7-параграф. "Таным" білім беру саласы 217. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны - қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. 218. Мақсаты сенсорлық эталондар жүйесін меңгерумен қамтамасыз етуге көмектесетін бағдарлау әрекетін, перцептивтік әрекеттерді қалыптастыру; балаларды салыстыру, сәйкестендіру икемділіктеріне, әртүрлі көптіктер мен көптіктердің элементтерімен арасындағы сәйкестікті табуға үйрету; құрастыру процесіне, құрылыс материалдарымен ойынға деген жағымды қатынасты және қызығушылықты қалыптастыру; қоршаған әлеуметтік, заттық және табиғат әлеміне деген танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады. 219. Міндеттері: 1) көру, есту, тактильді - қимылдық қабылдауы мен зейінін дамыту; 2) жалпы фоннан жеке заттарды қабылдауға үйрету; 3) саналуан түрлі балалардың әрекетіндегі заттардың таныс қаситтері мен сапасын практикалық тұрғыда пайдалану үшін жағдай тудыру; 4) көрнекілік-бейнелік ойлау қабілетін дамыту; 5) төрт және бес көлеміндегі көптіктерді санау және олармен әртүрлі операцияларды (қайталап санау, салыстыру, түрлендіру) орындауға үйрету; 6) бес көлемінде көрнекілік материалмен арифметикалық есептерді шығаруға үйрету; 7) қарапайым өлшеу: шартты өлшем көмегімен созылмалы, сусымалы және сұйық заттарды өлшеу және салыстыру дағдыларын қалыптастыру; 8) геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыру; 9) заттардың көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру; 10) кеңістіктік және мезгілдік түсініктерді қалыптастыру; 11) үлгі бойынша құрылыс материалынан құрылыстарды және құрылымдарды орындауды үйретуді жалғастыру; 12) ауа райыныңжағдайы туралы түсініктерді қалыптастыру; 13) көкөністер мен жемістер туралы түсініктерді кеңейту.