Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет62/135
Дата31.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#78110
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   135
3-параграф. 2 -жартыжылдық
198. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды:
1) жүру: бір-бірінің артынан қолдарына жалауша ұстап, қол созым арақашықтықты сақтап, залды айнала жүру; жүруді жүгіріспен кезектестіре отырып, жұптасып бірінің артынан бірі жүру; қолдың қимылын өзгерте отырып (жоғары, жанына қарай созу, белде), бағытты өзгерте аяқтың ұшымен, өкшемен, дыбыстық сигналдардың аяқталғанына қарай тоқтап жүру; заттарды аттап жүру; жүргізушінің артынан әртүрлі бағытта жүру; заттарды айнала, әртүрлі бағытта жыланша жүру;
2) жүгіру: бірінің артынан бірі, бағытты өзгерте, әртүрлі кедергілерді айналып өтіп,дыбыстық сигнал бойынша тоқтап, тізе бүге отырып жүгіру; жүгірісті жүрумен кезектестіре отырып шашырай жүгіру; бағытын (оңға, солға) өзгерте отырып, баяу және шапшаң қарқынмен жүгіру; бағытын өзгерте отырып, ұстап алу мен қашып құтылу мақсатына арналған шашырай жүгіру;
3) секіру: бір орнында тұрып, қолын белде ұстап секіру; алға қарай жылжи отырып секіру; қолын басынан асыра шапалақтап секіру; тақтай бойымен жүріп, көтерілген ұшынан (биіктігі 10-15 см) тізесін бүгіп өзі секіру; бір орнында тұрып, арқаннан, гимнастикалық таяқшадан, еденнен 5-10 см биіктікте керілген жіптен секіру; бір орнында тұрып еденде сызылған (ені 20-30 см) "жылға" бау арқылы ұзындыққа секіру; орнынан 30-40 см ұзындыққа секіру; шеңберден шеңберге секіру; заттарды айнала қос аяқтап және бір аяқпен секіру; секіртпе арқылы секіру;
4) лақтыру, қағыпалу, дәлдеплақтыру: салмағы, көлемі, материалы әртүрлі доптарды лақтыру және қағып алу, допты қабырғаға, енденге соғу, екі қолымен ұстап алу; допты қашықтықтан (1,5-2 м) бір-біріне лақтыру; құм салынған дорбаны нысанаға лақтыру, сақиналарды өзекке лақтыру; шариктерді қақпаға (биіктігі 10, 15, 20 см) домалату; допты екі қолымен баскетболдың торлы себетіне (төменнен 50 см қашықтықтан 4,5 м биіктікке) лақтыру; допты екі қолымен, бір қолмен еденге ұру; допты орындықтар арасымен (туннель) домалату;
5) еңбектеу, өрмелеу: керілген жіптің астынан (биіктігі 30-35 см.) еңбектеп өту; гимнастикалық орындық бойымен еңбектеу; көлбеу саты бойымен өрмелеу, аралығын тастап кетпей түсу; швед қабырғасы бойымен аралықтан аралыққа кезектескен қадаммен өрмелеу; еліктеу бойынша биіктіктері әртүрлі заттардың астымен жер бауырлап еңбектеп өту; үлкен орындықтың астынан еңбектеп өту; заттар (орындықтар, бөренелер) арқылы өрмелеп өту;
6) тепе-теңдік сақтау: тепе-теңдігін сақтай отырып, көлбеу тақтай бойымен (20-30 см), соңында секіру қажет болатын гимнастикалық орындық, бөрене бойымен кезектескен қадаммен бүйірлей жүру; аяқтың ұшымен сатының аралықтыры арқылы, текшеге басып жүру; қол белде тізе жоғары көтерілген бір-бірінің артынан жүру; аяқты кезектестіре басып бір орнында айналу; дыбыстық сигнал бойынша тізесін бүге айналу; екі қолын жанына қарай созып, бір аяқпен тұрғанда тепе-теңдігін сақтау;
7) сапқа тұру: аяқ ұшын теңестіріп, сызық бойымен сапқа тұру; бір-бірден сапқа, үлкен және кіші шеңбер құрап тұру, тәрбиешінің сигналы бойынша сапты қайтадан құру;
8) музыкалық-ырғақтық жаттығулар: музыкалық сүйемелдеуге сәйкес таныс дене жаттығуларын түрлі қарқында орындау;
9) спорттық жаттығулар:биік емес төбеден ересектің көмегімен шанамен сырғанау;ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау; үш дөңгелекті велосипед, самокат тебу; оңға, солға қарай бұрылу;
10) спорттық ойын элементтері: кегль ойындарына үйрету: бастапқы қалыпта дұрыс тұрып, допты лақтыру, 1,5-2 м арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіру; футбол. Берілген бағытта допты домалату; допты бір-біріне домалату; шөптегі хоккей. Берілген бағытта допты таяқпен домалату; допты қақпаға енгізу;
11) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз):қолды алға, жоғары көтеру, жағына қарай созу, иыққа, белге қою, төмен түсіру; айқастырылған қолды бастан асыра, төмен қарай сермеу; қолдың қимылын бір мезгілде өзгерте отырып, қол басын айналдыру, бұлғау, жұдырық түю, жазу; қолды белде ұстап денемен оңға, солға бұрылу, алға қарай еңкею, артқа қарай шалқаю, қол жоғары, аяқ иық ендігіндегі бастапқы қалыптан қолды төмен түсіріп, жанына қарай түзулеп көтеріп, басынан асыра шапалақтау; "қайшы" (отырған, қолды артқа қарай тіреген бастапқы қалыптан аяқтың жоғары-төмен қимылын кезектестіру); етпетінен жатқан бастапқы қалыптан еңкейіп, қолды артқа қарай айқастыру; қол жоғары көтерілген, білезіктен айналдыру; аяқты кезектестіре басып, тізе бүге отырып айнала бұрылу; аяқтың ұшымен айнала отырып секіру.
199. Күтілетін нәтижелер:
1) дене жаттығуларын орындауға қызығушылық байқатады;
2) жаттығуларды көрсету, еліктеу, сөздік нұсқау бойынша орындайды;
3) көлемі үлкен және орташа допты лақтырады және қағып алады;
4) допты бір-біріне береді;
5) затты (құм толтырылған қалта) нысанаға лақтырады;
6) гимнастикалық орындық арқылы еңбектейді, өрмелейді;
7) швед қабырғасы бойымен жоғары-төмен өрмелейді;
8) қолын жан-жағына созып, тақтай, орындық бойымен жүреді;
9) алға қарай секіріп жылжиды;
10) шапшаң қимылды ойындардың ережелерін сақтайды;
11) әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып сапта бір-бірден жүреді;
12) ересек адамның көмегімен төбеден шанамен сырғанайды;
13) ересек адамның көмегімен үш дөңгелекті велосипед, самокат тебеді.
200. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері:
1) үйдегі (балабақшадағы) қауіпсіз тәртіп негіздері: топ бөлмесіндегі жиһаздардың арасымен ұқыптылықпен жүре білуге, баспалдақтан таянышынан ұстап түсуге жаттықтыруды жалғастыру;ыстық судың шүмегін дұрыс пайдалана білу дағдысын бекіту;үшкір заттармен әрекеттің қауіпсіз тәсілдеріне үйретуді жалғастыру;өмір мен денсаулық үшін қауіпті тұрмыстық құралдар туралы білімді бекіту, ондай заттармен (үтік, сіріңке, ток шәйнегі) аңғырттық жасау зардаптары туралы түсінік беру;терезеден, балконнан туындайтын қауіптер (тыйымдарды пайдалану) туралы түсінік беру;қауіпті сұйықтар туралы түсінік беру;
2) көшедегі қауіпсіз тәртіп негіздері: мәшинелер жүретін жолмен, жаяужолмен, өтпе жолмен және олардың қолданысымен таныстыру; балалардың көше қозғалысы ережелері туралы түсініктерін кеңейту: жолдағы мәшинелердің екі жақты қозғалысы, адамдар жаяужолмен жүреді, көшеден бағдаршамның рұқсат беру сигналы бойынша өтпе жол арқылы өтеді; балаларға жолда және жол қиылыстарында ойнау қауіпті болады; көшедегі жүргіншілердің тәртіп ережелерімен таныстыру: жаяу жүргінші, жүргіншілердің өтпе жолы; бағдаршамның сигналдары туралы түсініктерді бекіту;ойын әрекеттерін бағдаршамның сигналы бойынша (ересектің көмегімен) орындау: қолдарынан ұстасып бағдаршамның сигналын күту, көшеден жасыл сигнал бойынша өту, қызыл түсте тұру; қала көшелерінде мүмкін болатын қауіпті жағдайлармен таныстыру; көшедегі тәртіп ережелерімен таныстыру; жол қозғалысының қарапайым ережелерімен таныстыру; ауладағы ойындардың қауіпсіздігі туралы (велосипедті қай жерде тебуге, допты қай жерде ойнауға болады) түсінікті қалыптастыру;
3) табиғаттағы қауіпсіз тәртіп негіздері: қоршаған табиғат үшін қауіпсіз тәртіп ережелерімен (жапырақтарды, гүлдерді жұлмау, бұтақтарды сындырмау) таныстыруды жалғастыру; адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті нысандармен және табиғат құбылыстарымен (улы саңырауқұлақтар, жидектер, бұралқы иттер, жуылмаған көкөністер мен жемістер, лас су) таныстыру; серуен кезінде жануарларды (ит, мысық) бақылау, өзара әрекеттенудің дұрыс тәсілдеріне (жануарлармен кездескенде абай болуға, жақын бармауға, ызаландырмауға, зиян келтірмеуге, үркітпеуге) үйрету; серуен кезінде құстарды бақылау, өзара әрекеттенудің дұрыс тәсілдеріне (зиян келтірмеуге, үркітпеуге) үйрету.
201. Күтілетін нәтижелер:
1) балабақшадағы қарапайым тәртіп ережелері туралы түсініктері бар;
2) өмір мен денсаулық үшін қауіпті, тек ересектер ғана пайдалануға болатын заттарды біледі;
3) топ бөлмесіндегі жиһаздардың арасымен ұқыптылықпен жүре біледі, баспалдақтан таянышынан ұстап түседі;
4) ыстық судың шүмегін дұрыс пайдалана біледі;
5) үшкір заттармен әрекеттің қауіпсіз тәсілдері туралы түсінігі бар;
6) бағдаршамның сигналдары туралы бастапқы түсініктерді бар;
7) көшедегі қозғалыс ережелері туралы түсінігі бар;
8) адамдардың жаяу жолмен жүретінін, көшеден бағдаршамның рұқсат беретін сигналы бойынша өтетінін біледі;
9) қай жерде велосипед теуіп, доп ойнауға болатынын біледі;
10) табиғаттағы дұрыс тәртіп (жапырақтарды, гүлдерді жұлмау, бұтақтарды сындырмау) туралы түсінігі бар;
11) жануарлармен дұрыс тәртіп туралы түсінігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет