«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған


« Қазақ совет әдебиетінің негізін салушы Сәкен Сейфуллин барлық жанрда да елеулі еңбек атқарып, бәрінің де алғашқы бұлжымас берік қадасын қағып берді »



бет39/50
Дата21.04.2022
өлшемі202,91 Kb.
#31731
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Байланысты:
кешен балалар әдебиеті

« Қазақ совет әдебиетінің негізін салушы Сәкен Сейфуллин барлық жанрда да елеулі еңбек атқарып, бәрінің де алғашқы бұлжымас берік қадасын қағып берді », - деген С.Мұқановтың ойына қол қоямыз да, оның өзін осындай қадір – қасиетке, сый – құрметке бөлеткізген ұлы ақындығына бас иеміз.

Сәкен – күшті романтик ақын. Романтикасыз поэзия да, ақын да болмайды. Ал романтик ақындардың жан сырлары қат-қабат терең. Сәкеннің тілімен айтсақ заңғар таудың шыңында кілттеулі сандықтың ішіндегі жасырын қойма сияқты. Сәкеннің бар дәуірдегі өмірін алсақ ел аузына ертегі болып таралғандай ғажайып сырлы да қызық. Оның революция жолындағы, әлеумет майданындағы қажырлы ерлік күрестері қандайлық қызықты болса, Сәкеннің нәзік жанды ақынға, бұл өмірде алшаң басып өткен әсем салтанатты, кербез мінезді тәкаппар серіге тән дара сырлары да қызықты. Бұл жайлар Сәкеннің әрбір кітабынан да айқын сезіледі.

Сәкен жастардың махаббат сезімін шебер жырлаған ақын. Көңіл күйі, махаббат, достық сырларын жырлауда Сәкен қазақ поэзиясында жаңа бір дәуір екендігі сөзсіз. 1915 жылы жазған « Жазғы түнде » атты лирикасынан бастап, 1926 жылғы « Совпарттағы қарындасыма » атты лирикасының жазылған мезгілдері арасында Сәкеннің басынан әр түрлі драмалар, әр түрлі романтикалық өмір сырлары өтеді. Бұл жерде « Арқа сұлуы », « Ғазел », « Тау ішінде », сияқты ақиқат нәзік жан күйін шырқатқан лириканы да, « Аққу құс », « Лашын әңгімесі », « Аққудың айрылуы » сияқты кіршіксіз адал махаббаттың романтикасын да, бірде мұңды, бірде көңілді « Мариямға », « Сараға », « Гүлбарамға » жазылған хаттарды еске түсірсек те жеткілікті.

1925 жылы Сәкен жауапты қызметтерден босанып, бірыңғай жазу жұмысымен айналысады. 1925 – 1929 жылдар арасы Сәкеннің жазушылық өмірінде үлкен бір белестерге өрлеу жылдары болуымен бірге, түрлі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениеттің де мықты іргесі қаланған өрлеу дәуірі болды.

Жауапты қызметтен босап, бірыңғай творчествомен айналысқан Сәкен сол дәуірде өндіріп жазады. Ол бұрын-соң қазақ әдебиетінде тумаған идеялық-көркемдік қасиеті жоғары аса күрделі новаторлық шығармалар жазып таратады. Сәкен 1926 жылы « Экспресс » жинағын, 1927 жылы « Тар жол, тайғақ кешу » романы мен « Еңбек шарт – жалшылар қорғаны » поэмасын, 1928 жылы « Тұрмыс толқынында » жинағы мен « Жер қазғандар » повесін, 1929 жылы « Көкшетау » поэмасын жариялайды. Бұл күрделі шығармалардың қай-қайсысы болсын ұзақ жылдар бойы өмірді, тарихты жан-жақты тексеріп ізденуден, қажырлы творчестволық еңбектен туғандығы белгілі.

Қазақстанның мәдени және қоғамдық өмірінде болған ендігі ірі уақиға – « Тар жол, тайғақ кешудің » шығуы. Бұл кітапты жазу жұмысына да Сәкен жиырмасыншы жылдардың бас кезінде кіріскен. Қазақстанда Октябрь революциясының жеңісіне, азамат соғысының тарихына байланысты әдеби, архивтік деректерді де жинап зерттей отырып және сол дәуірдің саяси оқиғаларына тура қатынасқан адамдардың естеліктерін де жинап, теріп, Сәкен өзінің романын жазып аяқтайды. Бұл романның шығуы сол кездегі партия совет және әдебиет жұртшылығының көкейкесті бірнеше күрделі мәселелерін шешіп береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет