Мектепке дейінгі педагогика


Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын жоспарлау



бет3/3
Дата05.10.2022
өлшемі35,46 Kb.
#41556
1   2   3
Байланысты:
20.09.22 До1Б До2Б

Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын жоспарлау.Жылдық жоспар – мектепке дейінгі мекеме қызметінің перспективасы белгіленетін басты документ. Ол педагогикалық және қызмет етуші маман жұмысының ұйымдастырылуы мен мазмұнын, әрбір қызметкер жұмысының болашағын анықтайды. Жылдық жоспарды жасауға бүкіл коллектив қатысады.Жоспар үкіметтіңң идеологиялық мәселелер мен халыққа білім беру жөніндегі шешімдеріне сәйкес, «Балабақшадағы тәрбие программасы» және БҒ министрліктерінің нұсқау-методикалық документтері негізінде оқу жылына (1 сентябрьден авгуске дейін) жасалады.Жоспар жасаған кезде алдыңғы жылғы жұмыс жағдайы ескеріледі. Тәрбие саласында шынайы міндет қою үшін, тәрбие мен білім беру процестерін дұрыс жоспарлау және ұйымдастыру үшін неге қол жеткенін дәлме-дәл білу, ал сәтсіздіктер кездескен болса, олардың себептерін ашу керек. Тек қана жеткен жетістікке сүйене отырып, нәтижені дұрыс бағалай және шебер талдай отырып, перспективаны нақты белгілеуге, табыспен ілгері басуға болады.Қорытындылаушы педагогикалық советте меңгеруші өткен жылғы жұмысқа талдау жасайды. Содан кейін тәрбиеші-методиспен және тәрбиешілер активімен бірлесе отырып, ол жылдық жоспардың жобасын жасайды, онымен коллективтің танысуын ұйымдастырады (оны кабинетте іліп қойған дұрыс). Сөйтіп, осы оқу жылының соңғы педагогикалық кеңесінде, тамыз айында талқыланатын жобамен барлық тәрбиешілердің алдын ала танысуларына мүмкіндік туады.Жоспарлау жұмысы жөніндегі коллективтің міндеттеріне арналған өндірістік кеңес жұмыстың аяқталуы болып табылады. Барлық қызметкерлердің жоспарды талқылауға және қабылдауға қатысуы, олардың әрқайсысының оны орындауға деген жауапкершілігін арттырады.
Жоспар қалай жасалады және оның әрбір бөлімінің мазмұны қандай?
Бірінші бөлім – алғысөз немесе кіріспе.
Мұнда балаларға тәрбие-білім беру жөніндегі өткен жылғы жұмысқа және белгіленген міндеттердің әрқайсысының және тұтастай «Программаның» орындалуына қысқаша талдау жасалады. Жоспарда іске асырылған шараларды жай ғана тізіп қоймай, балаларға тәрбие-білім берудің нәтижелілігін көрсету керек. Мұнда жылдық жоспарды орындау барысында жіберілген қателіктер мен қиыншылықтарды да сөз ету керек.
Екінші бөлім – балаларға тәрбие-білім берудің басты міндеттері.
Мектепке дейінгі мекеме мектепке дейінгі жастағы балаларға жан-жақты тәрбие мен білім берілуін қамтамасыз етеді, сондықтан жылдық жоспар жасағанда осы балалар мекемесі үшін ненің негізгі болып саналатынын көзге айқын елестете отырып, жаңа оқу жылындағы жұмыстың негізгі міндеттерін белгілеу қажет. Бұл – балаларды тәрбиелеу мен оларға білім беру ісін жақсартуға мүмкіндік туғызады.
Жылдық жоспардың өзекті міндеттерін анықтағанда мектепке дейінгі мекеменің типін (балабақшасы, ясли-бақша, арнайы мекеме, балалар тәулік бойы болатын санаторий балабақшасы, түрлі жастағы топтардың болуы), бүкіл коллективтің педагогикалық шеберлігі деңгейін, сондай-ақ әрбір тәрбиешінің күшті және осал жақтарын ескеру қажет. Жұмыс міндеттері анық, нақты белгіленуі шарт.
Үшінші бөлім – жыл бойында жүргізілетін жұмыстар. Барлық шаралар «Балабақшадағы тәрбие программасы» мен осы жылға белгіленген нақты міндеттерді орындауға бағытталуы тиіс.
Жылдық жоспарда: педагогикалық коллективтің идеялық-саяси даярлығын және педагогикалық шеберлігін жетілдіру: тәрбиешілермен жүргізілетін методикалық жұмыс, педагогикалық совет, консультациялар, тәжірибені жинақтау және қорыту, педагогикалық тәжірибе алмасу: балалардың сабағын, ойынын, серуенін, тұрмыстағы қызметін және т.б. көру және талдау, оның іске асуын ұйымдастыру және көмектесіп отыру, методикалық кабинеттің құрал-жабдықтары және жабдықталуы; программаның орындалуын бақылау, ата-аналармен жұмыс (ата-аналардың жалпы және топтық жиналыстары, балаларды семьяда тәрбиелеу мәселелері жөніндегі лекциялар мен консультациялар, көрнекі насихат); әкімшілік-шаруашылық жұмыс (мебельді, үйді жөндеу, физкультура, стол үстіндегі ойындар жабдығын алу, учаскеде мұз айдынын жасау, жеміс ағаштарын отырғызу, қыс кезінде балалардың күндіз таза ауада ұйықтауын ұйымдастыру және т.б.); қызмет көрсететін адамдардың (шаруашылық меңгерушісі, бала күтуші, аспаз) шеберлігін жетілдіру жөніндегі негізгі шаралар қарастырылады.
Шаралар жөніндегі жоспар қоғамдық ұйымдарының жоспарларымен алдын ала сәйкестендіріледі. Бұл кадрлармен жұмыс істеудегі қайталаушылықтың болмауына көмегін тигізеді.Жоспар жасай отырып, барлық шаралардың көлеміне және мерзіміне қарай орындалатын болуын, олардың жыл бойына біркелкі бөлінуін қарастыру керек. Кімнің қай жұмыстың орындалуына жауапты болатынын алдын ала ойластыру қажет, коллективтің әрбір мүшесіне жұмыстың дұрыс бөлінуінің маңызы зор, өйткені жоспардың орындалу сапасы осыған байланысты болады. Мекеменің әрбір қызметкері жылдық жоспарда белгіленген міндеттердің орындалуына өзін жауаптымын деп санайтындай болуына жетуге ұмтылу керек, - тек осы жағдайда ғана жылдық жоспар коллектив жұмысының перспективасын белгілейтін документке айнала алады.Жылдық жоспарға мектепке дейінгі мекеменің кәсіподақ комитетінің, ата-аналар комитетінің, медициналық қызметкерлердің жұмыс жоспарлары, сондай-ақ жазғы сауықтыру жұмысының жоспары, балаларды мектепке оқуға әзірлеу жөніндегі мектеппен біріге отырып атқарылатын жұмыстар жоспары, педагогикалық мамандықты жетілдіру жөніндегі бес жылға арналған жоспар қосылады.Жоспар методикалық кабинетте, барлық қызметкерлердің алып көруіне ыңғайлы орында сақталады.



Тапсырма

Блум таксаномиясы бойынша сұрақтар құрастыру.

Үйге тапсырма

Презентация әзірлеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет