Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту



бет27/130
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52502
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   130
5-параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту
122. Оқыту процесінде сөйлеу тілінің үш түрі (ауызша, ауызша-дактилді, жазбаша) пайдаланылады. Ауызша сөйлеу тілі тиянақтымеңгерілген сөйлеу материалы негізінде тікелей қарым-қатынаста қолданылады. Ауызша-дактилді сөйлеу тілі көлемді әңгімелеуде және құрылымы бойынша күрделі сөздерді тұтынуда қолданылады. Жазбаша сөйлеу тілі - жаңа пікірлер мен сөздерді жазу мақсатында, әңгімелерді жазу кезінде қолданылады.
123. Балалардың қабылдауы үшін төмендегідей дыбысталу көздерін ұсынады:дауыс, дабыл, дауылпаз, металлофон, күйсандық, сыбызғы.Балалар келесі тәсілдердің көмегімен жауап береді): дирижерлау, шапалақ ұру, тарсылдату, буындап айта отырып дыбысталатын ойыншықтарда ойнау;дауыстық реакция; геометриялық формалар, фишкалар, қағаздар жолақтардың көмегімен ритмді қою.
124. Оқудың бесінші жылында сөйлеу тілінің фонетикалық жағын нақтылау жалғасады; сөзді дәлме-дәл айту дағдылары жетілдіріледі; фразалық сөйлеу тілі дамиды, өз бетінше ауызша қарым-қатынас жандандырылады.
Параграф 6. 1 -жартыжылдық
125. Тілдік емес дыбыстау:
1) есту арқылы сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажырату;
2) оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажырату;
3) есту арқылы қазақтың ұлттық әуендерін, әндерін ажырату;
4) есту арқылы қайталанатын 2-3 буынды ырғақты ажырату;
5) жануарлар мен құстардың дауыстарын ажырату (4-5тен таңдау бойынша).
126. Тілдік дыбыстау:
1) сөйлеу тіліне деген белсенді ырықты зейіннің болуы, қаратып айтылған сөзді тыңдау, әрі оның мазмұнын түсіну, өзінің және өзгелердің сөйлеу тіліндегі қателерді есту;
2) есту арқылы екі буынды тапсырмаларды нұсқау бойынша орындау;
3) естіп-көріп қабылдау арқылы екі буынды тапсырмаларды нұсқау бойынша орындау;
4) өлеңдер мен мәтіндерді тану;
5) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды тану;
6) балаларға арналған таныс өлеңдер мен әндерді тану;
7) педагогтің сөйлеу тілінің дыбыс күшін, биіктігін, қарқынын анықтау;
8) мәтіннің мазбұны бойынша сұрақтарға жауап беру;
9) есту арқылы ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажырату;
10) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажырату;
11) телехабарлар, мультфильмдер көруде, экскурсия барысында сөйлеу материалын тану.
127. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
1) сөздер мен сөз тіркестері материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
2) сөздер мен сөз тіркестері материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
3) сөздер мен сөз тіркестері материалында дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру (дифференциациялау);
4) әр түрлі ұйқастағы өлең, тақпақтардың айтылу қарқынын өзгерту;
5) қатты дауысты бірте-бірте сыбдырға дейін әлсірету;
6) сыбдырды бірте-бірте өте қатты дауысқа дейін күшейту;
7) дұрыс айтылатын дыбыстардан тұратын құрылымы бойынша күрделі сөздерді айтудағы қиындықтарды жеңу;
8) жаңылтпаштардың айтылу қарқынын өзгертіп айту;
9) өтініш, шаттық, таң қалу, ауырсыну, айыптау, түрткі салу, сұрақ қоюмен байланысты сөз тіркестерін интонациямен айту;
10) дауысты дыбыстарды, буындарды ақырын, өте ақырын, сыбырлап айту;
11) сөйлеуде диафрагмалды тыныс алуды және ауызбен ұзақ дем шығаруды дербес бақылау;
12) сөзде логикалық екпінді бөліп көрсету;
13) дербес сөйлеу тілінде меңгерілген дағдыларды қолдану білігі;
14) сөздер мен сөз тіркестерін әр түрлі күштегі дауыспен айту.
128. Күтілетін нәтижелер:
1) есту арқылы екі буынды тапсырмаларды нұсқау бойынша орындайды;
2) өтініш, шаттық, таң қалу, ауырсыну, айыптау, түрткі салу, сұрақ қоюмен байланысты сөз тіркестерін интонациямен айтады;
3) айтылу қарқынын, күшін өзгертеді;
4) балаларға арналған таныс өлеңдер мен әндерді таниды;
5) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды таниды;
6) естіп-көру арқылы таныс өлеңдер мен мәтіндерді таниды;
7) сөйлеу тілінің дыбыс күшін, биіктігін, қарқынын таниды;
8) мәтіннің мазбұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
9) жаңылтпаштарды айтады;
10) дұрыс айтылатын дыбыстардан тұратын құрылымы бойынша күрделі сөздерді айтады;
11) қайталанатын 2-3 буынды ырғақты ажыратады;
12) жануарлар мен құстардың дауыстарын ажыратады (4-5тен таңдау бойынша);
13) ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажыратады;
14) сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажыратады;
15) оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажыратады;
16) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажыратады;
17) сөздік және логикалық екпінді сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет