13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 180. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны - әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу (шаруашылық-тұрмыстық еңбек, қол еңбегі) ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. 181. Мақсаты жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын жалпы адамзаттық норма мен ережелер негізінде қалыптастыру болып табылады. 182. Міндеттері: 1) ересектердің еңбегі туралы білімді, құрдастырымен және ерсесектермен өзара қатынас ережелері туралы білімді байыту; 2) құрдастарымен өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыру; 3) нақты бір жағдайға: орындыққа отыру, сабақта отыру, өзінің төсегіне жату, серуенге шығарда киімін өзінің шкафынан алуға және салуға қатысты барабар тәртіпті қалыптастыру; 4) басқа баланың әрекеттерін және бірнеше құрдастарының ойынын бақылауға үйрету; 5) құрдасына эмоционалды жағымды ниет көрсетіп, онымен бірге әрекеттенуге үйрету; 6) ересектердің еңбектері туралы түсінікті қалыптастыру; 7) ересектердің тапсырмаларын орындауға үйрету; 8) еңбек әрекетіндегі белсенділікті дамыту; 9) ересектердің еңбегін құрметтеу сезімін тәрбиелеу; 10) бұйымдарды өз қолымен жасауға деген қалау мен қызығушылықты дамыту; 11) балалардың ірі, ұсақ қимыл-қозғалыстарын, сөйлеу тілін дамыту. 14-параграф. 1 - жартыжылдық 183. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек: 1) шамасы жететін еңбек әрекеттерін орындау; жеке тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру; 2) өзіне-өзі қызмет көрсету (сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салу және шешу); барлық әрекеттерді еліктеу бойынша немесе ересектің жартылай көмегімен орындау; асхана бойынша кезекшілік туралы түсінікті қалыптастыру; 3) ересектердің (тәрбиешінің көмекшісі, аула тазартушы) еңбегін бақылау; ерсектердің еңбегіне құрметпен қарау; 4) өзін әрекеттену субъектісі ретіндегі түсінікті, өзінің эмоцианалды жағдайы туралы, өзінің қажеттілігі, қалауы, қызығушылығы туралы түсініктерді қалыптастыру; 5) нақты бір жағдайға: орындыққа отыру, сабақта отыру, өзінің төсегіне жату, серуенге шығарда киімін өзінің шкафынан алуға және салуға қатысты дағдыны қалыптастыру; 6) қуыршақты жуындыруға, шешіндіру мен киіндіруге, ойыншық ыдыстармен дастарқан дайындауға, қуыршақтың төсегін салуға байланысты ойын әрекеттерінің дәйекті тізбегін орындау дағдыларын қалыптастыру. 184. Күтілетін нәтижелер: 1) ересектің көрсетуі және орындау мысалы бойынша қарапайым еңбек тапсырмаларын (алып кел, жина, орнына қой) орындайды; 2) жай мен ауланы жинау үшін қажетті құралдарды көрсетеді; 3) топ бөлмесіндегі тазалықты сақтай біледі: ойыншықтарды орнына жинайды және жуады, оларды орындарына қояды; 4) асханадағы кезекшілік туралы түсінігі болады; 5) ересектің басшылығымен қуыршақты жуындырады, шешіндіреді және киіндіреді, ойыншық ыдыстармен дастарқан жаяды, қуыршақтың төсегін салады; 6) ересектің жартылай көмегімен сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салады және шешеді; 7) өзінің эмоционалды жағдайын, қалауын, қажеттілігін ым-ишарат, мимика арқылы білдіреді; 8) ересектің жартылай көмегімен орындыққа отырады, сабақта отырады, өзінің төсегіне жатады, серуенге шығарда киімін өзінің шкафынан алады және салады. 185. Қол еңбегі: 1) қағаздың әртүрлі түрлері туралы түсінікті қалыптастыру; қалдық материалдар (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) туралы түсінікті қалыптастыру; 2) ересектің әртүрлі материалдардан бұйым жасаған кездегі еңбегін бақылау; ересектің еңбек әрекетіне, бұйымдарына деген қызығушылықты дамыту; 3) құрлымы әртүрлі қағазды көру-жанасу арқылы қабылдауды дамыту. 186. Күтілетін нәтижелер: 1) қағаздың әртүрлі түрлері туралы, қалдық материалдар (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) туралы түсініктері болады; 2) қағазды, тастайтын материалды ажыратады; 3) ересектің әртүрлі материалдардан бұйым жасауын бақылайды.