Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет276/289
Дата09.05.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33478
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   289
Байланысты:
МДҰ оқу бағдарламасы

5-параграф. 1-жартыжылдық


      147. Көру және есту қабілеттерінің қатар бұзылыстары болған кездегі ым-ишараттық, дактильді-қатынас сөйлеуді қалыптастыру:



      1) заттық-жағдаятты қарым-қатынастың жаңа формасын енгізу;



      2) дактильді-қатынас формасындағы сөздер қорын кеңейту, оның мәнін түсіну, өздігімен қолдануды үйретуге жалғастыру;



      3) балалардың көзқарасын кеңейте отырып айналасындағы адамдармен және қоршаған ортамен жанасу өзара әрекеттерін ұйымдастыру.



      4) нақты ұғымдағы (мысалы, әрекет, күнтәртібіндегі оқиғалар) тактильды қабылданатын белгілерді сәйкестендіруге үйретуді жалғастыру;



      5) жағымды іс-әрекеттер көлемін шектеуді ұсыну, қалаған нәтижесіне қол жеткізу барысында тосқаулдар туғызу (сүйікті ойыншығын таңдап алу және баланың сөйлеу қарым-қатынасына қол жеткізу үшін оны қолдау);



      6) ересек адам қолына ұстап тұрған ойыншықққа баланың көңіл бөліп қалайтын ойыншығын алғанға дейін ұстап тұру;



      7) тактильды қабылданатын затқа, оның кішігірім көшірмесіне баланың көру қабілетін тұрақтандыру;



      8) дұрыс және бұрыс таңдаудың шынайы салдарын түсінуге мүмкіндік беру;



      9) тактильды қабылданатын белгілерді, сонын ішінде "сөйлеуші батырма" бекітілген қолжетімді амалмен "көрсету" үйретуді жалғастыру;



      10) "үстел үстінде" нақты жағдаяттарда белгілерді затқа алмастыру білігін; қарама-қарсы отырған ересек адаммен көру байланысын құруға үйрету, өзі қалайтын затты өздігімен немесе түрту, қағып алу, ыммен сұрау біліктілігін қалыптастыру;



      11) тактильді қабылданатын белгілердің көпсалалығын түсінуін қалыптастыру;



      12) нақты әрекет шеңберінде реттілікке "бірінші-кейін" үйрету;



      13) "үстел басында" жағдайында коммуникативті серіктесіне сәйкес объектіге қолды немесе сұқ саусақпен көрсету жолы арқылы ым-ишараттық қарым-қатынасқа жауап ретінде "Не қалайсың?"тактильды қабылданатын белгілер арқылы қалайтын және қаламайтын заттарды таңдауды жүзеге асыру біліктілігін қалыптастыру;



      14) 3-5 объект ішінен таңдауды жүзеге асыруға қатысу;



      15) тактильды қабылданатын белгілерді қолжетімді амалдармен таңдауды үйрету (қолына алу және әңгімелесушіге беру; қолмен көрсету немесе саусағымен ұстау; коммуникатордың сәйкес басқышын басу);



      16) қиын жағдайда ересек адамнан көмек сұрауға үйрету.


      148. Күтілетін нәтижелер (көру және есту қабілеттерінің қатар бұзылыстары болған кездегі):


      1) қарым-қатынаста ым/немесе сөздер тіркесін белсенді қолданады;



      2) кейбір объектілердің мәні дактильды формада берілетін түсінеді;



      3) қарым-қатынаста дактильды-байланыстыру формасын қолданады; дактильды сөздер алғашқы ыммен жұп қолданады;



      4) дактильды қабылданатын белгілердің мазмұнын (мысалы, "кесе" бұл зат және су ішуді қалау) түсінеді;



      5) нақты әрекет шеңберінде (мысалы, "Жуыну" үшін "сабын"-"тіс щеткасы", "стақан"-"бет орамал") реттілікті "бірінші-кейін" біледі;



      6) қиын жағдайда ересек адамнан көмек сұрайды.


      149. Зат-белгілерін, суреттерді пайдаланумен байланысты дағдыларды қалыптастыру:


      1) коммункацияға деген бала қажеттілігін құруды жалғастыру;



      2) зат-белгілер, сурет сиволдар көлемін кеңейту;



      3) графикалық суреттерге (фота, картинка, пиктограмма, коммункациялық сурет белгілер) көз тоқтатуын іске асыру;



      4) графикалық сиволдарды тануға мүмкіндік беру;



      5) қарапайым сюжеті бар, заттық бейнелерді, кітап, фотоальбом, "сөйлейтін фотоальбом", "Жағдайлар күнделігі" қарауға қызығушылығын ояту;



      6) суреттегі бейне мен шынайы ортадағы заттарды сәйкестендіруге үйрету;



      7) суреттегі бейнені өзіне тән белгісі бойынша заттарды ерекшелеуге үйрету;



      8) қызметтік белгілеріне сәйкес заттар ішінен 4-6 затты таңдауға үйрету;



      9) қарапайым сюжеттік суреттер бойынша екі әрекет ішінен біреуін таңдауға үйрету;



      10) суреттегі 15 және одан да көп таныс заттарды атаулары бойынша іздеуді жүзеге асыруды үйрету;



      11) "Ойыншық", "Киім", "Тамақ" жалпылау түсініктерін қалыптастыру;



      12) коммуникативті кітап, тақта ішінен графикалық белгілерді ерекшелеп, коммуникативті серіктесіне жақындау және графикалық белгіні беруге үйрету;



      13) графикалық белгіге сәйкес нұсқаумен "Бер", "Ал" қолжетімді формада ымның көмегімен ойыншық, затты ұсыну/сұрау біліктілігін қалыптастыру;



      14) "Кешіктірілген көмек" стратегиясымен ым арқылы адамға немесе басқа біреуге көмек көрсетуді сұрау біліктілігін қалыптастыру;



      15) әрекетті орындау туралы өтінішке жауап қайтару біліктілігін қалыптастыру; сұрақ, ұсынылатын жауап "Иә"/ "Жоқ";



      16) бірлесіп кітапты көру барысында ересек адаммен ақпарат алмасу біліктілігін қалыптастыру;



      17) өзінің "күн тәртібін", "Мен-графикалық бейнемін", "Менің қалауларымның бейнесі", "сөйлейтін фотоальбомды" ересек адаммен бірлесіп құруға қатысудыбелсендіру;



      18) "Бұл не?", "Бұл кім?" сұрағына жауап беру ретінде затты немесе адамды атау біліктілігін қалыптастыру; "Не істеп жатыр?" сұрағына жауап беру ретінде хабарлау; "Қайда?" сұрағына жауап беру ретінде зат немесе адамның орналасқан орнын сипаттау;



      19) адам, әрекет, орналасқан орны (көзбен ересек адамға немесе күтілетін жауап орнына қарау) туралы сұрау біліктілігін қалыптастыру;



      20) "сөйлеуші батырманың" көмегімен сөздік хабарлама, сөз немесе ым арқылы бөлме ішіндегі отбасы мүшелері, жақын таныстарымен сәлемдесуге, қоштасуға үйрету;



      21) баланың қоршаған ортадағы адамдарға уайымдайтынын, мейірімділік танытуын көрсететін мінез-құлықты белсендіру: ересек адамның қамын ойлайды, оған көмектеседі, мінедетті түрде кезектілігі бар әрекетті жасайды.


      150. Коммуникацияның белгілер жүйесін меңгеру бойынша күтілетін нәтижелер:


      1) қоршаған ортаны графикалық белгілермен белгілеуге болатынын түсінеді;



      2) қызметтік белгілеріне сәйкес заттар ішінен 4-6 затты таңдайды;



      3) қарым-қатынас жасауда белгілік коммункацияларды белсенді қолданады;



      4) графикалық белгілерді таниды;



      5) коммуникативті кітап, тақта ішінен графикалық белгілерді ерекшелеп, коммуникативті серіктесіне жақындау және графикалық белгіні береді;



      6) әрекетті орындау туралы өтінішке жауап қайтарады; сұрақ, ұсынылатын жауап "Иә"/ "Жоқ";



      7) бірлесіп кітапты көру барысында ересек адаммен ақпаратпен алмасады;



      8) өзінің "күн тәртібін" құруға қатысады;



      9) "Бұл не?", "Бұл кім?" сұрағына жауап беру ретінде затты немесе адамды атайды және көрсетеді; "Не істеп жатыр?" сұрағына жауап беру ретінде хабарлау; "Қайда?" сұрағына жауап беру ретінде зат немесе адамның орналасқан орнын сипаттайды;



      10) адам, әрекет, орналасқан орны (көзбен ересек адамға немесе күтілетін жауап орнына қарау) туралы сұрайды;



      11) "сөйлеуші батырманың" көмегімен сөздік хабарлама, сөз немесе ым арқылы бөлме ішіндегі отбасы мүшелері, жақын таныстарымен сәлемдеседі, қоштасады;



      12) баланың қоршаған ортадағы адамдарға уайымдайды, мейірімділік танытады: ересек адамның қамын ойлайды, оған көмектеседі, міндетті түрде кезектілігі бар әрекетті жасайды.


      151. Сөйлеуді дамыту (баланың ауызша (дыбыстық) сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту):


      1) педагогтың сөйлеу және заттық әрекетіне еліктеуге үйрету: дыбысқа еліктеуді айту, дидактикалық ойын, заттармен әрекет жасау барысында толық сөздік қорын қолдана білу;



      2) ойыншықтарды, заттарды, әрекеттерді атау (дидактикалық ойын жүргізу, пиктограмма қою арқылы ауызша айту жолы арқылы) талпынысын ынталандыру;



      3) ауызша сөйлеу тіліне былдырлау, толық сөздер, қысқа сөз тізбектерді қолдануға рұқсат беріледі;



      4) ересек адам мен балаға (педагогқа еліктеу бойынша) өтініш "бер,берші допты" білдіруге үйрету;



      5) педагогқа еліктеу бойынша саусақтың (саусақ гимнастикасы) әртүрлі қалпын орындауға, бұлдырлау мен толық формада жануарлардың атауымен саусақ қалпын сәйкестендіруге үйрету.


      152. Үлгі ретіндегі сабақ тақырыптары: үлкендер мен балалардың есімдері; отбасы; ойыншықтар;жемістер;көкіністер;киім және аяқ киім;азық-түлік;мейрам; жануарлар.


      153. Сөйлеуді дамыту (баланың ауызша (дыбыстық) сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту) бойынша күтілетін нәтижелер:


      1) сабақта және тұрмыстық жағдайда қолданылатын сөздер мен сөз тіркесінің мәнін түсінеді;



      2) сабақта және тұрмыстық жағдайда қолданылатын сөз тіркесінің мәнін түсінеді.


      154. Сөйлеу материалдары баланың мүмкіндігіне қарай таңдалынып алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет