Бекітемін
М.Мәметова атындағы
Қызылорда педагогикалық
жоғары колледжінің
мектепке дейінгі тәрбие
және оқыту бөлімінің
басшысы С.Назароваға
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ БӨЛІМІ
Тақырыбы: «Ата — ананы құрметтеу — әрбір адамның борышы»
Өтізілетін орны:332 кабинет
Уақыты:.25.02.2021 ж
Өткізетін: Баратқызы Жансая
Тобы:МДБ-Н-19к
Мақсаты: Студенттер бойына ата — анаға деген құрметін арттыру, жылылықты ұялату. Ата-анасының адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
Ата — анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Көрнекілігі: Слайд , видео ролик, Ата-ана туралы қанатты сөздер.
Барысы:
1. «Сұрақ – жауап»
2. «Сергіту сәті»
3. «Ой бөліс,пікірлес» ойыны
Жүргізуші:
Армысыздар ардақты ұстаздар мен студенттер! «Ата-ананы құрметтеу-әрбір адам борышы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап,марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды ана туралы монологпен ашайық.
Орындайтын: Жұман Ақжелең «Ана» монологы
Жүргізуші:
Сұрақ-жауап:
1.сұрақ: Ата-ана, бала туралы мақал –мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер.
1.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
2.Әкесін сыйламаған кісіні, баласы сыйламайды.
3. Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы,
Балаң жаман болса, жердің асты жақсы.
2.сүрақ: «Ата анаңды неге теңер едің?» себебін анықтату.
Жүргізуші:
Сергіту сәті:
Мақал-мәтелдерді жалғастыр
1.Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар.
2. Ананың жаны –
Судың толқыны.
3. Отан - елдің анасы,
Ел - ердің анасы.
4. Атаға тартып ұл тумас,
Анаға тартып қыз тумас.
Жүргізуші:
Әке –шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталар болсақ: жастығын, денсаулығын, күш — қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген анаға мың тағзым дей келе ата – ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға берейік.
Жазерке: Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен адепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата — ананың ұл — қызы болып өседі.
Сания: Ата — ананы сыйлау — сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса,қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
Камила: Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы. (Ғ.Мұстафин).
Жүргізуші:
Ата-ана алдындағы әдептілік — баланың бармақтай кезінде бойына табиғи дарыған қасиет болуы тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау. Ата- әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу.
Студенттермен ой бөлісу сәті: «Ой бөліс,пікірлес» ойыны.
1. «Ата — ананың ақысы немен өлшенеді?»
2. «Ата — анаңа не қылсаң алдыңа сол келеді» дегенді қалай түсінесіз?»
3. «Ата — аналардың қарттар үйіне қоныс аударуына не себеп болады?»
4. «Ақылды баланың бойында болатын жақсы қасиеттер қандай?»
5.«Үлгілі ата — ананың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек деп ойлайсың?»
Жүргізуші:
«Отбасы — шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел — ана отбасы жылуын сақтаушы, ал әке отбасының тірегі.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз-демекші, біз кешімізді аяқтай келе барлығымыз бір — біріміздін отбасымызға жақсы, игі тілектер тілейміз.
Жүргізуші:
Көріскенше күн арасы жақын болсын! Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |