Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет64/135
Дата31.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#78110
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   135
6-параграф. 2 - жартыжылдық
211. Сөйлеуді дамыту:
1) балалардың сөздік қорының тұрмыстық электротехника, ұлттық заттардың атауларымен молаюы; балаларды қимыл-әрекетіне қарай зат есімдерді таңдап алу икеміне үйрету (пісіру - көже, тебу - велосипед, ұшу - ұшақ);
2) диалогты пайдалана отырып балаларды шағын әңгіме құрастыру икеміне үйрету;
3) педагогтың бастаған сөйлемін аяқтау икемін қалыптастыру; екі-үш сөзден тұратын фразаны құрастыру икемін бекіту;
4) ересек адамның бақылауында кейбір көбінесе жиі пайдаланатын сөз алды қосымшалы етістіктерді түсіну және пайдалануды үйрету (жеп болды, ішіп болды, ұйықтап болды);
5) зат есімдерді барыс және көмектес септігінде қолдануға үйрету;
6) ересек адамның бақылауымен сөздің жалпылаушы мәнін пайдалану дағдысын дамыту;
7) балалардың сөздік қорының заттар бөліктері мен бөлшектерін, сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен молаюы;
8) балаларды ересек адамның бақылауында тамақ өнімдеріне (алма, жүзім), өсімдіктерге (гүлді), түрлі материалдарға (ағаш, резеңке) қатысы барлығына мәні бар қатысты сын есімдерді құрастыру икеміне үйрету.
212. Күтілетін нәтижелер:
1) өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары жөнінде сұрақтарға жауап береді;
2) ересек адамның бақылауында кейбір көбінесе жиі пайдаланатын сөз алды қосымшалы етістіктерді түсінеді және пайдаланады;
3) сөз сөйлеуде қатысты сын есімдерді пайдаланады (ересек адамның бақылауында);
4) ересек адамның бақылауында сөздердің жалпылаушы мәнін пайдаланады.
213. Көркем әдебиет:
1) тыңдау және түсіну:шығарма мазмұнындағы оқиға желісін қадағалауға, мазмұны бойынша қойылған қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету; шығарма кейіпкерлеріне қарапайым мінездеме (мейірімді-ызақор) беру біліктілігін дамыту;
2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау: интонацияны қабылдауға үйрету, ертегілердегі, әңгімелердегі, тақпақтардағы бейнелердің кереғарлық екенін түсінуге үйрету; ертегілерді көркем әдебиеттің басқа жанрларынан ажырата білуге үйрету;
3) әңгімелеу және жаттау: сұрақтарға және көрнекіліктерге сүйене отырып, қысқа ғана мазмұндауға, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету; кішігірім тақпақтарды жатқа мәнерлеп оқуды үйрету; жақсы таныс шағармалардағы сөздерді/фразаларды жалғастырып айту біліктілігін, ойыншықтарды, үстел үсті театрын қолдана отырып, ертегілердің кішігірім үзіндісін ойнау/сахналау біліктілігін дамыту.
214. Күтілетін нәтижелер:
1) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді;
2) көркем шығарма мазмұнына эмоционалды түрде ілтипатын білдіреді;
3) педагогтің көмегімен шығарма кейіпкерлеріне қарапайым мінездеме (мейірімді-ызақор) береді;
4) мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді;
5) шығарманың кішігірім сюжетін сахналауға қатысады.
215. Сауат ашу негіздері:
1) естіп қабылдауы:балалардың дыбыстық ұғымдарын кеңейту (қағаз сыбдырлауы, жапырақтардың сыбдыры; темір кілт немесе тиын, пластмасса ойыншықтың немесе резеңке доптың дыбысы); балаларды дыбыстық сипаттамалары бойынша заттарды және құбылыстарды саралауға үйрету (қағазбен жасалып жатқан әрекетті есту арқылы тану - жырту, бүктеу, жаныштау; табиғаттың үш-төрт дыбысты бірізділігін анықтауға үйрету); ойыншықтармен және тұрмыстық заттармен әрекет ету барысында шыққан, дыбыстар бойынша құрбыластардың әрекетін анықтауға балаларды үйрету; дыбыстың орнын және қарқындылығын анықтау бойынша балалардың икемділігін бекіту (жақын, алыс, жанында; жоғарыда, төменде; оң жақта, сол жақта); екі-үш ырғақтағы сигналдар материалында есту зейінінің және естіп есте сақтауын дамыту; ауызша нұсқау және үлгі бойынша жүзеге асыруда ырғақты қабылдауға және бағалауға үйрету; ауызша нұсқау және үлгі бойынша жүзеге асырудағы, қысқа және ұзын паузамен бөлінген ырғақтық құрылымдарды бағалауға және қабылдауға үйрету; балалар әндерінің ырғағын соғу; ырғақтық және музыкалық-ырғақтық ойындарда ырғақ сезімін дамыту;
2) фонематикалық қабылдауы: сөйлеу дыбысын қабылдауға бағытталған, дыбыстарды тануды жетілдіру; сөйлеу материалын дұрыс естуін және тыңдауын бекіту; дыбыстың нақты есту образын қалыптастыру; берілген сөйлемдегі аталған сөзді таба алуды балаларға үйрету; сөз тіркесінде немесе сөйлемде аталған сөзді ести сала, қимыл-қозғалыспен (шапалақтау, орнынан тұру, қолын көтеру) әсер етуді балаларда қалыптастыру; сөздер бірдей және әртүрлі дыбыстала алатындығын жайлы түсініктерін қалыптастыру; "дос" сөздерді ажырата алу икемділігін балаларға үйрету(жастық-қастық, жапырақ-топырақ, әзір-мәзір, үйшік-күшік); дыбысталуы бойынша жақын сөздерді ажырата алуға үйрету: мысық - қасық, жастық-қастық; балаларды дыбыстың мағыналық қызметімен таныстыру: кейбір сөздер бір-бірінен бір ғана дыбыспен ажыратылатынын түсіндіру (бант-қант, бас-тас, жол-қол) заттар, ойыншықтар және суреттерді қолдана отыра берілген дыбыспен сөздерді топтай алуға балаларды үйрету; сөздегі орнын ескерусіз берілген дыбыспен сөздерді келтіріп айтуға балаларды үйрету (ересектің көмегімен); балаларда аталған сипаты бойынша сөздерді топтауға және атауға икемділігін қалыптастыру (ұзын-қысқа); берілген дыбысты ересектің интонациямен белгілеу көмегімен сөздердегі бірінші екпінді дауысты дыбысты анықтай алуды балаларға үйрету;
3) қолды жазуға үйрету:қағаз бетінен қарындашты үзбей отыра, бірқалыпты үздіксіз сызықты жүргізе алуды балаларда қалыптастыру; балаларды үздіксіз ирек сызықты айналдырып сызуға үйрету (алдымен саусақпен, кейін берілген үлгі бойынша ересектің бақылауымен қарындашпен сызу); иілімін қайталай отыра, үздіксіз сынық сызықты айналдырып сызуға балаларды үйрету (алдымен саусақпен, кейін берілген үлгі бойынша қарындашпен сызу).
216. Күтілетін нәтижелер:
1) ересектің қадағалауымен сөз ағымындағы жеке сөздерді анықтайды;
2) ересектің қадағалауымен жеке сөздердің құрамындағы дыбыстарды анықтап көрсетеді;
3) сөздегі дыбыстың мағыналық рөлі жайлы түсінігіне ие;
4) ересек адамның көмегімен сөздегі бірінші екпінді дауысты дыбысты анықтайды;
5) екі қатар сызық арасында үздіксіз бірқалыпты сызықты саусақпен және қарындашпен жүргізе алады;
6) иілімін қайталай отыра, сынық және ирек сызықты айналдырып сыза алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет