Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы



бет1/29
Дата14.10.2023
өлшемі146,5 Kb.
#115032
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
v2000020317.07-08-2023.kaz (2)






Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20317 болып тіркелді.

Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 58) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;


2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;


3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;


4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;


5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;


6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;


7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;


8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары бекітілсін


Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


2. "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдердегі мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанындағы мынадай:


1-4 сыныптарға арналған сынып журналының,


5-11 сыныптарға арналған сынып журналының,


мектепалды сыныптардың журналының;


факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналының,


білім алушының жеке іс қағазының,


1-4 сынып білім алушыларының үлгерімі туралы табельдердің,


5-11 (12) сынып білім алушыларының сабақ үлгерімі туралы табелдердің,


бұйрықтарды тіркеу кітабының (негізгі қызметке, жеке құрам бойынша, білім алушылардың қозғалысы бойынша),


педагогикалық кеңес хаттамалары кітабының,


педагог қызметкерлердің жеке құрамын есепке алу кітабының,


білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың,


кеткен білім алушыларды есепке алу кітабының,


келген білім алушыларды есепке алу кітабының,


босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналының,


білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабының,


негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабының,


жалпы орта білім беру туралы атестатты есепке алу және беру кітабының,


мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабының,


техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған теориялық оқытуды есепке алу журналының,


жеке сабақтарды есепке алу журналының,


техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналының,


білім алушының үлгерімі кітабының,


диплом беру кітабының,


дипломдардың телнұсқасын беру кітабының,


академиялық анықтама беру кітабының,


білім алушылардың атаулы кітабының нысандары алынып тасталсын.


3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:


1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;


2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;


3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) и 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.


3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.


4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі




А. Аймагамбетов




Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 130 бұйрығына
1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Педагогтер құжаттарды қағаз немесе электрондық (білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған кезде) форматта толтырады. Электрондық форматта толтыру кезінде қағаз нұсқасы талап етілмейді.


Электрондық цифрлық қолтаңба құжаттарды электрондық форматта жүргізген және электрондық жүйеге қосқан кезде қол мен мөрге теңестіріледі.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының және мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарының педагогтері:


осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тәрбиеші қазақ тілі мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушымен, музыкалық жетекшімен (қағаз немесе word word (ворд) немесе pdf (пдф) электрондық форматта) бірлесіп:


1) оқу жылы басталғанға дейін бір рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жылына арналған ұйымдастырылған қызметтің перспективалық жоспарын әзірлейді;


2) апта сайын тәрбие-білім беру процесінің циклограммасын жасайды;


3) оқу жылының басында бір рет баланың оқу жылына арналған жеке даму картасын әзірлейді және диагностиканың (бастапқы, аралық, қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша жеке даму картасына өзгерістер енгізеді.



Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 130 бұйрығына
2-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет