«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



Дата25.04.2023
өлшемі13,94 Kb.
#86857
Байланысты:
минездеме


Қарағанды « Bolashaq» жоғарғы колледжінің
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
мамандығының 3 курс студентті
Темирбай Жазира Сабитқызы

Мiнездеме
Темирбай Жазира «Жұлдыз» бөбекжайының №8 «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобында 13.03.2023- 07.04.2023 жыл аралығында тәрбиеші мамандығы бойынша практикадан өтті.
Осы уақыт аралығында Жазира күн тәртібіне енгiзiлген жоспарды толығымен орындап, косымша жұмыстар өткiзiп, жауапкершілікпен карап, мектепке дейінгі тәрбие әдістемесін меңгере отырып, зор ынтамен және ерекше қызығушылықпен әртүрлі ойындар, күн тәртiбiндегi түрлі жұмыстарды ұйымдастыра білді. Жұмыс барысында Жазира тәрбиешілерден бала тәрбиесіне байланысты көмек, кеңес ала отырып, педагогтардың ұсынысын қабылдай алды. Әдістер мен тәсілдерді дұрыс қолданып, жеке жұмыстарды жүргізді. Табиғат бұрышында балалармен еңбек іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білді. Сюжеттік рөлдік, дидактикалық, үстел-үсті ойындарын жақсы ұйымдастырды. Әдіс тәсілдерді кеңінен қолдана отырып, іс-әрекеттерін қызықты, әрi тиiмдi етiп өткізді. Балалармен қарым-қатынасы өте жаксы. Мiнезi қарапайым, сөйлеу мәнері тартымды. Бірінші күннен бастап Жазира балаларды жылы шыраймен қарсы алып, ойын бұраштарына жайғастырып, ойын шарттарын түсіндіріп, балаларды ұйымдастыра білді. Балалар да оны жақсы көріп, бауыр басып алды. Серуен кезінде балалармен түрлі қызықты, қимылды ойындар ұйымдастыра отырып, тәрбие беруге, логикалық ойлауын дамытуға көп назар аударды. Жазира өз мамандығын жақсы көретін жас болса да қабiлеттi мамандардын бiрi. Жауапкершілігі мол әрі жұмысқа салмақты ұқыпты қарап тиянақты жасайды. Педагогтың жұмыс аткару біліктілігін «5» (өте жақсы) деп бағалаймын.

Директор : Г.Ж.Исина
Әдіскер : З.Б.Ахметова
Тәрбиеші : Б.Т.Жосалбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет