Зерттеу сабағы қарапайым идея болып табылады. Егер оқытуды жақсартқыңыз келсе, сабақ туралы бірлесе ойласу, жоспарлау және бақылау бойынша басқа мұғалімдермен ынтымақтасудан маңызды не болмақ?
(Lewis, 2002)
Глоссарий
Lesson Study: сабақты жоспарлауды, сабақ жоспарын талқылауды, өтілген сабақты зерттеуді, сабақтан кейінгі талқылауды қамтитын сабақтың сапасын жақсарту үдерісі.
Сабақты зерттеу: Lesson Study аясында сабақты бақылау.
Сабақтың жоспарын талқылау: бақылаушылар арасында бақылау нәтижесімен бөлісу мақсатында талқылау немесе сабақты жақсарту бойынша жаңа идеялар ұсыну.