«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі



бет7/10
Дата30.03.2023
өлшемі79,55 Kb.
#77508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сәбилік топтарда балалар ересектердің жәрдемімен балықтарға жем береді, бөлмеде өсетін өсімдіктерді суарады және жуады, пияз отырғызады, өз бақшасынан өнім жинауға қатысады, қыстап қалған құстарды қоректендіреді. Бөбектердің еңбегін басқара жүріп, тәрбиеші өсімдіктердің, олардың
бөлшектерінің, еңбекте атқарылып жатқан әрекеттердің аттарын атайды; бұл баланың сөздік қорын молайтады, белсенділігін арттырады. Балалар өсімдіктерді қарайды («кішкене жапырағы қайсы, үлкен жапырағы қайсы, соны көрсетші», «Гүлді иіскеші», «Неше гүл ашылды екен, санашы» және т.с.с.). Педагог өсімдіктер мен жануарларды күту қажет екенін түсіндіреді.
Естияр топта еңбек күрделенеді, балалардың өздері өсімдіктерді суарады, қанша ылғал қажетін анықтауды үйренеді, көкөніс өсіреді (тұқым себеді, жүйектерге су жібереді, өнім жинайды), тәрбиешінің жәрдемімен жануарларға (тиіндерге, үй қояндарына, тотықұс, көгершін және т.б.) жем әзірлейді. Педагог қай жануарға қандай жем керек екенін, оның қалай деп аталатынын және қалай сақталатынын түсіндіреді. Жануарларды күту процесін оларды қадағалаумен тығыз байланыстырады. Балалар өсімдіктердің өсуі мен дамуы, жануарлардың жай-күйі күтімге байланысты екенін, олар үшін өздерінің жауапты екенін сезіне бастайды. Тірі табиғат мүйісінің тұрғындарына қамқорлық пен ықылас күшейеді, олар балалардың сүйікті жануарларына айналады.
Ересек топ үшін табиғат мүйісінде неғұрлым күрделі күтім тәсілдерін керек ететін өсімдіктер мен жануарлар орналастырылады, бақшада өсу мерзімі әр түрлі көкөністердің алуан түрі отырғызылады, мұның өзі еңбекті неғұрлым жүйелендіреді. Балалар еңбегінің көлемі де ұлғаяды. Мектеп жасына дейінгі балалар щеткамен түкті жапырақтардың шаңын сүртеді, жерді қоректендіреді, аквариумның суын ауыстырады, бақша мен гүлзардың жерін әзірлейді, көшет отырғызады, жабайы өсімдіктердің жемісін, ұрығын жинайды (қыстайтын құстарға беру үшін). Еңбек процесінде тәрбиеші балаларға өсімдіктердің өсуі мен дамуын қадағалауды, болып жатқан өзгерістерді байқауды, сипатты белгілеріне, жапырақтарына, ұрықтарына қарап өсімдіктерді айыра білуді үйретеді. Бұл өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы ұғымдарын кеңейтіп, оларды ауыл шаруашылығы еңбегі процесіне баулиды.
Мектепке дайындайтын топта табиғаттағы еңбек түрінде балалар жеке құбылыстар арасындағы байланысты анықтауды, табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын аңғара білуді үйренеді. Табиғи құбылыстарды материалистік тұрғыдан түсінудің негізі қалыптасады. Өсімдіктер мен жануарлар туралы, жанды мүйістің тұрғындарын күту тәсілдері туралы мағлұмат көбейеді. Балалардың еңбек іс-әрекеттеріндегі дербестігі артады: олар ескертіп жатпай-ақ топырақты суару және қопсыту, өсімдіктерді көшеттеп отырғызу, бақшада, гүлзарда, ал қыста – үнемі пияз бен басқа да көк өсірілетін табиғат мүйісінде тұқым себу қажеттігін өздері белгілеп отырады. Балалар қалемшелеу арқылы өсімдіктерді көбейтудің, кейінірек топыраққа көшіріп отырғызу үшін көшет өсірудің тәсілдерін біледі. Табиғат мүйісінде жануарларды (құстарды, тиінді, үй қояндарын, көгершіндерді және т.т.) күту жалғастырылады.
Балаларда тірі табиғат мүйісінің, бақша мен гүлзардың жай-күйі үшін жауапкершілік артады. Жеміс ағаштарынан өнім, гүл жинау оларды үлкен
қуанышқа бөлейді. Олар гүлді ата-аналарына сыйға тартады, бөбектерге өздері өсірген жеміс-жидектерін ұсынады, көкөніс өнімдерін де жинап, жуады, тазалайды, ас үйге апарады, топ бөлмелерін гүлдермен безендіреді.
Қол еңбегі – алуан түрлі материалдардан: картоннан, қағаздан, ағаштан, табиғи материалдан (ағаш бүрінен, емен жапырағынан, сабаннан, ағаш қабығынан, жүгері сабағынан, шабдалы сүйегінен) тері, қауырсын, мүйіз, жүн, мата қиқымдарын, темір-терсек және т.с.с. пайдалана отырып тұрмыстық шаруашылық процесінің қажетті бұйымдарын жасау – балалар бақшасының ересектер тобында жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті ойыншықтар, қазақ үйдің сүйектерін жасап, бояйды, үй жиһаздарын, ұлттық киім үлгілерін пішіп, тігеді, төрт түлік малдардың бейнесін жасайды. Оларды дайындау барысында балалар ұлттық оюлар, нақыштар, өрнектермен танысып, әр түрлі бұйымдар жасайды. Мұндай нәрселер туған-туыстарға, достарға жақсы тарту болуы мүмкін. Мұның адамгершілік тәрбие беруде зор маңызы бар, ол балаларды маңайындағыларға ықыласпен қарауға үйрете отырып, соларды риза ету үшін еңбектендіреді.
Қол еңбегі балалардың құрастыра білу, ойлап шығару қабілетін, шығармашылығын, қиялын дамытады. Мектеп жасына дейінгі балалар ойлаған затына сай келетін форма таңдап алу үшін табиғи материалды мұқият қарайды: үйеңкі ұрығынан инеліктің қанатын, ағаш бүрінен – орманшыны жасайды және тағы басқа. Жұмыс процесінде олар әр түрлі материалдардың қасиеттерімен, оларды өңдеу және байланыстыру тәсілдерімен танысады, алуан түрлі аспаптарды пайдалануды үйренеді. Ойлаған заттарын жасау әрқашан да белгілі мөлшерде күш жұмсауды керек етеді. Жасалған зат берік, әдемі, сәнді болу үшін бала табандылық, шыдамдылық, ұқыптылық көрсетуі талап етіледі. Осының бәрі балаларға тәрбиелік жағынан үлкен әсер етеді де, олардың эстетикалық сезімі мен адамгершілік-еріктік қасиеттерін қалыптастырады.
Балабақшада жаңа бағыттағы тәрбие жүйесін іске асыру үшін халықтық педагогикаға негізделген дәстүрлі еңбек тәрбиесінің төмендегідей бағыттарын белгілеу керек:

  • ата-баба дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық өнер саласына арналған материалдар жинап, оны сәбилер тобынан бастап, мектепке дейінгі бала жасына лайықты етіп топтастыру, мазмұндық сабақтастығын ескеру;

  • дәстүрлі еңбек тәрбиесін кешенді жүргізу мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеру;

  • отбасы мен балабақша арасындағы бірлікті нығайту, еңбек тәрбиесін отбасындағы дәстүрлі еңбек түрлерімен байланыстыра отырып жүргізу;

  • тәрбиешінің баланың жеке басының даму ерекшелігін, отбасы тәрбиесінің өзіндік сипатын жете білуі, осының негізінде еңбек тәрбиесін ұлттық еңбек дәстүріне сәйкес жүргізуі;

  • қазақ балабақшаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, балаларды қазақ халқының дәстүрлі еңбегіне баулитын ғылыми-

  • әдістемелік құралдармен, түрлі дидактикалық көрнекіліктермен, т.б.

қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.
Қазақстанда балабақшалардың мүмкіндігінше жеке-дара болуын талап еткен абзал, өйткені аралас балабақшада тәрбиені ұлттық негізде құру сәбиелерге ана тілін меңгертуде, дәстүрлі еңбек түрлеріне баулуда қиындық тудырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет