Мектепке дейінгі пәндер бірлестігі


КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі



бет2/9
Дата19.05.2023
өлшемі129,41 Kb.
#95283
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жумагалиева М

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Шығармашылық ойларды жүзеге асыру үшін еңбексүйгіштік қажет. Мұнсыз ең тамаша ойдың өзі жүзеге аспай қалуы мүмкін. Адамның барлық күш-жігері алға қойған мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырылып, бағытталуға тиіс.
Балалар қоршаған дүниемен таныса отырып, оны өз іс-әрекетінде — ойнағанда, мүсін жасағанда, әңгімелегенде қайталауға тырысады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда бейнелеу іс-әрекетінің мүмкіндігі бай, өйткені өзінің мәні жағынан оның жаңғыртушылық және жасампаздық сипаты бар. Бұл арада бала қоршаган дүниеден алған өз әсерлерін қайталауға, қиялындағы образдарды беруге, оларды алуан түрлі материалдардың көмегімеи нақты пішінін көрсетіп беруге мүмкіндік алады.
Мектепке дейінгі ересек жасқа қарай балада барған сайын аналитикалық-синтетикалық ойлау дәрежесі көбірек дамиды, мұның бейнелеу процесі үшін маңызды мәні бар.
Іс-әрекетте қиялдау барған сайын үлкен роль атқара бастайды. Бірақ мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда қиял образдары әлі де болса тұрақсыз, үзінді түрінде болып келеді, бұл баланың бейнелеу іс-әрекетіне де әсерін тигізеді. Жасы өскен сайын қиял байи түседі, балалар өз жұмысының мазмұнын өз бетімен ойлап тауып, жаңа образдарды кіргізе алады.
Балалар шығармашылығының мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерде баланың іс-әрекетінде шығармашылық бастаманың бар екенін сипаттайтын бірқатар белгілер атап көрсетіледі. Бұл - жұмыстың бұрын игерілген тәсілдерін жаңа мазмұнға қолдануда, алға қойылған міндеттерді шешудің жаңа әдістерін табуда, түрлі бейнелеу құралдарының көмегімен өз сезімдерін әсерлі білдіруде белсенділік, дербестік және белсенділік көрсету.
Мұнан әрі бейнелеу іс-әрекеті мен шығармашылық бастаманы дамыту үшін бұл кезең маңызды роль атқарады, өйткені бала өз ойын образдар арқылы көрсетіп бере алатын материалмен танысады.
Балалар шығармашылығының анықтамасын алғашқылардың бірі болып Е.А.Флерина берді: «Балалардың бейнелеу шығармашылығын біз баланың қоршаған болмысты сурет, мүсін, құрастыру арқылы саналы түрде бейнелеуі, қиялдау жұмысына, өз бақылауларын елестетуге құрылған бейнелеу, сондай-ақ олардың сөз, картина және басқа өнер түрлері арқылы алған әсерлері деп білеміз. Бала айналадағыны енжар көшіре салмай, оны жинақталған тәжірибесі мен бейнеленіп отырған затқа қатынасына байланысты қайта жасайды».
Бейнелеу өнеріне балаларды үйрету олардың бойына бейнелеу шеберлігі мен дағдыларын қалыптастырумен қатар шығармашылық белсенділікті дамытуды көздейді. Бұл жүйе мектеп жасына дейінгілердің бейнелеу дағдыларына және олардың бойында байқампаздықтың, қоршаған өмірдегі бояулардың, пішіндердің, қимылдардың алуан түрлілігін көре білуді тәрбиелеуге негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет