60. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны - дене шынықтыру,мәдени-тазалық дағдылары ұйымдастырылған оқуқызметінде іске асырылады.
61. Мақсаты дененің қалыпты өсуін, баланың жеке типологиялық ерекшеліктеріне қарай омыртқасын дамыту және оның денесін дұрыс қалыптастыру үшін жағымды физиологиялық жағдайлармен қамтамасыз ету, қарапайым мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
62. Міндеттер:
1) жалпы қимылдық икемділіктерді, еркін түзімдегі, берілген бағыттағы жүру мен жүгіру дағдыларын қалыптастыру;
2) шапшаң қимылды ойындарға және ойын жаттығуларына қатысуға эмоциялық әсер мен ынтасын шақыру;
3) өзінің қимылын үйлестіруге, тәрбиешінің сигналы мен командасына сәйкес іс-әрекет бағыты мен сипатын өзгертуге үйрету;
4) ептілікті дамыту, мүсінді қалыптастыру;
5) балада тамақтану және жуынудың қарапайым дағдыларын дамыту;
6) киіну және шешінудің бастапқы дағдыларын қалыптастыру;
7) өзіне-өзі қызмет ету процесінде құралдармен қарапайым іс-әрекеттерді қалыптастыру.