13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 98. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұныәлеуметтік дамыту және еңбекке баулу ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. 99. Мақсаты күрделі кемістігі барбалаларды әлеуметтік ортадағы органикалық қажеттілігін, мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын қанағаттандыру бойынша өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету; баланы әлеуметтік және тұрмыстық ортаға ендіру, оны әр түрлі әлеуметтік мәдени дағдылармен қаруландыру. 100. Міндеттері: 1) жақын ортадағы заттар мен болмыстар туралы түсініктерін қалыптастыру; 2) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық әрекеттер мен жағдаяттар туралы түсініктерін қалыптастыру; 3) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық жүріс-тұрыстың дағдыларын қалыптастыру. 14-параграф. 1-жартыжылдық 101. Әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу: 1) көру қабілетінің зақымдалуы мен сақталған анализаторлардың негізінде күнделікті өмірде балалар жиі әрекет жасайтын заттардың қызметі, сапасы және қасиеті туралы түсініктерін қалыптастыру; 2) заттарды қызметіне сәйкес әрекет жасау амалдарына үйрету; 3) өзі туралы түсініктерін қалыптастыру; 4) өз дене мүшелері мен оның қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру; 5) жеке қолданылатын заттар мен қызметтері туралы түсініктерін қалыптастыру; 6) өзінің сыртқы келбетін күту, жуыну жеке гигиеналық процедураларды орындаумен байланысты әрекеттер туралы түсініктерін қалыптастыру; 7) қоршаған адамдармен өзарақарым-қатынас жасаудың қарапайым ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру; 8) балаларды сәлемдесу және қоштасудың вербалды формасымен таныстыру; қарым-қатынастың вербальды емес құралдарымен (ыммен)таныстыру. 102. Біліктерді қалыптастыру: 1) ым-ишараттық қимылдың ("иә", "жоқ", "сау бол","тыныш", "анда", "бер") мәнін анықтау; 2) үлгі бойынша ым-ишараттық әрекетті жасау; 3) адамдардың айқын байқалған эмоциялық күйі мен оның мимикасында (қуану, мұнаю) байқалғанын түсіну. 103. Күтілетін нәтижелер: 1) көру қабілетінің зақымдалуы мен сақталған анализаторлардың негізінде күнделікті өмірде балалар жиі әрекет жасайтын заттардың қызметі, сапасы және қасиеті туралы түсініктері бар; 2) өзі туралы түсініктері бар; 3) өз дене мүшелері мен оның қызметі туралы түсініктері бар; 4) жеке қолданылатын заттар мен қызметтері туралы түсініктері қалыптасқан; 5) өзінің сыртқы келбетін күту, жуыну жеке гигиеналық процедураларды орындаумен байланысты әрекеттер туралы түсініктері қалыптасқан; 6) қоршаған адамдармен өзарақарым-қатынас жасаудың қарапайым ережелері туралы түсініктері бар.