15-параграф. 2 - жартыжылдық 187. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек: 1) практикалық еңбек дағдыларын қалыптастыру; ұжымдық тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру; 2) еңбек тапсырмаларын орындау, бір-біріне көмектесу дағдыларын қалыптастыру; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету; 3) ересектердің тапсырмасын (асханадағы кезекшілік) орындау дағдыларын қалыптастыру); 4) ересектің жартылай көмегімен сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салу және шешу икемділігін қалыптастыру; 5) ересектердің (медбикенің) еңбегін бақылау. 188. Күтілетін нәтижелер: 1) еңбектік тапсырмаларды педагогтың сөздік нұсқауы бойынша орындайды; 2) ұжымдық тапсырмаларды орындайды - ойыншықтары бар сөрелердің шаңын сүртеді, қуыршақтың киімін жуады, ересектермен бірге үлескедегі қоқыстарды жинайды, жаппаның ішіндегі ойыншықтарды жинайды; 3) кезекшілердің міндеттерін орындайды - нан салғышты, майлық қағаз салғышты, ас ішетін құралдарды қояды; 4) ересектің жартылай көмегімен сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салады және шешеді; 5) ересектің сөздік нұсқауы бойынша киімдерін шкафтағы өз орындарына салады; 6) педагогтың басшылығымен қарапайым тапсырманы және әрекетті орындайды; 7) денсаулықты күту үшін медбикенің жұмысының маңызы туралы ("Аурухана" сюжеттік-рөлдік ойын арқылы) түсінігі болады. 189. Қол еңбегі: 1) қағаздың әртүрлі түрлері туралы түсінікті қалыптастыру; 2) қалдық материалдар (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) туралы түсінікті қалыптастыру; 3) табиғи материалмен (бүр, емен жаңғағы, жапырақ, тұқым, жаңғақтардың қабығы, жеміс сүйектері) танысу; 4) ересектің әртүрлі материалдардан бұйым жасаған кездегі еңбегін бақылау; 5) құрлымы әртүрлі қағазды көру-жанасу арқылы қабылдауды дамыту; 6) ересектің еңбек әрекетіне, бұйымдарына деген қызығушылықты дамыту. 190. Күтілетін нәтижелер: 1) қағаздың әртүрлі түрлері туралы, қалдық материалдар (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) туралы, табиғи материалдар (бүр, емен жаңғағы, жапырақ, тұқым, жаңғақтардың қабығы, жеміс сүйектері) туралы түсініктері болады; 2) қағазды, қалдық материалды, табиғи материалды ажыратады; 3) ересектің әртүрлі материалдардан бұйым жасауын бақылайды.