Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы


Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет7/8
Дата25.09.2022
өлшемі207,38 Kb.
#40215
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
348 стандарт

Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Осы МЖБС-ны меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.
2. МЖБС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) базалық құзырет – білім алушының жеке, әлеуметтік және кәсіби қызметіне қажетті білім, білік және дағдылардың жиынтығы;
2) базалық модуль – білім алушының базалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;
3) білім алушының жеке компоненті – жобалау жұмысы арқылы біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталған білім беру бағдарламасының бөлігі;
4) білім беру ұйымының таңдау компоненті – WorldSkills стандарттарын ескере отырып, өңірлік даму жоспарына, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес білім беру ұйымы анықтайтын модульдер тізбесі;
5) демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;
6) дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, оның ішінде жобалық тәсілдерді қолдана отырып жинақтауды білдіретін өзіндік бітіру жұмысы;
7) жеке оқу жоспары – меңгерілетін орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы шегінде жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал ететін білім алушының оқу жоспары;
8) жобалау жұмысы – педагогтің немесе тәлімгердің басшылығымен орындалатын білім алушының практикалық және/немесе шығармашылық жұмысы;
9) жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының нақты модулі үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
10) жұмыс оқу жоспары – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әзірлейтін модульдерінің тізбесін, көлемдерін, оларды зерделеу дәйектілігін, сондай-ақ олардың игерілуін бақылау нысанын регламенттейтін құжат;
11) кәсіби құзырет – кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, білік және дағды, сондай-ақ жеке қасиеттер негізінде кәсіби міндеттер жиынтығын шешу қабілеті;
12) кәсіптік модуль – кәсіби құзыретті қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;
13) консультация – білім беру бағдарламаcын меңгеру кезінде білім алушыларға көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу сабақтарының нысаны;
14) кредит – біліктіліктегі оқыту нәтижелерінің жалпы салмағының немесе біліктіліктің жеке компонентінің сандық көрінісі;
15) кредиттік-модульдік жүйе – модульдік және кредиттік оқыту технологиясының бірлігіне негізделген оқу процесін ұйымдастыру моделі;
16) міндетті компонент – білім алушылар міндетті түрде меңгеретін модульдерінің тізбесі;
17) факультативтік сабақ – міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту.
2 тарау. Орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнына оқыту нәтижелеріне бағдар жасай отырып қойылатын талаптар
3. Орта білімнен кейінгі білімнің мазмұны білім беру бағдарламаларымен анықталады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны теориялық сабақтарды, зертханалық-практикалық жұмыстарды орындауды, өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді қамтитын базалық және кәсіптік модульдерді меңгеруді қарастырады.
4. Білім беру бағдарламаларын орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жұмыс берушілердің қатысуымен осы МЖБС-ның, кәсіптік стандарттар (бар болса), WorldSkills кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарының негізінде дербес әзірлейді.
Білім беру бағдарламасының құрылымына паспорт, жұмыс оқу жоспары және жұмыс оқу бағдарламалары кіреді.
5. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін енгізе отырып, модульдерге интеграцияланған техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді.
6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары кредиттік-модульдік технологияны қолдана отырып, құзыреттілік тәсіл негізінде құрылады.
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын нақты қызметті орындау және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін қажетті білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұндық аспектілерін біріктіру негізінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейді.
7. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары базалық құзыреттерді қалыптастыратын базалық модульдерді оқытуды көздейді.
Базалық құзыреттер салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене қасиеттерін жетілдіруге, қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтенуге және бейімделуге, патриотизм мен ұлттық сана-сезімді дамытуға, кәсіпкерлік қызмет дағдыларын және қаржылық сауаттылықты игеруге, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған.
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде мынадай базалық модульдер оқытылады:
1) дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;
2) ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;
3) қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану;
4) кәсіби қызметте қазіргі заманғы экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтары мен механизмдерін қолдану.
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымның қалауы бойынша базалық модульдер мамандық бейініне байланысты кәсіптік модульдерге біріктіріледі.
Қосымша базалық модульдерді қосуға рұқсат етіледі.
8. Кәсіптік модульдер экологиялық және/немесе өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, біліктілік бойынша еңбек функциялары мен кәсіби міндеттердің мазмұнын көздейді.
Кәсіптік модульдерді орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес айқындайды.
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының қалауы бойынша біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейту мақсатында кәсіптік модульдер шеңберінде жобалау жұмысы арқылы білім алушының жеке компоненті іске асырылады.
9. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары теориялық оқытумен қатар өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.
Кәсіптік практика оқу, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің жоспарымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.
Дуальды оқытуды пайдаланылатын орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.
10. Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалау әр түрлі бақылау түрлерімен жүргізіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.
Бақылау жұмыстары, сынақтар және курстық жобалар (жұмыстар) модульді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
Өнер және мәдениет саласының мамандықтары үшін қорытынды және (немесе) аралық аттестаттауды өткізу кезінде шығармашылық тапсырмаларды орындау көзделген. Шығармашылық тапсырма туралы ережені орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес әзірлейді.
Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында өткізіледі. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысанын орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.
11. Жұмыс оқу жоспарлары МЖБС-ның қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі негізінде әзірленеді.
12. Жұмыс оқу бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, оқу жоспарының барлық модульдері бойынша әзірленеді және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы бекітеді.
13. Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы:
1) міндетті оқытуға бөлінген кредиттердің/сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, циклдердің, модульдердің көлемі мен мазмұнын дербес айқындайды;
2) бір мамандық шеңберінде модульдердің/біліктіліктердің жүйелігін, тізбесін және санын айқындайды;
3) оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін, оқытудың әртүрлі технологияларын таңдайды.
14. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасының мазмұны жұмысшы біліктілігін игере отырып, қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейді және білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етеді және мәндес мамандықтар (біліктіліктер) бойынша білім берудің келесі деңгейінде оқыту нәтижелері мен кредиттерді/сағаттарды қайта есептеуді қамтамасыз етеді.
3- тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
15. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесін – аптасына кемінде 36 сағат, сондай-ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспайды.
16. Әрбір оқу жылына арналған міндетті оқу уақытының көлемі 60 кредитті/1440 сағатты құрайды.
Білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар қарастырылған.
17. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша кредитпен/сағатпен өлшенеді.
1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең.
18. Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды және сырттай оқу нысаны үшін 30%-ды құрайды.
4-тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
19. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіптік стандарттар дескрипторларымен айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінен байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетеді.
Дескрипторлар білім алушылардың мынадай қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді: ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсаттары шеңберінде еңбек және оқу қызметінің үдерістерін өз бетінше басқару және бақылау жүргізу, мәселелерді талқылау, қорытындыларды дәлелдеу және ақпаратпен сауатты жұмыс істеу, кәсіби салада теориялық және практикалық білімнің кең ауқымын қолдану, кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздестіруді орындау, шешу тәсілдерінің алуан түрлілігін және оларды таңдауды болжайтын, шығармашылық тәсілді қолдану (немесе кәсіби проблемаларды шешудің әртүрлі, оның ішінде балама нұсқаларын өз бетінше әзірлеу және ұсыну шеберлігі мен дағдысы), ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзетуді орындау.
5-тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар
20. Білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдері білім беру деңгейлеріне байланысты анықталады:
- жалпы орта білім базасында 180 кредит;
- техникалық және кәсіптік білім базасында білікті жұмысшы біліктілігімен 120 кредит;
- техникалық және кәсіптік білім базасында орта буын маманы біліктілігімен 60 кредит.


Орта білімнен кейінгі білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
қосымша

Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі

р/н

Оқу қызметінің модульдері мен түрлерінің атауы

Кредиттер/сағаттар саны

Орта буын маманы біліктілігімен техникалық және кәсіптік білім базасында

Білікті жұмысшы кадрларының біліктілігімен техникалық және кәсіптік білім базасында

Жалпы орта білім базасында

1

2

3

4

5

1

Базалық модульдер

+

+

+

2

Кәсіптік модульдер







2.1

Білікті жұмысшы кадрларының деңгейі бойынша кәсіптік модульдер*

60/1440

-

-

2.2

Қолданбалы бакалавр біліктілігінің кәсіптік модульдері*

120/2880**

120/2880**

60/1440

3

Аралық аттестаттау

+

+

+

4

Қорытынды аттестаттау

+

+

+



Міндетті оқыту жиыны

180/4320

120/2880

60/1440

5

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды

6

Консультация

оқу жылына 100 сағаттан аспайды



Барлығы

206/4944

138/3312

69/1656

Ескерпе:
* өндірістік оқыту және/немесе кәсіптік практика кәсіптік модульдің кемінде 40% -ын құрайды.
** орта буын маманының мәндес біліктілігінің кәсіптік модульдерін игеру көзделген.


Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы "3" тамыздағы
№ 348 бұйрығына
7 қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет