3-тарау. Екінші кіші топ (3 - 4 жастағы балалар) 1-параграф. "Таным" білім беру саласы 80. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны - көру арқылы қабылдау (көрмейтін балалармен - түйсіну және ұсақ моторика), кеңістікте бағдарлау арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады. 81. Мақсаты ретінде, полисенсорлы қабылдау негізінде қоршаған әлемді тануда іс-әрекеттің арнайы тәсілдерін қалыптастыру. 82. Міндеттері: 1) танымдық іс-әрекетте бұзылған көрудің, сипап-сезудің және басқа анализаторлардың ұтымды өзара әрекетінің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; 2) заттардың қасиеттері мен сапалары туралы ұғымдарды дамыту; 3) кеңістіктік ұғымдарды меңгеру арқылы, кеңістікте бағытталу қабілетін дамыту. 2-параграф. 1 - жартыжылдық 83. Көру арқылы қабылдау мыналарды қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекет, сенсорлы эталондар (пішін, көлем, түс); заттар және заттық бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар, адам өміріндегі көру. 84. Көру-ізденістік іс-әрекет. Қабылдау өрісінде (макро және микро кеңістікте) көру арқылы объектілерді табу дағдыларын қалыптастыру. 85. Сенсорлы эталондар. Біліктерді дамыту: 1) түстердің эталондарын шынайы заттардың түстерімен салыстыру; 2) көпшіліктен таңдау жасалатын, оқшауланатын объектілердің көлемін бірте-бірте азайтумен және көбейтумен негізгі түстерді оқшаулау (3 түстен таңдау); 3) түстің бегісі бойынша біртекті және әртекті заттарды топтастыру. 86. Біліктерді үйрету: 1) жазық геометриялық фигуралардың пішінін көру және сипап-сезудің көмегімен зерттеу; 2) шеңбер, шаршы, үшбұрыш сияқты геометриялық фигураларды тану және атау; 3) біртекті геометриялық фигураларды өзара салыстыру; 4) силуэттік бейнелеуде берілген геометриялық фигураларды жинақтау; 5) үлкен кеңістікте көлемі бойынша екі заттан кішкентай немесе үлкен затты таңдау; 6) 3 заттан көлемі бойынша екі бірдей затты таңдау; 7) көлемнің азаюы және артуы ретімен үш-бес заттан қатар құру. 87. Заттар және заттық бейнелер. Балаларды оқыту: 1) қоршаған әлемнің объектілерін жоспарлы көру арқылы зерттеу, көру ақпаратын нақтылау және толықтыруға арналған сақталған анализаторларды қолдану; 2) силуэттік және контурлы бейнелеуде қарапайым кескіндегі заттарды тану, тану белгілерін ажырату; 3) шынайы, силуэттік және контурлы бейнелеуді салыстыра білу; 4) заттарды салыстыра білу, жалпы және айрықша белгілерді ажырату. 88. Кеңістікті қабылдау. Біліктерге үйрету: 1) 3 заттан құралған заттар тобында заттың кеңістіктік орналасуын көру тәсілімен ажырату, бір заттың орналасуын екінші затпен арақатынаста бағалау; 2) үлгі және нұсқау бойынша заттар тобындағы заттың орналасуын өзгерту. 89. Көру-моторлы координациялар: 1) көру бақылауында әртүрлі сызықтарды қолмен және көрсеткішпен қадағалау біліктерін жетілдіру; әртүрлі бағыттағы тік сызықтарды айналдырып белгілеу және суретін салу; 2) шекаралар арасындағы сызықтарды жүргізу біліктерін үйрету. 90. Адам өміріндегі көру. Балаларды қоршаған әлемді танудағы көрудің рөлімен таныстыру. 91. Күтілетін нәтижелер: 1) бірізді ұсынылған нұсқау бойынша көру-сипап-сезу зерттеу әрекеттерін орындайды; 2) "түс", "пішін", "көлем" ұғымдары туралы түсініктері бар; 3) шеңбер, шаршы, үшбұрыш сияқты геометриялық фигураларды және негізгі түстерді біледі және атайды; 4) үлгі бойынша көлемнің артуы немесе азаюы ретімен бірнеше заттардан қатар құра біледі; 5) сенсорлы белгілердің бірі бойынша заттарды топтастыру дағдылары бар; 6) силуэттік және контурлы бейнелеудегі заттарды таниды; 7) заттар тобындағы заттың кеңістікте орналасуын анықтайды; 8) әртүрлі бағытта тік сызықтарды қадағалау және жүргізу дағдылары бар; 9) адам өміріндегі көрудің рөлі туралы түсініктері бар. 92. Сипап-сезу және және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика. 93. Қолдың объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге дайындығы. 94. Біліктерді бекіту: 1) қолдың білезігімен тік, көлденең және айналмалы қимылдарды орындау; 2) қолдың саусақтарын жұдырыққа түю және жазу (бір мезгілде екі қолмен және әрбір қолмен кезектестіріп), әрбір саусақты кезектесіп бүгу және жазу. 95. Балаларды оқыту: 1) қолдың саусақтарын атау, нұсқау бойынша өз қолындағы әрбір саусақты жеке ажырату; 2) алақанды жазу тәсілімен қолдың өзіндік уқалауын (массаж) орындау; 3) екі затты екі қолмен бір мезгілде ұстап алу және ұстап тұру; 4) алақанның көлбеу қалпында қолдың білезіктерін біріктіру; 5) екі қолдың аттас саусақтарын біріктіру. 96. Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері. Біліктерді бекіту: 1) үлгі және нұсқау бойынша симметриялы және күрделі емес ассиметриялы заттарды сипап-сезу арқылы зерттеуді орындау; 2) зерттеуге белсенді сипап-сезумен бірлесіп, қалдық көруді енгізу. 97. Біліктерге оқыту: 1) сипап-сезудің көмегімен геометриялық фигураларды ажырату және атау (шеңбер, шаршы, үшбұрыш); 2) біртекті геометриялық фигураларды салыстыру және топтастыру; 3) көлемі бойынша әртекті заттарды салыстыру; 4) заттың кеңістігінің алуан түрлі сипап-сезуші қасиеттерін (ылғал-құрғақ), температураны (суық-ыстық) ажырату. 98. Заттық-практикалық іс-әрекет. Балаларды таныстыру: 1) қағаз түрлерімен: майлық, әжетхана, альбомдық; 2) ілгек түрлерімен: түймелер, батырмалар, сыдырмалар, жабысқыш ілгектер. 99. Балаларды оқыту: 1) конструктор бөлшектерінен жиһаздың жекеленген заттарын құрастыру; 2) алақанның арасында шарикті жаншылау тәсілмен қарапайым заттарды жабыстыру; 3) ермексазды ағаш тақтайға, картонға саусақтармен жағу; 4) магнитті тақтада таяқшалардан тік, көлденең (баған, жол) қатарларды құрастыру; 5) шарғыға ірі тесіктері бар моншақтарды ілу; 6) әртүрлі ілгектермен әрекеттер; 7) әртүрлі қағаз түрлерімен әрекеттер (жырту, мыжу, тегістеу). 100. Тифлографика көрмейтін балаларды бедерлі суреттерді және олардың бейнесін тифлографикалық аспаптардың көмегімен оқуға үйретуді қамтиды. 101. Бедерлі бейнелерді оқу: 1) қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын қалыптастыру; 2) бедерлі суретті зерттеу тәсілдерімен таныстыру; 3) нақты заттың (жарма, құм, бисер) мысалында нүкте туралы ұғымдарды қалыптастыру; 4) сызықтық және бейнелеуші жазықтықтың әртүрлі бөліктерінде орналасқан, бірдей және әртүрлі диаметрдегі нүктелерді оқуға үйрету. 102. Бедерлі-графикалық іс-әрекет: 1) бедерлі сурет салуға арналған приборлармен және аспаптармен, олармен жұмыстың қарапайым тәсілдерімен таныстыру; 2) прибордың жұмыс өрісінде бағдарлауға үйрету; 3) приборды жұмысқа дайындау дағдыларын қалыптастыру; 4) нүктелерді қадауды оқыту. 103. Күтілетін нәтижелер: 1) нұсқау бойынша қолындағы әрбір саусақты жеке ажыратады; 2) екі қолымен екі затты ұстай алады және ұстап тұра алады; 3) сипап-сезудің көмегі арқылы геометриялық фигураларды ажырата алады (шеңбер, шаршы, үшбұрыш); 4) заттарды көлемі, жазықтықтың құрылымы бойында заттарды салыстырудың сипап-сезуші тәсілдерін қолдануды біледі; 5) тану деңгейінде сипап-сезу түйсіктерін саралайды; 6) бейнелеуші жазықтықта нүктелердің бедерлі бейнелерін табады; 7) қолында грифельді ұстап тұра алады; 8) тифлопедагогпен бірлесіп, нүктелерді қадай алады. 104. Кеңістікте бағытталу мыналарды қамтиды: дененің сызбасында бағытталу, киімде бағдарлау, өзіне қатысты бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс техникасы, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, жабық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықта бағдарлау. 105. Дененің сызбасында бағдарлау. Біліктерге үйрету: 1) өз денесінің, қуыршақ денесінің жұп бөліктерін анықтау; 2) олардың кеңістіктік орналасуын бағдарлау. 106. Киімде бағытталу. Дағдыларға үйрету: 1) киімнің бөлшектерін ажырату және атау; 2) өз киімінің бөлшектерін кеңістіктік орналастыруда бағдарлау. 107. Өзіне қатысты бағдарлау. Біліктерге үйрету: 1) кеңістіктің жұптық-қарама-қарсы бағыттарын: алға-артқа, жоғары-төмен, солға-оңға анықтау және сөзбен белгілеу; 2) өзіне қатысты жақын кеңістікте заттардың орналасуын анықтау. 108. Заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Үлгі және нұсқау бойынша бірнеше ойыншықтардан кеңістіктік қатынастарды модельдеу білігін жетілдіру. 109. Қозғалыс техникасы: 1) тұрақты бағдардың айналасында өз бетімен қозғалу дағдыларын дамыту (баспалдақтың сүйеніші, қабырға); 2) көрмейтін балаларды көретін қатарластармен жұптасып қозғалуға үйрету. 110. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау. 111. Біліктерді жетілдіру: 1) кеңістіктік бағдарлауда көру бағдарларын қолдану; 2) дыбыстың қозғалмайтын көзінің бағытын жинақтау (көру бақылауымен және онсыз) және сол бағытта қозғалу. 112. Біліктерге үйрету: 1) дыбыстары және олармен жасалатын әрекеттері бойынша заттарды тану, дыбыстың көзінің бағытын жинақтау; 2) бөлмеде еденнің қатты және жұмсақ төсемін аяқтың табанымен ажырату, кеңістіктік бағдарлауда сипап-сезу бағдарларын қолдану (едендік төсемнің сипаты). 113. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау. 114. Білімді қалыптастыру: 1) өз тобының, музыка және спорт залдарының, көз дәрігерінің кабинетінің балабақшаның кеңістігінде кеңістіктік орналасуы туралы; балабақшаның аумағында серуенге арналған телім туралы; 2) кеңістікті толтыратын заттар туралы, олардың кеңістіктік орналасуы туралы. 115. Практикалық бағдарлауда бағдар ретінде осы заттарды қолдануға үйрету. 116. Микрожазықтықта бағытталу. Біліктерге үйрету: 1) микрожазықтықтың қырлары мен ортасын анықтау; 2) микрожазықтықта заттардың кеңістіктік орналасуын анықтау. 117. Күтілетін нәтижелер: 1) өзіне қатысты кеңістіктің бағыттарын біледі, өзіне қатысты заттардың кеңістіктік орналасуын анықтайды; 2) заттардың жұптық-қарама-қарсы қырларын анықтай біледі; 3) үлгі және нұсқау бойынша бірнеше ойыншықтардан кеңістіктік қатынастарды модельдей алады; 4) балабақшаның таныс бөлмелерінің кеңістіктік орналасуы туралы біледі; 5) кеңістіктік бағдарлауда көру, сипап-сезу, дыбыстық бағдарларды қолдануды біледі; 6) микрожазықтықтың қырлары мен ортасын анықтайды.