Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет212/289
Дата09.05.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33478
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   289
17-параграф. Аппликация


      425. Мақсаты аппликацияны орындауға деген жағымды эмоционалды қатынас қалыптастыру, аппликацияның шынайы нысандардың бейнесі екені туралы түсінікті қалыптастыру болып табылады.


      426. Міндеттері:


      1) аппликацияны орындауға деген жағымды қатынасты және қызығушылықты қалыптастыруды жалғастыру;



      2) ересектің әрекетін бақылауға және әрекетті үлгі бойынша орындауға үйретуді жалғастыру;



      3) үлгі бойынша аппликацияны түсі, көлемі, пішіні әр түрлі заттарды жапсыру арқылы орындауға үйрету;



      4) сюжеттік және сәндік аппликация дағдыларын бекіту;



      5) кеңістіктік түсініктерді бекіту: қағаз бетінде бағдарлау(жоғары, төмен, ортасы, оң жағы, сол жағы);



      6) көру-қимыл үйлесімділігін дамыту;



      7) аппликацияны шынайы нысандармен салыстыруға үйрету;



      8) өзінің және құрдастарының жұмысына бағалай қарай білуді қалыптастыру, үлгімен салыстыра білуді қалыптастыру.


      427. "Аппликация" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.


      428. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:


      1) аппликация бағыттары;



      2) материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс тәсілдері және еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы.


      429. "Аппликация бағыттары" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:


      1) заттық аппликация;



      2) сюжеттік аппликация;



      3) сәндік аппликация.


      430. "Материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс тәсілдері және еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:


      1) қайшымен жұмыс тәсілдері;



      2) материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс тәсілдері.


      431. Оқыту мақсаттарының жүйесі:


      30-кесте



1-бөлім. Аппликация бағыттары



Бөлімшелер



Оқыту мақсаттары



1.1 Заттық аппликация



0.1.1.1 үлгі бойынша жырту, кесіп алу тәсілімен қарапайым заттардың аппликациясын орындау



0.1.1.2 бөліктерді жапсырудың дәйектілігін пайдалана отырып, аппликацияны үлгі бойынша, қима үлгі бойынша құрастыру, заттарды түсі, пішіні, көлемі бойынша салыстыру



0.1.1.3 бөліктерді жапсырудың дәйектілігін пайдалана отырып, аппликацияны геометриялық пішіндердің негізінде бірнеше бөліктерден құрастыру



0.1.1.4 қағаз бетіне негізгі элементтерін ерекшелей отырып, 3-5 бөліктен құралатын жануарлардың бейнелерін жабыстыру



0.1.1.5 суретті аяқтау (тұмсығын, көзін, аяғын) тәсілін пайдалана отырып, бірнеше бөліктен (бас, дене, құйрық) құралатын құстардың бейнесін жабыстыру



0.1.1.6 педагогтың сөздік нұсқауы бойынша аппликация элементтерін орналастыру (үй ортасында, шырша сол жағында, оң жағында қайың, жоғарыда күн, төменде шөп)



0.1.1.7 орындалған бейнені талдаған кезде бір-біріне сұрақ қоюға үйрету



1.2 Сюжеттік аппликация



0.1.2.1 ұжымдық сюжеттік композиция құрастыру, заттардың кеңістіктік қатынасын, түсін, пішінін, мөлшерін есепке ала отырып, оларды жерге, суға, аспанға қатысы бойынша орналастыру



0.1.2.2 таныс ертегілер желісі және табиғаттағы бақылау бойынша қарапайым сюжеттік аппликацияны құрастыру



1.3Сәндік аппликация



0.1.3.1 аппликацияның Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнерінің желісі бойынша геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізіндегі өрнектерден құрастыру



0.1.3.2 өрнектерді аппликациядағы өрнектің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, оюдың пішіндері мен элементтерін кезектестіре отырып, симметриялы, ырғақты орналастыру



0.1.3.3 қуыршақтарға арналған бұйымдарды және ойыншықтарды, сондай-ақ бұйымдар мен шырша ойыншықтарын қазақ халқы оюларының желісі негізінде безендіру



      432. "Заттық аппликация" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:



      1) қағаздан пішіндер кесіп алады;



      2) заттарды қағазға желімдейді;



      3) қағазды бүгу сызығы бойынша түзу қияды;



      4) шаршының, тікбұрыштың, үшбұрыштың ұштарын дөңгелете кесе отырып дөңгелек пішіндерді қияды;



      5) бірнеше рет қабаттап бүктелген қағаз бетінен пішіндерді қиып алады;



      6) симметриялық қию тәсілдерін пайдаланады (көбелек, бәйшешек, зымыран);



      7) ұжымдық аппликацияға қатысады;



      8) жасалымдарды ойынға, мереке күндері жайды безендіруге қолданады.


      433. "Сюжеттік аппликация" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:


      1) әртүрлі заттарды тақырыпқа немесе сюжетке сәйкес кесіп алады және желімдейді;



      2) заттарды негізге дәйектілікпен жапсырады;



      3) нысандардың көлемі, пішіні, түсі бойынша өзара қатынасын есепке алады.


      434. "Сәндік аппликация" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:


      1) безендірудің әртүрлі элементерін(геометриялық, өсімдік тектес пішіндерді) қиып алады және біріктіреді;



      2) үлгі бойынша өрнек оюларын құрайды;



      3) түстік кеңістігін (жолақты, дөңгелекті, шаршыны) жеке элементтермен біркелкі толтырады.



      31-кесте



2-бөлім. Материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс ережелері және еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасының негіздері



Бөлімшелер



Оқыту мақсаттары



2.1 Қайшымен жұмыс тәсілдері



0.2.1.1 геометриялық пішіндердің негізінде қарапайым заттарды қиып алу (жолақтардан тікбұрыштарды, шаршыдан үшбұрыштарды қиып алу, шаршының, тікбұрыштың, үшбұрыштың ұштарын дөңгелете кесе отырып дөңгелек және сопақша пішіндерді алу)



0.2.1.2 симметриялық емес заттарды бейнелеуге арналған сұлбаны суреті бойынша қиып алу



0.2.1.3 екіге бүктелген қағаздан әртүрлі симметриялық пішіндерді, қатпарлап бүктелген қағаздан әр түрлі заттарды қиып алу



2.2 Материалдармен және құралдармен жұмыс



0.2.2.1 аппликацияға арналған материалдарды (тығыздығы, түсі, текстурасы әр түрлі қағаз түрлері) пайдалану



0.2.2.2 бірнеше қабаттап бүктелген қағаздан бірнеше геометриялық сәндік элементтерді қиып алу, геометриялық пішіндерді (шаршы, тікбұрыш, дөңгелек, сопақша) ортасынан және қиғаштап кесу



0.2.2.3 екіге бүктелген қағаздан орта мен бұрышты безендіруге арналған симметриялық пішіндерді, қатпарлап бүктелген қағаздан грилянда, шілтер, қаршық, гүл қиып алу



0.2.2.4 жұмыс барысында жұмыс орнын, құрал-саймандарды ретке келтіру



      435. "Қайшымен жұмыс тәсілдері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:



      1) қиып алудың техникалық тәсілін меңгерген;



      2) қайшыны дұрыс пайдаланады.


      436. "Материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:


      1) материалды өңдеумен байланысты құралдар (қайшы, желім, қылқалам, майлық) қолдана алады;



      2) бүктеу, қиып алу, жапсыру икемділіктерін меңгерген;



      3) сабақтарда әртүрлі материалдарды қағаз, ермексаз, мата, кептірілген жапырақтарды пайдаланады;



      4) әртүрлі материалдардың қасиеттерін ажыратады;



      5) жұмыс орнын тәртіпке келтіреді; жұмыс барысында құрал-саймандарды дұрыс пайдаланады;



      6) қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелерін сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет