Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар, жұмбақтардың шешуін тез таптыңдар. Ал енді ойланып көрейікші, бұл хайуанаттар қай ертегілерде кездеседі?
1-бала: Бұл «Бес ешкі» ертегісінде кездеседі.
Тәрбиеші: Ия, дұрыс, ал ертегі қалай басталушы еді?
2-бала: «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, баяғыда»,- деп басталады.
Тәрбиеші: Ендеше, балалар, «Бес ешкі» ертегісін теледидардан тамашалайық, енді кім әңгімелеп береді?
Балалар бірін-бірі жалғастырып ертегіні әңгімелейді.
Тәрбиеші: Енді, балалар, осы ертегідегі жағымды кейіпкерлердің мүсінін ермексаздан жасаймыз.
Үлгіні талдау.
Алдымен саусақ ұштарын ыдыстағы сулы губкаға батырып, ылғалдап аламыз, ермексаздан жұсартып үлкен және кіші екі бөлікке бөлеміз. Үлкен бөлігі – денесі мен аяғы, ал кіші бөлігі – басы. Үлкен бөлігін есіп, екі жағынан доғал тәрәзді иеміз. Таяқшамен иген екі жағын бірдей етіп кесеміз, аяқтарын тегістеп жасаймыз. Мойны мен құйрығын шымшып созу тәсілімен, ал басын домалақтап, тұмсығын сүйірлеп, құлақтарын шымшып, созу тәсілімен жасаймыз. Көздерін таяқшамен сызып жасаймыз.
№
|
Аты-жөні
|
Белсенділігі
|
Сәйкестендіруі
|
Талпынысы
|
Деңгей
|
1
|
Аздембекова Амина
|
2
|
3
|
2
|
7
|
2
|
Еркинова Жанель
|
3
|
2
|
2
|
7
|
3
|
Қуанышбек Бексұлтан
|
1
|
3
|
2
|
6
|
4
|
Құнанбай Аяжан
|
2
|
2
|
2
|
6
|
5
|
Қыдырғали Аңсар
|
3
|
3
|
2
|
8
|
6
|
Русланұлы Арсен
|
3
|
3
|
2
|
8
|
7
|
Сетей Санжар
|
1
|
2
|
3
|
7
|
8
|
Толықбай Мәулен
|
1
|
3
|
1
|
4
|
№
|
Аты-жөні
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
1
|
Аздембекова Амина
|
+
|
|
|
2
|
Еркинова Жанель
|
+
|
|
|
3
|
Қуанышбек Бексұлтан
|
|
+
|
|
4
|
Құнанбай Аяжан
|
|
|
+
|
5
|
Қыдырғали Аңсар
|
+
|
|
|
6
|
Русланұлы Арсен
|
+
|
|
|
7
|
Сетей Санжар
|
+
|
|
|
8
|
Толықбай Мәулен
|
|
+
|
|
Қорытынды бағалау:
«жоғары деңгей» барлық жаттығуды дұрыс, жақсы орындаса
«орташа деңгей » егер жаттығуды орташа орындаса
«төмен деңгей» егер жаттығуды орындай алмаса
Қорытындылай келе «Аққу» ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысуына байланысты, жаттығуларды орындау деңгейі 70%-жоғары, 20%-орта, 10%төмен деңгейді көрсетті.
Балаларға жұмыс барысында көмектесу, жеке нұсқау беру.
ҚОРЫТЫНДЫ
Заттың мүсінін жасау бала үшін сол заттың суретін салудан жеңілірек. Ол бұл жерде бейнелеудің шартты құралдарынан гөрі нақты көлемді бейнелеуге мүмкіндік алып отыр. Балаларға конструкциясы жеңіл және өсімдік пішіні тәрізді заттарды мүсіндеу оңайлау да, ал адамдар мен жануарларды мүсіндеу аса қиын тиеді. Бұл, әрине, соңғылардың дене құрылысының күрделілігіне, пішіндерының пластикалылығына байланысты өйткені балаларға жануарлардың анатомиялық күрделі құрылысын түсіну әлдеқайда қиын.
Зерттеулермен балалар арасында жүргізілген жұмыс тәжірибелері дәлелдегендей, мектеп жасына дейінгі балаларды адам мен жануарлардың болмыс-бітімін белгілі бір дәрежеде дұрыс мүсіндей алуға үйретуге болады.
Жанды нәрселерді мүсіндеу үстінде балалар неғұрлым айқын сипаттық белгілерін бейнелей алады, ал негізгі бөліктерінің пішінін жалпылама күйінде қалдырады.
Сондықтан да тәрбиешінің балаларды заттың негізгі пішінін соларға тән өзгеше сипаттарымен бейнелей білуге үйреткені маңызды. Мектеп жасына дейінгі балалар сабақ үстінде заттардың пропорциясын бере білуге, белгілі бір техникалық дағдыларды меңгеруге тиіс. Осындай жалпы ортақ міндеттер балабақшадағы топтардың жас мөлшеріне қарай нақтылана түседі. Мысалы, біріпші кішкентай топтағы балаларды ең қарапайым пішіндерды (цилиндр, дискі, шар) мүсіндеуге үйрету. Естиярлар тобындағыға заттардың формасы мен құрылысы жөніндегі ұғымдарды пысықтай түсу. Ересектер тобындағыларды заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарын, олардың кеңістіктегі орналасуын, сипаттық белгілерін тани білуге үйреткен дұрыс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Көркемдік білім беру теориясы мен технологиясы. Оқу құралы /Ж.Ж.Жонкарбаева, Т.С.Есқалиева, Н.С.Редько, А.С.Маметекова/ Нұр-Сұлтан: «Кəсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 2019ж.
2. М.Жаметов, С.Жұмабеков. «Бейнелеу өнерінің негіздері», Алматы, 2000 ж.
3. Жиенбаева С.Н. Мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулудың ғылыми педагогикалық негіздері. Дис...,пед. ғыл. канд. Алматы, 2002. 50-55б.
4. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық-әдіснамалық негіздері».-Астана, 2010.
5. Мырзабаев А.Б. «Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері»
6. Әбенбаев С. «Тәрбие тоериясы мен әдістемесі»,-Алматы.
7. Баймұратова Б. «Отбасындағы баланы мектепке дайындау».-Алматы, 2000.
8. М.Жаметов, С.Жұмабеков. «Бейнелеу өнерінің негіздері», Алматы, 2000 ж.
9. «Балбөбек» балабақшасының бағдарламасы. Астана 2001 ж.
10. «Қарлығаш» балабақшасының бағдарламасы. Алматы 2003 ж.
11. Қ.Қ.Меңдіқұлова. «Мүсіндеу өнері арқылы балалардың көлемдік қатынастар туралы түсініктерін қалыптастыру»// Отбасы және балабақша. №2, 2004 ж.
12. Ж.Кемелова. «Мүсіндеу сабағы»// Бала мен балабақша. № 2, 2009 ж.
13. Ш. Химодуллина. «Бейнелеу өнерінің түрлері»// Бастауыш мектеп. №5, 2005 ж.
14. З. Кенешбаева. «Мүсіндеу өнері арқылы балалардың түсініктерін қалыптастыру»// Отбасы және балабақша. №4, 2009 ж.
15. Г.Т. Джанашева. «Ертегілер еліне саяхат»// Мектепалды даярлық. №6, 2008
ж.
ГЛОССАРИЙ
Мүсіндеме, мүсін, скульптура – бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеме туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады. Мүсіндеме қатты заттардан немесе пластикалық материалдардан жасалады. Осыған байланысты, мүсіндеме жасайтын адамды - мүсінші деп атайды.
Мүсіндеу - заттын үш өлшемдік бейнесі. Адам - мүсіндік бейнелеу нысаны.
Монументтік мүсіндеу - ұлы адамдарға, тарихи оқиғаларға арналған ескерткіштер.
Қондырғылы мүсіндеу - бір немесе бір топ адамдарды бейнелеу.
Шағын пішінді мүсіндеу - әр түрлі материалдардан, фарфордан, ағаштан, сүйектен, пластмассадан жасалынтан мүсіндер.
Сәулет - бұл адам қызметінің ерекше түрі, мұнда техника мен өнер, пайда мен әсемдік қатар берілген.
Оқыту – ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымды, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша білім алушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.
Дамыту – әдепкі құбылыстан, екінші құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы.
Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.
Әдіс – көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.
Тәсіл – әдіс элементі, оның құрамды бөлігі, әдісті іске асырудағы жеке қадам.
Бағыт-бағдар – белгілі бағытқа іс-әрекетті бағыттау.
ҚОСЫМША
Достарыңызбен бөлісу: |