Мектепке дейінгі тәрбие бөлімі тақырыбы: «Ата — ананы құрметтеу — әрбір адамның борышы» Өтізілетін орны



Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19346
Байланысты:
тарбие сагаты 25


Бекітемін

М.Мәметова атындағы

Қызылорда педагогикалық

жоғары колледжінің

мектепке дейінгі тәрбие

және оқыту бөлімінің

басшысы С.Назароваға

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ БӨЛІМІ


Тақырыбы: «Ата — ананы құрметтеу — әрбір адамның борышы»

Өтізілетін орны:332 кабинет

Уақыты:.25.02.2021 ж

Өткізетін: Баратқызы Жансая

Тобы:МДБ-Н-19к

Мақсаты: Студенттер бойына ата — анаға деген құрметін арттыру, жылылықты ұялату. Ата-анасының адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
Ата — анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.

Көрнекілігі: Слайд , видео ролик, Ата-ана туралы қанатты сөздер.

Барысы: 

1. «Сұрақ – жауап»

2. «Сергіту сәті»

3. «Ой бөліс,пікірлес» ойыны



Жүргізуші:

Армысыздар ардақты ұстаздар мен студенттер! «Ата-ананы құрметтеу-әрбір адам борышы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап,марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды ана туралы монологпен ашайық.

Орындайтын: Жұман Ақжелең «Ана» монологы

Жүргізуші: 

Сұрақ-жауап:

1.сұрақ: Ата-ана, бала туралы мақал –мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер.

1.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

2.Әкесін сыйламаған кісіні, баласы сыйламайды.

3. Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы,


Балаң жаман болса, жердің асты жақсы.

2.сүрақ:  «Ата анаңды неге теңер едің?» себебін анықтату.

Жүргізуші: 

Сергіту сәті:

Мақал-мәтелдерді жалғастыр

1.Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар.

2. Ананың жаны –
Судың толқыны.

3. Отан - елдің анасы,


Ел - ердің анасы.

4. Атаға тартып ұл тумас,


Анаға тартып қыз тумас.

Жүргізуші: 

Әке –шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталар болсақ: жастығын, денсаулығын, күш — қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген анаға мың тағзым дей келе ата – ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға берейік.



Жазерке: Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен адепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата — ананың ұл — қызы болып өседі.

Сания: Ата — ананы сыйлау — сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса,қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

Камила: Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы. (Ғ.Мұстафин).

Жүргізуші:

Ата-ана алдындағы әдептілік — баланың бармақтай кезінде бойына табиғи дарыған қасиет болуы тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау. Ата- әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу.



Студенттермен ой бөлісу сәті: «Ой бөліс,пікірлес» ойыны.

1. «Ата — ананың ақысы немен өлшенеді?»

2. «Ата — анаңа не қылсаң алдыңа сол келеді» дегенді қалай түсінесіз?»

3. «Ата — аналардың қарттар үйіне қоныс аударуына не себеп болады?»

4. «Ақылды баланың бойында болатын жақсы қасиеттер қандай?»

5.«Үлгілі ата — ананың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек деп ойлайсың?»



Жүргізуші:

«Отбасы — шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел — ана отбасы жылуын сақтаушы, ал әке отбасының тірегі.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз-демекші, біз кешімізді аяқтай келе барлығымыз бір — біріміздін отбасымызға жақсы, игі тілектер тілейміз.



Жүргізуші:

Көріскенше күн арасы жақын болсын! Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет