2-параграф. 1-жартыжылдық
25. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, фонематикалық түсініктер алғышарттарын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
26. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті әрі қарай дамыту. "бір-көп" түсінігін сәйкестендіре алуды қалыптастыру;
2) жекеше және көпше түрдегі зат есім мен етістіктерді түсіне алуды балаларға үйрету;
3) кішірейткіш-еркелету мәніндегі сөздерді пайдалануды үйрету;
4) жағдаяты бойынша ұқсас, іс-әрекет мағынасы және белгілері бойынша қарама-қарсы әрекеттерді ажырата алуға оқыту;
5) тәуелдік сын есім түсінігіне оқыту;
6) зат есім және етістіктердің жекеше және көпше түрдегі грамматикалық категорияларын түсінуді қалыптастыру.
27. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру:
1) тұтас заттың бөліктерін атауды және ажырата алуды қалыптастыру;
2) жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыра алуға үйрету;
3) заттардың сапасын және ерекшеліктерін бейнелейтін сөздермен балалардың сөйлеу тілін молайту;
4) екі буынды сөздерді екпінді бірінші буынға қоюмен айтуға үйрету;
5) бір буынды сөздерді айтуға үйрету;
6) екі құрамды сөйлемдер және бірнеше сөздерден құралған сөйлемдермен қолдана алуға үйрету;
7) сөзжасамның алғашқы дағдыларына оқыту;
8) кішірейткіш-еркелету мәніндегі заттарды атау мен ажырату;
9) зат есімнің септік түрін меңгеруге оқыту (табыс, ілік, барыс, көмектес, жатыс септіктер);
10) сөйлеуде бұйрық түрдегі етістіктерді қолдану және түсіну;
11) зат есімдердің сын есіммен жақ түрінде, жекеше, көпше түрінде үйлестіре алуына үйрету ("үлкен доп", "жаңа кітаптар").
28. Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру (сөйлеудің кез-келген фонематикалық рәсімделуімен):
1) екі құрамды сөйлемді меңгеруге оқыту ("Анам отыр", "Әкем жүріп келеді");
2) балалардың күнделікті әрекеті, сурет бойынша, қимыл-қозғалыстарды демонстрациялау негізінде қарапайым сөйлемді құрастыруға үйрету;
3) сұрау сөйлемдерін құрастыруды оқыту "Бұл не?", "Бұл кім?", "Сенің есімін қалай?";
4) тақпақтар, өтірік өлеңдерді айтуды аяқтайтын жаттығуларды орындау.
29. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырата алуды тәрбиеле;
2) қарапайым артикуляциялық жаттығуларды орындауды үйрету;
3) дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын, ашық және жабық буынды бір,екі,үш буынды сөздерді айта алуға үйрету.
30. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) ситуативті-іскерлік қарым-қатынас түрінде вербалды және вербалды емес құралдарды жаңғыртуға және қабылдай алу икемділігіне оқыту;
2) ойын жағдаяттарын қолдана отыра, вербалды айқын сұрақтар бойынша диалогтік қарым-қатынасқа оқыту;
3) қатынас орнатушы сұрақтарды қолдануды және түсіне алуды оқыту;
4) мимика және пантомимика көмегімен достық сезімін білдіру, сыпайы түрде өтіну, алғыс білдіру формулаларға оқыту.
31. Күтілетін нәтижелер:
1) ересек адамдармен қарым-қатынасқа жасайды;
2) заттарды олардың сапалық белгілері және функционалдық тағайындалуымен сәйкестендіре алады;
3) кішірейткіш-еркелету, тәуелдік мәніндегі сын есімдерді ажырату;
4) мағынасы бойынша қарама-қарсы және жағдайы бойынша жақын әрекеттер мен белгілерді ажырата алады;
5) кейбір көмекші сөздердің, табыс, ілік, барыс, көмектес, жатыс септіктердің, зат есім және етістіктің жекеше, көпше түрінің грамматикалық категорияларын түсінеді;
6) сөз тіркестерін, екі құрамды және қарапайым сөйлемдерді қолданады;
7) сұрау сөйлемдерін құрастырады;
8) қарапайым артикуляциялық жаттығуларды орындайды;
9) дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын, ашық және жабық буынды бір,екі,үш буынды сөздерді айта алады;
10) тақпақтар, өтірік өлеңдерді аяқтап айта алады.
Достарыңызбен бөлісу: |