Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет118/189
Дата11.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#73441
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   189
Байланысты:
499 бұйрық

9-параграф. 2 - жартыжылдық

228. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:


1) сандық түсініктер және санау: 1, 2, 3, 4 цифрлармен танысу, әрбір цифрды саусақтардың санымен, көру және жанасу арқылы қабылданатын заттармен, орындалған әрекеттердің дыбыстарының санымен сәйкестендіру; 2 және 3 сандарының бірліктік құрамдары; есте сақтау бойынша атау жаттығулары: киімдердің бөліктерінің саны (көйлектің неше жеңі бар), көліктердің бөліктерінің немесе негізгі бөліктерінің саны, адам мен жануарлардың дене мүшелері; 4 көлеміндегі заттардың санын елестету бойынша салыстыру; 1-4 сан қатарындағы дәйектілік, 4-ке дейінгі реттік санау, "санағанда нешінші?", "барлығы қанша?" сұрақтарына жауап бере білу; 4-тен көрнекі материалды, саусақтарды тірек ете отырып кері ретте санаутоптағы заттар санының түстен, пішіннен, заттардың арасындағы қашықтықтан және санау бағытынан тәуелсіздігі туралы түсінікті қалыптастыру; соңғы санның соңғыға емес, барлық заттар тобына қатысты екенін түсіну; 4 көлеміндегі қорытынды санды атай отырып, заттарды бір-бірлеп санау және қайтадан санау: "барлығы қанша?", "қанша қалды?"; сан мен заттар санын сәйкестендіру;


2) шама: белгілі бір берілген қасиеттері бар заттардан топ құру; заттарды ұзындығы, биіктігі бойынша салыстыру: ұзын-қысқа, ұзындықтары бірдей: жуан-жіңішке, жуандығы бірдей; бір немесе бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленетін заттарды салыстыру;


3) геометриялық фигуралар: әртүрлі геометриялық фигураларды (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) ажырату; геометриялық фигураларды түрлендіру, бөліктерден құру; геометриялық фигураларды жалпы белгілері (дөңгелек, бұрышты) бойынша салыстыру; геометриялық фигураларды жалпы белгілері (дөңгелек, бұрышты) бойынша ажырат;


4) кеңістікте бағдарлау: қимылды сөздік немесе көру белгісі бойынша өзгерту; қағаз бетіндегі жазықтықта бағдарлау: "жоғарыда", "төменде", "ортасында", "сол жақта", "оң жақта"; кеңістіктік түсініктер: "алға", "артқа", "жақын", "алыс", "үстінде", "астында", "жанында", "артында";


5) мезгілдік бағдарлау: жыл мезгілі (күз, қыс, көктем, жаз); мезгілдік түсініктер(жылдам-ақырын; алдымен, содан кейін); тәулік бөліктері(түн, таңертең, күндіз, кешке, бүгін, кеше, ертең).


229. Күтілетін нәтижелер:


1) 4 саны көлеміндегі заттарды көрсету ишаратын пайдаланып санайды, қорытынды санды атайды немесе көрсетеді;


2) бір текті және әр түрлі текті көптіктерден 4 көлемінде берілген сандағы заттарды ерекшелейді, ересектің өтініші бойынша қайтадан санау арқылы тексереді;


3) 4 саны көлеміндегі зат топтарын "артық" және "жетіспейтін" санды тірек ете отырып салыстырады;


4) еліктеу немесе педагогтың тапсырмасы бойынша көптіктерді әр түрлі әрекеттерді (арттырады, кемітеді, теңестіреді) орындайды;


5) 1, 2, 3, 4 цифрларын, олардың сан қатарындағы орнын біледі, заттарды, дыбыстарды, әрекеттерді сәйкес сандармен сәйкестендіреді;


6) 4 көлемінде тура және кері ретте санайды;


7) ересек адам ынталандырған кезде алған білімін еркін ойында және практикалық әрекетте пайдаланады;


8) альбом бетінде және қағаз бетінде (жоғары, төмен, оң, сол жақтарын, ортасын) бағдарлайды;


9) мезгілдік түсініктерді (түн, таңертең, күндіз, кешке, бүгін, кеше, ертең, алдымен, содан кейін) меңгерген.


230. Сенсорика:


1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту: суретте бейнеленген әрекетті шынайы әрекетпен сәйкестендіру; басқа белгілеріне (түс, көлем) назар аудармай, үлгі бойынша берілген пішіндегі заттарды таңдау; көлемді және жазық пішіндерді (шар-дөңгелек, текше-шаршы, кірпіш-тікбұрыш, овоид-сопақша) сәйкестендіру; үлгі бойынша 3 ұсынылған нысандардың ішінен шаманы таңдау, практикалық өлшеп көру тәсілімен тексеру; негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, ақ, қара, қоңыр) сәйкестендіру, үлгі бойынша таныс түсті ерекшелеу; берілген түстерді қоршаған кеңістіктен табу; заттарды пішіні, көлемі, түсі бойынша топтастыру; заттарды көлемінің кемуі, артуы тәртібі бойынша қатарға жүйелеу; пішінді қиылған 4 бөлікті кесінді заттық суретті жинастыру; бейненің сұлбасын тірек ете отырып бүтінді толықтыру; 5 құрамды матрешканы практикалық өлшеп көру тәсілі арқылы құрастыру; 5-7 сақиналы пирамидканы сақиналарының көлемін есепке ала отырып, практикалық өлшеп көру тәсілі арқылы құрастыру; заттардың арасындағы кеңістіктік қатынастармен (жоғарыда, төменде, ортасында, сол жағында, оң жағында) практика жүзінде таныстыру;


2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: тұрмыстық шулармен және табиғат құбылыстарының дыбыстарын (ашылған есіктің сықыры және жыртылған қағаздың дыбысы, ересек адам мен баланың жүрісінің дыбысы) жіктеу; таныс заттар мен құбылыстарды олардың дыбыстық сипаттары бойынша ерекшелеу; ұсынылған тіркестен берілген сөзді табу; дыбыс көзін көру талдауышын тірек етпей анықтау; берілген ырғақты (2-3) шығару және оларды өзара есту арқылы жіктеу;


3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту:заттарды көру-тактильді (ұстап көру) және көру-қимыл (сұлбасы бойымен жүргізу) тәсілдерімен тексеруге үйрету; пішіндері әртүрлі заттарды (төртеуінің ішінен таңдау) сипай отырып жіктеу; сытқы бетінің (тікенекті, тегіс, кедір-бұдыр) сапасы бойынша топтастыру; әртүрлі сусымалы материалдармен және сұйықпен (құм, жарма, су, бояу, май, крем) жіктеу;


4) дәм сезуді дамыту:ұсынылған тағам өнімдерінің ішінен ащы, қышқыл, тәтті, тұзды дәмі бар тамақтарды таңдау; ұсынылған тағам өнімдерінің ішінен тәтті, ащы, қышқыл, тұзды дәмі бар тамақтарды таңдау; тамақ өнімдерін екі түрлі дәмі бойынша сұрыптауға арналған шартты белгіні пайдалану; тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктеу.


231. Күтілетін нәтижелер:


1) негізгі түстерді сәйкестендіреді;


2) көлемді пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма, овоид) ажыратады;


3) жазық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) ажыратады;


4) заттарды берілген сенсорлық белгілері (пішін, көлем, түс) бойынша топтастырады;


5) заттарды көлемінің кемуі мен артуына қарай жүйелейді;


6) 6-7 сақиналы пирамидканы жинастырады;


7) 5 бөліктен құралатын матрешканы жинастырады;


8) 4 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады;


9) бүтінді бейненің сұлбасын тірек ете отырып толықтырады;


10) сипап ұстай отырып заттардың пішіні мен көлемін жіктейді;


11) таныс тұрмыстық шулармен және табиғат құбылыстарының дыбыстарын ажыратады;


12) дыбыс көзін көру талдауышын тірек етпей анықтайды;


13) берілген ырғақты (2-3) шығарады;


14) заттарды материалы (ағаш-темір) бойынша, сыртқы бетінің (тікенекті, тегіс, кедір-бұдыр) сапасы бойынша ажыратады;


15) сусымалы материалдармен және сұйықты ажыратады;


16) тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктейді;


17) тамақты тәтті-ащы-қышқыл-тұзды дәмдеріне қарай таңдайды;


18) тамақты дәмі бойынша анықтайды "тәтті-ащы-қышқыл-тұзды".


232. Құрастыру:


1) балаларға үлгі бойынша заттарды көлемі, пішіні, түсі бойынша практикалық әрекет арқылы салыстыруды; әртүрлі материалдардан құрылыс салуды; құрылыстарды шынайы нысандармен және олардың суреттегі бейнелерімен салыстыруды үйрету;


2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ) туралы, түстерді салыстыру; заттардың көлемі (үлкен, кіші, бірдей, ұзын, қысқа) туралы; заттардың пішіні (текше, кірпіш, пластина, призма, цилиндр, брусок) туралы; ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының қасиеттері туралы; бөліктердің, заттардың тұрақтылығының әртүрлі деңгейлері туралы білімді қалыптастыру;


3) құрылыс материалдарынан құрастыру: бір құрылыс үшін әртүрлі құрылыс материалын пайдалана отырып, үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды құру; заттардың көлемін есепке ала отырып, әртүрлі көлемдегі құрылыстарды құру (үлкен және кіші қуыршақтарға арналған жиһаз), құрылыстарды бірі-бірімен салыстыру (үстел және орындық); таныс құрылымдарды жазық үлгі бойынша құрастыру;сюжеттік ойындарды құруға арналған таныс құрылыстар мен құрылымдарды біріктіру (машинамен ойынға арналған: гараж, жол, қақпа);


4) заттық емес құрастыру: үлгі бойынша қозғалмайтын нысанға қатысты құрылыс жиынтығының 2-4 элементінінің орнын (жоғарыда, төменде, жанында, артында, алдында) ауыстыру; үлгілерді графикалық үлгілер бойынша (3-5 элемент) құрастыру;


5) таяқшалардан құрастыру: педагогтың атаған пішіні бойынша таяқшалардан геометриялық пішіндерді салу; таяқшалардан елестету бойынша қарапайым құрылыстарды орындау;


6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: 3-5 бөліктерден құралатын кеспелі заттық суреттерді құрастыру; құрастырылған кеспелі суретке сәйкес ойыншықтар мен заттарды таңдау; текшелерден (4 бөліктен) сурет құрастыру;


7) тәсілдерді қолдану дағдыларын бекіту: құрылыс материалдарының бөліктерін бірін-бірінің үстіне қою, қатарластырып қою; екі бөлікті үшіншісімен біріктіріп, қарапайым жабын жасау, кеңістікті тұйықтау; конструктордың бөліктерін тігінен, қатарынан, көлденеңінен бір-бірінен қандай да бір қашықтықта, бірін-біріне тигізіп қоя отырып, жазықтықта орналастыру.


233. Күтілетін нәтижелер:


1) құрылыстарды салуға және олармен бірігіп ойнауға деген қызығушылық танытады;


2) алған дағдыларды пайдалана отырып, құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады;


3) құрылысты заттардың көлемін ескере отырып салады;


4) қандай да бір нысанның құрылысын әртүрлі нұсқада салады;


5) таныс құрылыстарды таниды және көрсетеді;


6) таяқшалардан геометриялық пішіндерді, қарапайым құрылыстарды салады;


7) кеңістіктік қатынастарды (жоғарыда-төменде, алда-артта, жанында, артында, алдында) ажыратады;


8) заттық кесінді суреттерді, 4 бөліктен текшелерді құрастырады;


9) құрылыстарды сюжеттік ойын барысында пайдаланады.


234. Жаратылыстану:


1) табиғат құбылыстары: өлі табиғат нысандары (құм, саз, тас) туралы білімді қалыптастыру; судың маңызы туралы білімді қалыптастыру; табиғат құбылыстары (жел, тұман, жаңбыр, қар) туралы білімді қалыптастыру; көктем мен жаз және олардың қарапайым белгілері туралы түсініктерді қалыптастыру; ауа райы жағдайы (ашық, жылы) туралы түсініктерді қалыптастыру; тірі және өлі табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу;


2) өсімдіктер әлемі: гүлдермен (көкнәр, түймедақ) және олардың құрамдас бөліктерімен танысу; бұталармен танысу; ағаштар мен бұталарды жіктеу; көкөністертуралы білімді қалыптастыру; жемістер және жидектер туралы білімді қалыптастыру; көкөністер, жемістер мен жидектерден дайындалатын тағамдар туралы білімді жетілдіру; бақша мен бақ туралы білімдерін жетілдіру;


3) жануарлар әлемі: үй құстарымен және олардың балапандарымен (үйрек, бәпке, қаз, балапан, күркетауық, күркетауықтың балапаны) танысу; үй жануарлары мен жабайы жануарларды жіктеу; жабайы құстармен (ұзақ, қараторғай, қарлығаш) танысу; Қазақстанның фаунасымен (кірпі, тасбақа) танысу; жәндіктермен (шыбын, маса) танысу; табиғаттағы тәртіп ережелері туралы білімді қалыптастыру; "Қызыл кітап" туралы білімді қалыптастыру; өсімдіктер мен жануарлардың күтімі туралы білімді қалыптастыру.


235. Күтілетін нәтижелер:


1) тірек суреттер бойынша жыл мезгілдерін (көктем, жаз) ажыратады;


2) ауа райы жағдайы туралы түсінігі болады;


3) өлі табиғат нысандары (құм, саз, тас) туралы түсінігі болады;


4) судың маңызы (адам үшін, өсімдік үшін, жануарлар үшін) туралы түсінігі болады;


5) табиғат құбылыстары (жел, тұман, жаңбыр) туралы түсінігі болады;


6) кейбір гүлдерді және олардың құрамдас бөліктерін ажыратады;


7) тірек суреттер бойынша бұталарды және олардың құрамдас бөліктерін көрсетеді;


8) ағаштар мен бұталарды жіктейді;


9) көкөністерді, жемістерді, жидектерді атайды және көрсетеді;


10) бақша мен бақта не өсетіндерін сөйлеу тілінің даму мүмкіндігіне қарай атайды және көрсетеді;


11) үй және жабайы жануарларды жіктейді;


12) кейбір жабайы құстарды атайды немесе көрсетеді;


13) педагогтің көмегімен кейбір жәндіктерді ажыратады;


14) табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелері (ағаштардың жапырақтарын жұлмау, гүлді жұлмау, көгалды баспау, ұяны бұзбау, қоқысты тастамау) туралы түсініктері болады;


15) топтағы және үлескедегі өсімдіктерді күтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет