|
Өзіңізге жетекші сұрақтар қойыңыз
|
бет | 3/5 | Дата | 18.02.2023 | өлшемі | 4,47 Mb. | | #69021 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: Мектепте ЛС калай жургизуге боладыӨзіңізге жетекші сұрақтар қойыңыз. - Сабақта қандай стратегиялар мен оқу материалдары қолданылады? Бірізділігі қандай?
- Білім алушының әрекетін, оның ойлауын сабақта қалай көрінетін етуге болады?
- Стратегиялар білім алушыларға оқу мақсатына жетуге қалайша көмектеседі? Сұрақтар мен тапсырмаларға білім алушылардың реакциясын болжамдаңыз.
- Сабаққа дейін нені орындау қажет?
- Қандай қосымша дәлелдер жинауға болады?
- Сыртқы эксперттер шақыру керек пе, олар не істейді?
- Оқушылардың үлгерімін бағалау үшін (сабаққа дейін, сабақтан кейін) тест ұсыну керек пе?
Өзіңізге жетекші сұрақтар қойыңыз. - Білім алушыларды бақылауға арналған жоспарыңыз қандай?
- Бақылаудың қандай стратегияларын қолданасыз (мысалы, азат жолға жазу, координациялық сауалдар, бақылау сұрақтары)?
- Білім алушылардың ойлауы мен мінез құлқының қандай типіне назар аударасыз?
- Қандай қосымша дәлелдер жинайсыз (мысалы, оқушылардың жазбаша жұмысы, оның оқу мақсатымен байланысты өнімділігі)?
- Бақылау фокусы бойынша келісіңіздер.
- Бақылаушылардың назарын шоғырландыратын оқушыларды таңдауға болады.
- Әрбір оқушының қалай оқитынын бақылау қажет.
- Барлық оқушыны бақылау үшін тұрып бақылаған жөн.
- Бақылау нәтижесімен бөлісу үшін бірлестіктегі әріптестеріңізбен өткізгендеріңіз дұрыс.
- Мұғалім «шыдамды» болуы керек. Бұған қалай қол жеткізуге болады?
- Бақылаушылардың қатысуы оқушылардың үлгеріміне жағымсыз әсер етпеуі керек?
- Команда мүшелері сабақты бірге өткізе ала ма?
- Мұғалім оқыту барысында сабаққа өзгерту енгізе ала ма?
Өзіңізге жетекші сұрақтар қойыңыз. - Хабарландырылған келісім формасына қол қойғаныңыға көз жеткізіңіз.
- Сабақтың көшірмелерін, оқу материалдарын, нұсқаулықтарды бақылаушыларға таратып беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|