5) заттарды бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру.
Шама.
Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;
2) биіктігі мен қалыңдығы бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру.
Геометриялық пішіндер. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуге үйрету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) геометриялық пішіндерді тану және атау;
2) пішін түрлерін зерттеу.
Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету.
6) қағазды бүктеу, жырту, шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып, қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіру.
Күтілетін нәтижелер:
әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыра біледі;
құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды; өзі құраған құрылысын қуыршақтың, ойыншықтардың өлшемдерімен үйлестіреді;
сюжеттік ойын міндеттерін пайдалана отырып, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан заттар құрастыра алады;
түрлі тәсілдерді пайдаланып, қағаз беттерін түрлендіреді.
99. Жаратылыстану.
Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін қалыптастыру.
Ауа-райының жағдайын анықтау, табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау. Табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Өсімдіктер әлемі.
Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру; бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония және тағы басқа), олардың ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.
Келесі қарапайым ұғымдарды қалыптастыру:
1) туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы түсініктерін қалыптастыру; 2- 3 ағаштардың түрлерін танып, атауға үйрету;
3) табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын, өсімдіктерге сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Жануарлар әлемі.
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру; табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды.
туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы ұғымдарды игерген;
кейбір көкөністер мен жемістерді дәмінен ажыратады және атайды;