Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет209/289
Дата09.05.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33478
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   289
Байланысты:
МДҰ оқу бағдарламасы

13-параграф. Жаратылыстану


      386. Мақсаты заттар мен табиғат құбылыстары туралы бастапқы түсініктерді, физикалық құбылыстар туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру болып табылады.


      387. Міндеттері:


      1) оқылатын заттар мен құбылыстарды бақылауды, негізгі белгілерін ерекшелей білуді қалыптастыру;



      2) балада қоршаған жақын орта заттары мен құбылыстары туралы түсініктер мен білімді қалыптастыру;



      3) сөздік қорын толықтыру;



      4) өмірдегі әлеуметтік құбылыстармен, әлемдегі адамның қолымен жасалған заттармен таныстыру.


      388. "Жаратылыстану" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.


      389. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:


      1) тірі табиғат;



      2) өлі табиғат;



      3) табиғатты қорғау.


      390. "Тірі табиғат" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:


      1) әлемді танудың қарапайым тәсілдері;



      2) өсімдіктер әлемі;



      3) жануарлар әлемі.



      391. "Өлі табиғат" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:



      1) өлі табиғат денелері мен заттары;



      2) табиғат құбылыстары.


      392. "Табиғатты қорғау" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:


      1) табиғат туралы қамқорлық.


      393. Оқыту мақсаттарының жүйесі:


      23-кесте



1-бөлім. Тірі табиғат



Бөлімшелер



Оқыту мақсаттары



1.1 Әлемді танудың қарапайым тәсілдері



0.1.1.1 табиғат құбылыстарына бақылау жүргізу



1.2 Өсімдіктер әлемі



0.1.2.1 ағаштарды, бұталарды, гүлдерді, көкөністерді, жемістерді, жидектерді ажырату



0.1.2.2 ағаштарды (үйеңкі, қарағаш, қарағай, емен) атау немесе көрсету



0.1.2.3 ағаштардың құрамдас бөліктерін (жапырақ, бұтақ, дің) атау немесе көрсету



0.1.2.4сөйлеу тілінің мүмкіндігіне тәуелді көкөністерді, жемістерді, жидектерді атау немесе көрсету



0.1.2.5 бөлме және жабайы өсетін өсімдіктерді атау немесе көрсету



0.1.2.6 баданалармен көбейетін өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылау



1.3. Жануарлар әлемі



0.1.3.1 үй және жабайы жануарларды, олардың төлдерін атау немесе көрсету



0.1.3.2 құстармен таныстыру



0.1.3.3 теңіз әлемінде мекендейтіндермен (балық) таныстыру



0.1.3.4 жәндіктермен таныстыру



0.1.3.5 Қазақстан фаунасымен: қар ілбісі, ақбөкенмен таныстыру



      394. "Әлемді танудың қарапайым тәсілдері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:



      1) сан алуан түрлі заттар мен табиғат құбылыстары туралы түсініктері болады;



      2) ересектің көмегімен табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді бақылайды, атайды немесе көрсетеді.


      395. "Өсімдіктер әлемі" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:


      1) өсімдіктер туралы, өсімдіктің өмірі үшін қажетті талаптар туралы түсініктері болады;



      2) ересектің көмегімен және сөздік нұсқау бойынша тән белгілеріне қарай ағаштар мен бұталардың бірнеше түрлерін ажыратады;



      3) ағаштың (жапырақ, бұтақ, дің) құрамдас бөліктерін атайды немесе көрсетеді; бөлме және жабайы өсетін өсімдіктерді көрсетеді;



      4) ересектің көмегімен көкөністерді, жемістерді және жидектерді атайды, ажыратады;



      5) табиғатты бақылау күнделігін жүргізеді, педагогпен бірге баданалармен (пияз, бұршақтар) көбейетін өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылайды.


      396. "Жануарлар әлемі" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:


      1) Қазақстанда мекендейтін жабайы жануарлар, қыстап қалатын құстар (қарға, шымшық, торғай, сауысқан) және жыл құстары (қарлығаш, қараторғай, ұзақ) туралы түсінігі болады;



      2) жәндіктер (инелік, көбелек, жұлдызқұрт, құмырысқа) және теңізде мекендейтіндер (балық) туралы түсінігі болады.



      24-кесте



2-бөлім. Өлі табиғат



Бөлімшелер



Оқыту мақсаттары



2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары



0.2.1.1 өлі табиғат нысандары (құм, саз, тас) туралы түсінігін қалыптастыру



0.2.1.2 судың қарапайым маңызын түсіндіру



2.2 Табиғат құбылыстары



0.2.2.1 табиғат құбылыстарын (жел, тұман, жаңбыр) сипаттау



      397. "Өлі табиғат денелері мен заттары" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:



      1) өлі табиғат нысандары: құм, саз, тас (ірі, ұсақ) туралы түсініктері болалды;



      2) ересек адамның көмегімен суреттер бойынша өлі табиғат нысандарының қарапайым қасиеттеріжәне қолданысы,судың маңызы туралы түсініктері болады.


      398. "Табиғат құбылыстары" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:


      1) көрнекілікті тірек ете отырып, тірі және өлі табиғаттағы мезгілдік өзгерістер туралы біледі;



      2) суреттерді тірек ете отырып, табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман, қар, қырау, сүңгі туралы түсініктері болады.



      25-кесте



3-бөлім. Табиғатты қорғау



Бөлімше



Оқыту мақсаттары



3.1 Табиғатты қорғау



0.3.1.1 табиғаттағы тәртіп ережелері туралы түсіндіру



0.3.1.2 "Қызыл кітаппен" таныстыру



0.3.1.3 өсімдіктерді және жануарларды күту тәсілдері туралы түсіндіру, оларды атай білу



      399. "Табиғатты қорғау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:



      1) табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелерін (ағаштардың жапырақтарын жұлмау, гүлді жұлмау, көгалды баспау, ұяны бұзбау, қоқысты тастамау) орындайды;



      2) "Қызыл кітап" және кейбір олардың өкілдері туралы түсінігі болады; адам жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға міндетті екенін біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет