«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі



бет3/10
Дата30.03.2023
өлшемі79,55 Kb.
#77508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Зерттеудің мақсаты:

  1. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерінде жеткіншектерді тәрбиелеу мазмұны.

  2. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін отбасы тәрбиесінде пайдалану.

  3. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие процесінде пайдалану.

  4. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалану.

  5. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектептен тыс мекемелер тәрбиесінде пайдалану.

  6. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін жеткіншектер тәрбиесінде пайдалануға болашақ педагог мамандарды даярлау.

Зерттеу нысаны: Қазақхалық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие процесінде пайдалану
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

    1. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерінде жеткіншектерді тәрбиелеу

Қазақтың дәстүрлі еңбек тәрбиесіндегі тәжірибесін бүгінгі таңдағы жеткіншектер тәрбиесінің негізіне алу – халық педагогикасының мүддесі, әрі талабы. Жеткіншектердің әлеуметтік ортадағы сан салалы қарым-қатынасы мен іс-әрекетін ұйымдастыру барысында халықтық тәжірибе мен ізгі қасиеттерді оның бойына дарыту қашаннан игі мақсат болып келеді.


Демек, тәрбие – жалпы адамзаттық құндылықтар мен халықтың ғасырлар бойы жинақталған, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыра отырып еңбекке тәрбиелеу.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – ұлттық сана-сезімі оянған, қоғамдық байлықты еселей түсуде нарықтық экономика қағидаларына бейімделе отырып, ұлттық руханият пен мәдениет құндылықтарын кеңінен пайдалана алатын, қазақ халқының дәстүрлі еңбегіне бейімделген, белсенді, іскер, бәсекелік, қабілеттілік, шығармашылық қасиеттерге дағдыланған «сегіз қырлы, бір сырлы» жеке тұлғаны қалыптастыру.
Халықтық педагогика процесіндегі ұлттық сана-сезім – адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі. Ұлттық сананың қалыптасу деңгейінен адамның ана тіліне, туған елдің мәдениеті мен тарихына, елі мен жерінің байлығына деген сүйіспеншілігі, азаматтығы көрінеді. Өз елін, ұлтын қадірлейтін адам ғана басқа елді де қадірлей біледі.
Осы ретте, жаңарған қоғамның басты мақсаттарының бірі – әрбір сәбиден бастап жоғары оқу орындарындағы жастарға дейін туған елінің мәдени қазынасынан айырылып, рухани мүгедек болып қалмауы үшін, ана тілін, дінін, салтын, дәстүрлі еңбектің түрлерін меңгертуді оларды өмірлік қажеттілігіне айналдыру.
Өркениетті республикамыздың көпсалалы мектептерінде жеткіншектерді еңбекке этнопедагогикалық мол қазынаға сүйене отырып тәрбиелеудегі ең өзекті міндеттердің бірі – дәстүрлі еңбекке баулу, кәсіптік мамандықты беру бағдарламасы арқылы болашақ мамандығына байланысты менеджмент, маркетинг, технология, бизнес, т.б. салалардан білім, тәрбие беруді ұйымдастыру, өнімді еңбекке және іскерлік бизнеске ұластыру.
Сонымен қатар еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауды, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру қажет.
Тұжырымдама мақсатына сәйкес, отбасы еңбек тәрбиесінен бастап әрбір жасөспірімге жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән еңбекке деген көзқарасы, еркі, өзіндік еңбек іс-әрекетін жасай алатын қабілеті бар субъект екенін ескере отырып, төмендегі міндеттер мен бағыттар жүзеге асырылады:

  1. Қазақ этнопедагогикасындағы ғылыми мағлұматтар мен халық тәжірибесіне негізделген дәстүрлі еңбекке тәрбиелеудің құралдары

мен әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы жеткіншектердің еңбекке деген ұлттық сана-сезімін, еңбек дағдыларын, еңбек етуге әзірлігін, әдеттенуін қалыптастыру.

  1. Көпсалалы ұлттық мектептерді еңбек кабинеттерімен қамтамасыз ету, оқу-өндіріс комбинаттарының жанынан ашылған еңбекке тереңдетіп даярлайтын оқу орындарында дәстүрлі еңбек түрлерінің тәрбиелік мазмұнын күшейтумен қатар үйретуді, меңгертуді көздеген қосымша арнайы пәндерді, курстарды, факультативтік оқуларды енгізу.

  2. Қазақ ұлтының дәстүрлі еңбек түрлерінің қайта түлеуіне, жасөспірімдерді еңбекке даярлаудағы этникалық салт-дәстүрлер мен

әдет-ғұрыптардың еркін гүлденуіне құқылы екенін жас ұрпақтың санасына сіңіру.

  1. Балалар мен жастардың еңбек етуге әдеттену, әзірлену, жұмысты істей білуге деген ықыласын арттыру; олардың ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбексүйгіштік, шығармашылық, белсенділік, іскерлік қасиеттерін дамытып, оны қоғамдық еңбек талабына сай іске асыруға

көмектесу.

  1. Тәрбиенің басты бұлағы – «ата-ана мектебі», сондықтан қыз бала мен ер бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, оларды келешекте отбасының иелері деп есептеп қыз баланы: отбасының береке-құтын сақтайтын келін, ана ретінде имандылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке, кешірімділікке, жан сұлулығы мен тән сұлулығының жарасымды қасиеттеріне жастайынан бейімдеу; отбасына қажетті іскерлік пен дәстүрлі еңбектің түрлеріне: ас пісіру, іс тігу, кесте тоқу, үй ішін, өзін-өзі таза ұстау, үнемдеу, бала тәрбиелеу, т.б. үйрету, дағдыландыру; ер баланы: үй шаруашылығына көмектесуге, мал, егін шаруашылықтарына, қолөнер еңбегіне баулу және атбегілікке, құсбегілікке, сазгерлікке, т.б. үйрету, бейімдеу;

  2. Тәрбие барысының өн бойында жастардың мамандықты еркін таңдауына негізделген кәсіби бағдар жүйесін құру; ауылға қажетті кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік жасау (фермерлік, қожалық, жеке меншік, сәндік-қолданбалы қолөнер және т.б.);

  3. Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру; компьютермен басқарылатын автоматтық технология жүйесін меңгерту, Интернет арқылы өзінің кәсіптік мамандық біліктілігін арттыру;

  4. Нарық экономикасы талаптарын жүзеге асыру процесіне еркін еңбек

пен жоғары өнімділік кепіл бола алады. Сондықтан жеткіншектерге дәстүрлі еңбектің адам өміріндегі мәні мен маңызын түсіндіру, шығармашылық еңбекті дамыту, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, оны табиғи қажеттілікке айналдыру, жоғары икемділікке, нарық жағдайындағы бәсекелікке бейімдеу;

  1. Қоғам мен мемлекет өркендеуінің ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланыстылығын ескере отырып, жеткіншектерді ауылшаруашылық техникасының тетігін еркін меңгерген жұмысшы маманы ретінде тәрбиелеуге баса көңіл бөлу; өнім шығару және өңдеу шеберханаларындағы еңбекке қатыстыру; өндірістің бағыт-бағдары тек қана нарық екенін, оның дүниежүзілік тәжірибеде кеңінен қолданылатынын жеткіншектерге түсіндіру; іскерлік бизнеске бағыттау және т.б.

Бүгінгі күннің талабына сай жеткіншектердің еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін айқындаумен қатар, оның мазмұнын, әдіс-
тәсілдерін және оны ұйымдастырудың негізгі қағидалары анықталды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет