Тақырыбы: М. Әуезов және балалар әдебиеті
Туған ұлтының тарихи тағдыры, мәдениеті, ұлттық әдебиетінің тарихы өзінің өмірбаянымен тамырласып, соның құбылысты көрінісіне айналған заманымыздың ұлы жазушысы, ғалымы, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 15 қыркүйекте Семей уезіне қарасты Тобықты іші, Шыңғыс болысында дүниеге келген./3, 12 б./
9 жасында ауылдан кетіп, Семейдегі Қанаш деген қазіреттің медресесінде мұсылманша оқиды, кейін орыс мектебінде оқуын жалғастырады.Содан кейін «5 классный городской училищесін» бітіріп, семинарияға түседі.Семинарияны бітірген М.Әуезов Семейдегі губерниялық сотта, КАЗЦИК- те жұмыс істейді.Кейін оқуын САГУ, Ташкенттегі Ортаазиялық мемлекеттік университетте, кейін Ленинград мемлекеттік университетінде , славян аспирантурасында оқып жүріп, әдебиет тарихы және фольклор жайлы көп ізденеді.1931 жылы репрессияға ұшырайды./3, 45 б./
Жазушының тұңғыш жарық көрген тырнақалды туындысы «Адамдық негізі - әйел» (1917 ж.) деген публицистикасында автор әйел азаттығы туралы келелі мәселені кең қозғайды.Тақырыпты талдау мәнерінен, түрлі жайды топшылау, толғау машығынан оның өз ортасынан озғын білімімен мәдениеті саз береді./2, 45 б./
Әуезовтың пайымдауынша, әйелдің бас бостандығы, азаматтық құқы деген тек бір әйелдің жеке қара басы үшін ғана емес, сол әйелдің негіз болып отырған бүкіл адам қауымының тағдыр – тірішілігі үшін қажет.
Осы жылдың көктемінде идеялық – көркемдік жағынан әбден жетілдіріп, классикалық трагедияға айналған «Еңлік – Кебек» пьесасын жазады.М.Әуезов «Еңлік - Кебек» трагедиясынан кейін, Батыс Еуропа мен орыс драматургиясынан аударған сегіз пьесаны (В.Шекспирдің «Отеллосы» мен «Асауға тұсауын», К.Треневтың «Любовь Яроваясын», Н.Погодиннің «Ақсүйектерін», А.Кронның «Фолт офицерін») өз алдына қойғанда, осы жанрда отыз екі шығарма (драма, комедия, трагедия, киносценарий, опера либреттосын) жазған./3, 78 б./
Мұхтар Әуезов кейінгі жылдары бір топ әңгімелер жазды: «Қорғансыздың күні» (1921), «Қараш – қараш оқиғасы», «Іздер» (1932), «Білекке білек» (1933), «Үш күн» (1934), «Құм мен асқар» (1935), «Шатқалаң» (1935), «Бүркітші» (1937), «Асыл нәсілдер» (1947)./3, 80 б. /
Туған халқына мәңгілік мұра болғандай, ғасырлық туынды сыйлау тек қадау – қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген.Солардың бірі – Мұхтар Әуезов.
«Абай жолы» - М.Әуезовтың бас кітабы.Бұл романның бірінші кітабы 1942 жылы, екінші кітабы 1947 жылы жарыққа шықты.
Мұхтар Әуезов балалар әдебиетін дамыту саласында да көп еңбек етті.Ол өзінің «Ертегілер» деген еңбегінде халықтық шығармалар ішінде балалар әдебиеті мұрасына қандай топтары жататыны жайында соның жігін ашып, саралап айтып берді.Балалар әдебиетінің арғы төркіні халықтық шығармалардан туатыны әңгіме етіледі.Хайуанаттар жайындағы ертегілер тобына ғылыми талдаулар жасай келіп, М.Әуезов: «...Хайуанат жайында бір алуаны – «Күшік пен мысық», «Қотыр торғай» сияқты кішкене жануарлар жайындағы ертегілер.Ақылсыз күшік, айлакер мысық, балаға жәндікті, әр кейіпті танытушы бірге баланың өз мінезіндей ойнақы күйде күлкілі, көңілді әңгімеленеді,»-дейді.
Мұқаңды қазақ балалар әдебиетінің бірінші зертеушісі деуімізге болады.Ол балалар әдебиетінің мұрасына қандай шығармалар енетінін айқындап айтып берумен қатар, «Әр жылдар ойлары» деген ғылыми еңбегінде жастар мен жасөспірімдердің оқитын кітаптары тобына жататын шығармаларды да атап көрсеткен: «Абайдың жас буынға арнап айтқан көптен – көп өлеңдерінің бәрі де жоғарыда біз айтқан бір жайға үлкен дәлелді бір куәлік береді.»
Қазақ балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне зор көңіл бөлген М.Әуезов балаларға деп повесттер мен әңгімелер жазды.1926 жылы М.Әуезрв жазған «Сұр» деген повесть қазақ балларының аса қызығып оқитын, ең сүйікті кітаптарының бірі болды.М.Әуезов бұдан соң 1928 жылы аса көркем жазылған «Көксерек» атты әңгімесін жазып ұсынды./1, 58 б./
М.Әуезов өзінің аса шебер жазылған атақты «Көксерек» атты әңгімесінде, алдымен әралуан жабайы жыртқыш азулы аңдардың мекен ететін жерлерін суреттеуден бастайды.Енді оқиғаның композициясы мен сюжетіне келсек, оқиға ары қарай шапшаң дамиды.Яғни оқиғаның шапшаң дамуы тыңдаушыны қызықтырып, енді не болар деген ойға қалдырады.Жаңа ғана екі інді мекен еткен екі қасқырдың енді бір сәтте балаларын қоректендіру үшін қозы әкеліп жеп жатқаны суреттелген.Мұның өзі жоғарыда айтқанымыздай оқиғадан оқиғаның тууын байқатады.Автор жыртқыш аңдар мекенін қалай әсерлі суреттесе, олардың ашқарақ қомағайлығын одан да әрі әсерлендіре түскен.Яғни, қасқырлар тек қана қозыға емес, өрістегі бұзаулар, жылқыларға шабады.Сонымен «Көксерек» әңгімесі жыртқыш аңдар оқиғасына байланысты туғаны айқындала береді.
Әңгіме кейіпкері – кішкентай Құрмаш. Құрмаш Көксеректі қалай жақсы көріп, мәпелеп өсірсе де, ол безіп кетеді, қолға үйренбейді.Осы кезде оқушылар ойында бір сұрақ туындайды.Тек қана жақсылық жасаған Құрмашқа Көксерек тиіспесе деген.Яғни оқушылар Көксеректің алдағы тағдыры немен аяқталуына одан бетер қызыға береді.Бірақ бұл қызығу көпке созылмайды, зор өкінішпен, қайғымен жалғасып Құрмаштың трагедиялық өлімімен аяқталады./1, 56 б./
«Көксерек» әңгімесі жас өспірімдерге өмір танытарлық осындай оқиғаларды суреттеп берумен қатар, оларға қазақ халқының ана тіліндегі бай мұра мен оның сұлу да, өркем құрылысымен таныстырады, олардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады.
М.Әуезовтың балалар әдебиетіне қосқан тағы бір зор үлесі - «Жетім» әңгімесі./2, 86 б./Бұл шығарма да оқушы назарын аударарлықтай әсерлі туынды.Яғни, бұл әңгімені оқып отырған оқушы шығарма желісіне үңіліп кетеді.10 жасар жетім Қасымның тағдыры оларды бейжай қалдырмайды.Яғни, оқушылар Қасым соңында бақытты өмір сүреді деген үмітпен әңгімені қызығып оқиды.Бірақ та бұл шығарма да трагедиямен аяқталады.Күн көрсетпеген туысқандарынан қашқан Қасым орманда жүрегі жарылып өледі./1, 66 б./
М.Әуезов осы шығармалары арқылы жас оқушыны тыңдатумен қатар, олардың ой – қиялының, өз пікірлерінің дамуына жол ашады.
Дәріс бойынша сұрақтар:
1. М.Әуезовтің өмірі мен жазушылық қызметі.
2. «Жетім» әңгімесі мен «Көксерек» повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты.
№14 дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |