу  мәнерінің 

қалыптасуына тікелей әсер етеді. 

Сондықтан,  балаларға  ерте  жастан  мемлекеттік  тілді  меңгерту  жолдары 

қатысым әдісі арқылы қолға алынды. Қатысым әдісінің басқа әдістерден өзіндік 

ерекшелігі бар. Қатысым әдісінің мақсаты − тілді үйрету болса, міндеті − тілді 

меңгерту, еркін сөйлеуге үйрету.

 

Осыған орай, оқытудың жаңа технологиялары 



арқылы  үйретудің  түрлі  жолдарын    қарастыру.  Демек,  әр  педагог  тілді 

үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, әдіс-тәсілдерді таңдай 

отырып,  жаңаша  ұйымдастырып,  шығармашылық  ізденіспен  өткізгенде  ғана 

нәтижелі жетістіктерге қол жеткізеді. 

Қатысым әдісімен тілді меңгерту барысында балалар бір-біріне өз ойларын 

еркін  айтуға,  қысылмай  жеткізуге  төселеді.  Сөйлемдерді  бір  сөзді  қайталай 

бермей, жүйелі түрде өзара байланысқан сөз тіркестері арқылы құрайды. Сөздік 

қоры  молаяды,  тілі  дамиды,  дүниетанымы  кеңейеді.  Яғни,  қатысым  әдісі 

баланың  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  толық  жағдай  жасайды.  Алған 

білімдерін өмірде, тілдік қатынас барысында қолдана білуге машықтандырады. 

Қатысым  әдісінде  ақпарат  алмасуды  іске  асыру  арқылы  қарым-қатынасқа 

түсушілердің  әрқайсысы  үшін  ақпараттың  маңыздылығы  үлкен  рөл  атқарады. 

Ақпарат  жай  қабылданып  қана  қоймай,  түсініліп,  терең  сезілгенде  ғана  тіл 

табысу  жүзеге  асады.  Сол  себепті,  кез-келген  қатысым  әдісі  іс-әрекет,  қарым-

қатынас, танымнан тұрады. 

Балаларға  ерте  жастан  тілді  меңгерту  барысында  қолданылатын  ойындар 

түрлеріне қарай топтық және рөлдік ойындар, жағдаяттық ойындар деп бөлінеді. 


16 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет