Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-тарау.Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар)



бет17/130
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52502
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   130
4-тарау.Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
62. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - тіл дамыту, есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
2-параграф. Тіл дамыту
63. Оқытудың 3-жылында балаларды: кітапта, тақтада, қағазда, кестеде баспа әріптермен жазылған сөздерді дактилді талдап оқуға;меңгерілген тілдік материалдың дыбыстық-әріптік белгілерінің құрамынбекіту үшін ауызша-дактилдеп айтуға;ауызша сөйлеу тілін қолдануғаүйретеді.
64. Нашар еститін балаларға арналған топтарда сөйлеу тілінің дактилді түрі талдап оқуды меңгеру процесіндегі сөздің дыбыстық-әріптік құрамын нақтылау үшін,көмекші құрал ретінде пайдаланылады.
65. Тақырыптық топтамалар бойынша сөздік іс-қимыл, қасиеттері, сапа, кеңістікте орналасқан заттардың атауларының санын ұлғайту есебінен кеңейеді (сын есім, үстеу, етістіктің түрлері). Сөздіктің көлемін ұлғайту жекелеген іс-әрекеттерді нақтылау, талдау есебінен жүргізіледі.
3-параграф. 1 - жартыжылдық
66. Қатынас:
1) әңгімелесушіні мұқият тыңдайды;
2) сөйлеу этикетінің ережелерінбіледі;
3) бейтаныс адамдармен сөйлесу;
4) бейтаныс еститін балалармен тілдесу;
5) заттарды, суреттерді, топтағы құрдастарымен болған оқиғаларды талқылау (табличкалар, педагогтың көмегімен);
6) дербес сәлемдесу және әр түрлі жағдайларда қоштасу;
7) әңгіме барысында кезектілік сақтау немесе сөйлеу үшін төзімділік танытып, өз кезегін күту;
8) ауызша немесе ауызша-дактилді формада жасаған әрекеті туралы хабарлау;
9) ауызша сөйлеу тілі арқылы қатынасқа түсуге тырысады;
10) ойын жағдайын "сөйлету" білігі және осы негізде сөйлеу тілінің коммуникативтік қызметін дамыту;
11) сұрақтарға қысқаша және толық жауап беруді білу, сұрақтар қою, диалог жүргізу, бір-бірін соңына дейін тыңдау;
12) танысу-әңгімеге қатысу.
67. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
1) үлгі бойынша етістіктерді қолданып бейнелік, заттық әрекеттерді орындау;
2) ауызша нұсқау бойынша бейнелік, заттық әрекеттерді (бұйрық райда) орындау;
3) тапсырмаларды орындау;
4) заттарды, суреттерді атауы, дыбысталуы бойынша топтастыру;
5) ауызша немесе ауызша-дактилді формадасұрақтарға жауап беру;
6) жалпылама сөздердің мағынасын түсінеді;
7) етістіктерді қарама-қарсы мәні бойынша ажырату;
8) сын есімдерді, қарама-қарсы мәні бойынша ажырату;
9) 3-4 сөзден тұратын сөйлемшелердің мәнін түсіну;
10) сұраулы, мақұлданған, лепті интонацияларды түсіну, ажырату;
11) мәтіндегі себеп-салдарлық байланыстарды түсіну, сұрақтарға жауап беру;
12) етістіктің осы және өткен шақтағы мәндерін ажырату;
13) сөздердің жекеше, көпше түрдегі мәндерін ажырату;
14) ертегілер, әңгімелер, өлеңдер тыңдау;
15) етістіктің жекеше, көпше түрін осы және өткен шақта зат есіммен үйлестіру;
16) жіктеу есімдігін түсіну;
17) тәуелдеу есімдігін түсіну;
18) тәуелдеу есімдіктерді түсіну;
19) септеу сұрақтарын түсіну.
68. Айтылым:
1) жалпы топтан берілген заттар мен олардың суреттерін тауып айтылған орынға орналастыру;
2) жалпылама қолданылатын сөйлеу түрлерінде қарапайым сөздерді және дыбыстық еліктеулерді алмастыру;
3) қысқа мәтінді, өлең шумақтарын жатқа оқу;
4) жіктеу және тәуелдеу есімдігін қолдану;
5) енжар сөздік қорынан заттың атын, іс-әрекетін білдіретін жаңа сөздерді қолдану;
6) тәуелдеу есімдігін қолдану;
7) сөйлемнің әртүрлі типтерін қолдану;
8) тілдік қатынаста өз қалауын білдіру үшін ауызша, ауызша-дактилді, жазбаша сөйлеу тілін қолдану (сұрақтар, түрткі салу, хабарлама, келіспеу);
9) іс-әрекетін, қасиеттері мен сапасын, есімдерін, септеуліктерін, санын білдіретін таныс заттарды атау;
10) заттардың атын оларға кестеде жазылған сөздер мен қысқа фразаларды қою арқылы атау;
11) бірнеше сөйлемді біріктіріп, қысқа әңгіме құрау;
12) сұрақтар бойынша заттар мен суреттерді ересектердің көмегімен суреттеу;
13) заттар мен суреттегі заттардың бейнесін, іс - қимылды суреттеу;
14) сюжетті суреттерді сипаттау;
15) сөйлеуде жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолданып жауап беру (сұрақ-жауап);
16) тапсырманы орындау туралы есеп беру;
17) таныс заттар мен суреттерге кестені сәйкестендіріп шамалап айту;
18) сөздерді, фразаларды байланыстырып, біріктіріп сөздерді бейнелі көрсетіп шамалап айту;
19) үйде, серуенде, топтағы жағдаяттар туралы әңгімелеу (3-4 сөйлем);
20) тұрмыстық іс-әрекеттерді шынайы, эмоционалды көркемдеп айту (хабарлама, сұрақтар, түрткі салу);
21) суреттер, сұрақтар, іс-әрекеттер бойынша көмекші сөздер (жанында, қасында, астында, үстінде) көмегімен жалаң және жайылма сөйлем құрау;
22) сөйлеуде жалпылама сөздерді қолдану;
23) етістікті ашық райда осы және өткен шақта қолдану;
24) зат есімді жекеше, көпше түрде қолдану.
69. Оқылым және жазылым:
1) фразаларды, сөз тіркестерін, сөздерді талдап (дактилдеп) оқу (кестеде жазылған сөздер);
2) қысқа әңгімелерді драмалау (3-4 сөйлеммен);
3) сөздерді дыбыстық талдау-жинақтау;
4) берілген мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беру;
5) өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазу;
6) оқылған мәтінге қатысты суреттерді таңдау (3-4 сөйлем);
7) өз бетінше қысқа сөздерді талдап (дактилдеп) оқу;
8) заттық немесе ілеспе суреттерге қарап 2-3 сөйлемнен тұратын мәтін құрау және оқу (кестенің көмегімен берілген сұрақтар бойынша);
9) ілеспе суреттер бойынша (3-4 сөйлем) әңгіме құрау (таныс сөздер беріледі);
10) қима әріптерден сөздер құрастыру;
11) кітаптағы жазылған суреттерге қарап білетін 2-4 сөздерді, фразаларды тану;
12) кітаптан мәтін оқу, оқыған мәтінді драмалау, суреттерді таңдау (3- 4 сөйлем).
70. Күтілетін нәтижелер:
1) бейтаныс ересек адамдармен, балалармен сөйлеседі;
2) мәтіндегі себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсетеді, сұрақтарға жауап береді;
3) тапсырманы орындайды, есеп береді;
4) үлкендердің көмегімен қысқа әңгімелерді драмалайды (3-4 сөйлеммен);
5) іс-әрекетін, қасиеттері мен сапасын, есімдерін, септеуліктерін, санын білдіретін таныс заттарды атайды;
6) топтағы құрдастарымен болған оқиғаларды талқылайды;
7) сұрақтар бойынша заттар мен суреттерді ересектердің көмегімен сөз тізбесімен суреттейді;
8) сөйлеуде жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолданып жауап береді;
9) өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазады;
10) оқылған мәтінге қатысты суреттерді таңдайды;
11) жалпылама сөздердің, 3-4 сөзден тұратын фразалардың мағынасын түсінеді;
12) сұраулы, мақұлданған, лепті интонацияларды ажыратады;
13) үйде, серуенде, топтағы жағдаяттар туралы әңгімелейді;
14) өз бетінше қысқа сөздерді талдап (дактилдеп) оқиды;
15) дербес сәлемдеседі, қоштасады;
16) ертегі, өлең, әңгімелерді тыңдайды;
17) ауызша немесе дактилді формада жасаған әрекеті туралы хабарлайды;
18) суретке қима әріптерден сөздер құрастырады;
19) заттық немесе ілеспе (сюжетті) суреттерге қарап 2-3 сөйлемнен тұратын мәтін құрайды;
20) сөйлеуде жалпылама сөздерді қолданады;
21) етістікті ашық райда осы және өткен шақта қолданады;
22) зат есімді жекеше, көпше түрде қолданады;
23) танысу-әңгімеге қатысады;
24) қысқа мәтіндерді талдап (дактилдеп) оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет