17-параграф. 1-жартыжылдық 115. Тамақтану және үстел басындағы мінез-құлыққа байланысты дағдыларды қалыптастыру: 1) азық-түліктің иісі, дәмімен қоса, дене бөліктерінің қызметімен таныстыру; 2) қасықты ұстап ерінімен су ішуге үйрету; 3) ерінімен қасықтағы тамақты алу, пюре тәріздес тамақты қабылдау және жұтубіліктілігін қалыптастыру; 4) жартылай өткзіліген тамақты шайнау және жұтуға үйрету; 5) жұмсартылған тамақты жеуге, қолына берілген тамақты ұстап тұруға үйрету; 6) баланың қолына беретін тамақты тістеу және жеуге үйрету; 7) үстел үстінен тамақ үзігін өздігімен алу біліктілігін қалыптастыру; 8) қолымен алуға болатын кесек кесек бөлікке бөлінген тамақты (жеміс, көкініс, нан) қолымен алып жеу біліктілігін қалыптастыру; 9) кесемен баланы таныстыру; 10) ересек адам ұстап тұрған кеседен дұрыс ішу біліктілігін қалыптастыру. 116. Күтілетін нәтижелер: 1) сору және жұту үйлесімді жүргізеді; 2) өткізілген барлық тағамдарды жейді; 3) қатты тағам кесегін қолында ұстайды; 4) тамақты тістейді, шайнайды және жұтады; 5) алуантүрлі сұйық тағамдарды жейді; 6) нақты уақытылы күніне үш рет тамақтанады; 7) толыққанды тамақтануға қажетті алуантүрлі тағамдарды қолданады; 8) үстел үстінде бейімдеуіш орындықта отыра алады. 117. Киіну және киімді күту дағдыларын қалыптастыру: 1) жеке дене мүшелерінің қызметтерімен таныстыру; 2) киіну және шешіну процесіне баланы ынталандыру; 3) қалпақты шешуге, ересек адам жартылай шешкен жейде, шұлық, шалбарды шешу біліктілігін қалыптастыру. 118. Күтілетін нәтижелер: 1) жеке дене мүшелерінің қызметін біледі; 2) киіну және шешіну процесіне қатысуына талпынады; 3) қалпақты шешуге, ересек адам жартылай шешкен жейде, шұлық, шалбарды шешуге талпынады. 119. Басқа жағдайларда мінез-құлыққа байланысты дағдыларды қалыптастыру және үй еңбегі. 120. Үйретілетін біліктер: 1) столдың үстелге жақындату; 2) тамақ алдында қасық, салфетканы қою; 3) ойыншықты жуу, оны құрақ орамалмен сүрту; 4) қуыршақты жуындыру; 5) ойыншықты серуенге алып шығуға көмектесу. 121. Күтілетін нәтижелер: 1) ересек адамға көмектесуге тырысады; 2) өз-өзіне қызмет көрсету бойынша ересек адамның өтінішін орындайды.