Балаларды орыс тіліндегі сөйлеуді тыңдауға, есте сақтауға және дұрыс айтуға үйрету. Артикуляциялық аппаратты дамыту. Орыс тіліндегі дауысты дыбыстарды айтуды үйрету: а, о, у, е, и, ы, е, ю, я.
Сөздік қор.
Дағдыларды:
1) ойыншықтардың, кейбір тұрмыстық заттардың, көкөністер мен жемістердің, жануарлардың атауларын түсінуді және қабылдауды;
2) тәрбиешінің өтінішін орындауды, балалардың сөздік қорын одан әрі кеңейтуді және орыс тіліндегі сөздердің дұрыс айтылуын;
3) жақын ортадағы кейбір заттарды атай білуді қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Заттардың көлемін, түсін, олармен әрекет жасауды білдіретін сөздерді үйрету, сөз тіркестерін түсіну және оларды байланыстыру әдісімен (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) құрастыруды үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.
Жай сөйлемдерді:
1) қарапайым сұрақтарды түсіну және оларға қысқа сөйлем түрінде дұрыс жауап берумен;
2) балалардың қысқа тақпақтар мен әндерді есте сақтауы жолымен құрастыру.
Байланыстырып сөйлеуді және сөйлеу кезінде сөздерге дұрыс екпін қоя білуді дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
– орыс тілінің дауысты дыбыстарын дұрыс айта алады: а, о, у, е, и, ы, э, ю, я;
– айтылған сөзді тыңдайды және түсінеді;
– жай сөйлемдерді құрастыра алады;
– сөйлеу тілінде зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолданады;
– ертегілерді ойын түрінде көрсету кезінде қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;