Франция Білім беру министрлігінің нұсқауларында, оқыту процесінде
шынайылық,
адамның
ақыл-ойына сену, жауапкершілік сезімі,
өзіндік
құндылығы, өзге адамдарға құрмет, ниеттестік, нәсілшілдікті жеккөрушілік,
түрлі мәдениеттердің әмбебаптығын түсіну, Бостандық, Теңдік, Бауырластық
сезімдерінен жеке қарастырылмайтын Францияны сүюге ұмтылған өркениетті
және демократиялық қоғам тұлғасын тәрбиелеу қажеттілігі көзделген.
Әр елде тәрбие проблемасы өздерінің міндеттері мен басымдықтарын
ескере отыра қарастырылады. Америка Құрама Штаттарында «Америка –
2000: білім беруді дамыту стратегиясы» құжаты мектепті өркениетті қоғам
дамуын қайта құруға қабілетті орталық ретінде пайдалануды көздейді.
Адамгершілік тәрбие бағдарламасын діни құндылықтар мен принциптерге
негіздеу
ұсынылуда. Алдыңғы орынға адалдық,
тұтастық,
дұрыстық,
ұқыптылық, жеке жауапкершілік шығарылады. Балаларда қалыптасуы тиіс
мінездің
басты
60
қасиеті
(ержүректілік,
байсалдылық,
шешімділік,
табандылық, рақымдылық, төзімділік және т.б. ) сипатталған.
Ірі мектептерде қатар сыныптардың өзінше деканаты болады, мысалы, оқу
және тәрбие жұмысымен айналысатын IX сынып әкімшілігі. Сонымен қатар,
барлық
мектептерде деңгейлері мен тағайындалуы
әртүрлі лауазымды
56
тәрбиешілер бар үйірмелердегі, спорт секцияларындағы, қызығушылықтары
бойынша құрылған клубтардағы сыныптан тыс жұмыстар кең тараған. Мектеп
қызметкерлерінің бұл кезде оқушыларды ұзақ күнге көлемі шамалы үй
тапсырмаларымен ғана емес, сондай-ақ түрлі тәрбиелік, әлеуметтік, танымдық,
көңіл көтеретін және сауықтыру шараларымен барынша жүктеуі байқалады.
Америкалық мектептеріндегі оқу сабақтарында кеңестік дәуірден кейінгі
білім беру ұйымдарына тән зияткерлік қарбаластық жоқ. Оқу процесі көбінесе,
оқушы мұғалім түсіндіруінің тек енжар тыңдаушысы ғана емес, керісінше оқу
процесінің белсенді қатысушысы болатындай құрылған. Бұған мұғаліммен
сұхбаттасу және педагог тарапынан оқушыға сұрақ қоюына «мәжбүрлеу»,
немесе оқушылар жұмысын шағын топтарда ұйымдастыру және олардың
шығармашылық тапсырмалар орындауы арқылы қол жеткізуге болады.
Түрлі оқыту экскурсиялары мектептегі тәрбие жұмысында маңызды рөл
атқарады. Америкалық мұражайларда балаларға арналған түрлі жәдігерлер бар,
ал ең жақсы мұражайларда еркін кіруге болатын балалардың қызығушылығын
тудыратын танымдық интерактивті ойындар, викториналар мен тесттер бар
компьютерлер орналасқан. Тәрбиенің қоғамға бағыттылық принципін іске
асыра отыра, шетелдік педагогтер тәрбиеленушілерімен практика-дәлелді іс-
әрекеттерге қол жеткізді.
Бұл кезде олар ұранды педагогикадан, көпсөзділіктен бас тартады, себебі
пайдалы іс-әрекет процесінде тәрбиеленушілер арасындағы қатынас қалыптасу
үшін мінез-құлық пен қарым-қатынастың құнды тәжірибесі жинақталған кезде
үлгі арқылы тәрбиелеу жүзеге асады. Мәселен, АҚШ-тың кәдуілгі мектебінің
бірінші сыныпқа арналған оқулықтарының әрбір бетінде «Бұл − менің
Америкам», «Менің Америкамның туы», «Менің Америкамның рәміздері»,
«Менің Америкамның ұлы адамдары», «Менің Америкам дамып келеді»,
«Менің Америкам ән салады», «Менің Америкам...» деген сөздер жиі кездеседі.
Ал, екінші сыныпқа арналған оқулықтардан «Америкам − менің үйім», «Біздің
ұлттық мерекелеріміз», «Американың негізін қалаған адамдар», «Американың
пионерлері», «Американың ковбойлары» деген сөздер жиі кездеседі. Үшінші
сыныпта 20 ұлы адамның өмірбаяны негізінде америкалық мұраны оқып-
үйрену көзделген. Тұлғаның патриоттық сана-сезімін және азаматтық бағытын
қалыптастыру мен дамытуда әсіреқызыл әрі ұрандатылған шаралар емес, қайта,
осындай нақты жұмыс керек.
Азаматтық тәрбие идеялары мен тұжырымдамасын іске асырудың тиімді
жолдарының бірі
– бұл арнайы мектеп пәндерін кіргізу және басқа мектеп
пәндерін сәйкес мазмұнмен толтыру. Мысалы, ұзақтығы екі аптадан бірнеше
айға
созылатын
«Елдер
арасындағы
қарым-қатынастар»,
«Әлеуметтік
проблемалар» және т.б. қысқа курстар. Көрнекті мамандар «Заң және
америкалық қоғам» (IX–XI сыныптар), «Жоғарғы соттың атақты процестері»
(VII–VIII сыныптар), «Конституцияның маңызды баптары» (XI сынып) және
басқа да көптеген оқу құралдарын әзірледі. Бірнеше оқулықтан тұратын «Заң
және қала», «Жер иесі және жалгер», «Заң және тұтынушы», «Кедейшілік және
57
өркендеу», «Қылмыс және әділеттілік» және т.б. тақырыптық сериялар
жарияланады.
Америка мектептерінде
қоғам мен мемлекеттің
тартымды бейнесін
қалыптастыруда, оның мұраттары мен құндылықтарына оң қатынас орнатуда
көп шаралар атқарылады. Қоғамдық процестерге әр адам бала кезінен
қатысады. Сондықтан да азаматтық тәрбие жас кезінен басталады. Мұғалімдер
әлеуметтік қасиеттерді қалыптастырудың барлық кезеңінде берілетін білімнің
оқушы жасына және дамуына сәйкестігі туралы ойлайды. Мектептің бірінші
сатысында-ақ
балалар
«конституция»,
«билік»,
«бедел»,
«заң»,
«жауапкершілік» «үкімет» және т.б. түсініктерді меңгереді, егер олар нақты
мысалдар арқылы қалыптастырылған жағдайда практикамен дәлелденіп,
бекітіледі. Мектептің екінші және үшінші сатысы тәрбиеленушілерді шынайы
әлеуметтік процестерге қатыстыра отыра, қажет білімді бекітеді, дамытады,
сенімді тәрбиелейді, азаматтық қасиеттерді қалыптастырады [21].
Қазіргі кезде Ресей азаматын рухани-адамгершілік дамыту осы елді
жаңғыртудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзіндегі
барлық елдердегі сияқты, адам тәрбиелеу, оның өмірге кызығушылығын, өз
еліне сүйіспеншілігін, жасау мен жетілдіруге деген қажеттілігін нығайту –
Ресейдің ойдағыдай дамуының маңызды шарты. Және мұғалімнің басты рөлі –
адамды кәдімгідей бақытты етуде өз ісімен және қызығушылығымен табысты
айналысуына мүмкіндік беретін, балаға өмірлік сабақ беру. Бұл орайда қостілді
және көптілді оқыту (ана тілі, басым этностың тілі, шет тілдері) Ресейде
жетекші орында қала береді. Осыған байланысты филологиялық білім берудің
мәдениеттанушылық бағыттылығына ерекше көңіл бөлінеді. Ғалымдар шет
тілдері тек қана қарым-қатынаста ғана емес, сонымен қатар түрлі ойлау, сезіну,
мінез-құлық, басқа да адамдық құндылықтарға қатысуда қызмет етеді деп
есептейді.
Көпмәдениетті тәрбие көппәнді екенін атап көрсету қажет. Оны іске
асыруда тілден басқа гуманитарлық, эстетикалық, жаратылыстану-ғылыми
циклдары пәндерінің кең жиыны оқытылады.
Орыс емес халықтар өкілдерін ерекше оқыту тек қана ұлт республикалары
мен білім беруінде ғана емес, сол сияқты олар ықшам тұратын басқа өлкелерде
де ұйымдастырылады.
Көпмәдениетті тәрбиелеудің
ерекше тәжірибесі Мәскеу
қаласында
жинақталған. Қазіргі күні Ресей астанасында ұйымдасқан түрде 100-ден артық
ұлт қауымдастығы жұмыс істейді. 2011 жылы Мәскеуде этномәдениет
бағдарламасымен жұмыс жасайтын мектепалды мекемелер, мектептер мен
мәдени-білім беру орталықтарының саны 60-қа таяу болды. Бұлар мемлекеттік
және жеке мекемелер. Солардың бірі № 1650 оқыту-тәрбие беру кешені.
Мектепте тек қана стандартты оқу бағдарламаларымен оқымайды. 2011-2012
оқу жылында мұнда авар, абазин, адыгей, ассирия, армян, башқұрт, болгар,
бурят, грек, еврей, кабардин, корей, ингуш, латыш, литва, поляк, татар, украин,
шешен, эстон, сыған т.б. 22 бөлімі болды. Әр бөлімде оқушылар сенбі және
жексенбі күндері негізгі бағдарламаға қосымша өз халқының тілі, тарихы, діні,
58
фольклоры және тұрмыс салтымен қатар спорттың, аспаздықтың, билер мен
мерекелердің ұлттық түрлерін зерттейді. Бұлардың бәрін тіл және мәдениет
тасымалдаушылары оқытады [22]. Бұдан басқа, 2011 ж. 30-ға таяу ұлт
мектептері (армян, грузин, еврей, корей, татар, чуваш және т.б.) болды.
Ресей оқу орындары бағдарламаларында көпмәдениетті тәрбиенің арнайы
курстары жоқ. Осыған ұқсас мәселелер пәнаралық деңгейде: тілдерді, тарихты,
жаратылыстану-ғылыми, көркем-эстетикалық циклдары пәндерін оқытуда
қарастырылады. Оқытуда орыс және аз халықтар мәдениетінің, жалпыресейлік
және әлемдік мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерімен олардың ортақ және
ерекше сипаттарына көңіл аудара отыра таныстыру көзделеді.
Соңғы жылдары Тверь қаласындағы № 17 жалпы білім беру мектебінде
көпмәдениетті тәрбиені
ұйымдастыру бойынша
қызық
эксперименттер
өткізілуде. Мектепте көпмәдениетті тәрбиенің кейбір әдістері, көрсеткіштері
мен деңгейлері, бағалау тәсілдері тексерілді. Көпмәдениетті орта туралы білім,
осындай ортаның шынайылығы мен өкілдеріне эмоциялы қарым-қатынас,
ондағы
тәртіп
көпмәдениеттілікке
даярлықтың
көрсеткіштері
ретінде
қарастырылды. Көпмәдениетті тәрбиеліліктің үш деңгейі (жоғары, орта, төмен),
оларды өлшеу тәсілдері құрастырылды. Жоғары деңгейге қол жеткізу үшін
қоғамтану бағдарламасына «Мәдениеттің көптүрлілігі және мен» курсы
қосылды, тарихты оқытуда тақырыптарына жекелеген
өркениет пен
мәдениеттің жетістіктері туралы мәлімет қосылған модульдер пайдаланылды.
Оқыту процесінде оқытудың дәстүрлі және салыстырмалы жаңа әдістері:
сұхбат, әңгіме, рөлдік ойын, өзге мәдениет өкілдерімен кездесу және т.б.
қолданылды [23].
Украинада тәрбиенің заманауи мектептік жүйесі оқушылардың әлеуметтік
белсенділігін
ұйымдастыруда жобалық
жұмыстарға көп көңіл бөледі.
Мектептегі түрлі пәндердің және сыныптан тыс шаралардың тақырыптарына
азаматтық тәрбие компоненттерін, сол сияқты мектеп өмірінің тұрмыс салтын
сәйкесінше ұйымдастыруды қосылған.
Украинаның педагогикалық практикасында азаматтық тәрбие көп жағдайда
мектептегі білім берудің жүйесі немесе моделі ретінде түсініледі. Ол оқу
процесін пәндік мағынада ғана түсіндірмейді, осы түсінік кең мағынада мектеп
қызметінің пәнүсті саласы болып табылады. Бұл білім беру процесіне
қатысушылардың барлығында демократиялық азаматтық құндылықтар мен
мінез-құлқын тәрбиелеуіне ықпал етеді. О. Сухомлинская атап көрсеткендей,
жалпы білім беретін мектептің практикасында азаматтық тәрбиені іске асыру
«оқыту мен тәрбие берудің барлық аспектілеріне, олардың түрлі ұйымдастыру,
мазмұндық, қызметтік, коммуникативтік деңгейлеріне қатысты оқу процесін»
ұйымдастыруды көздейді [24].
Мектептегі оқу бағдарламасы мен елдегі қоғамдық қызмет үйлесімді және
жүйелі түрде біріккен кезде оқушылардың азаматтық-мәдени деңгейі өседі.
Тәрбие процесінде тұлғаның өз еркімен таңдаған парыз, бастамашылық,
тәртіптілік, дербестік, талап қоюшылық, принциптілікке негізделген мінез-
құлқын көздеген азаматтық тәрбиенің түрлері қолданылады.
59
Оқу-тәрбие жүйесінде мектептегі және оқушылардың өзін-өзі басқаруын
іске асырудың
оқушылар кеңесі, оқушылар
конгресі, мектептік БАҚ,
оқушылардың
қоғамдық
қабылдауы,
мектептік
республика,
мектеп
әкімшілігінің баспасөз конференциясы, мектеп банкі және т.б. түрлері кең
тараған.
Оқу процесінің азаматтық бағыттылығы сабақта, сонымен қатар, сыныптан
тыс жұмыста оқушы жастардың нақты өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына
шынайы мүмкіндік береді, оның қабілеттерін айқындау ауқымын арттырады,
мектеп түлегінің әрқайсысының қоғамда лайықты орын алу және өзінің саналы
азаматтық
белсенділігін айқындау мүмкіндігін арттырады. Білім беру
ұйымдарындағы оқыту процесінің басты міндеттерінің бірі – балаларда әлемнің
ғылыми-пәндік
және
құндылықты
картинасы
туралы
тұтас
түсінік
қалыптастыру және оларды алған білімдерін практикалық өмірде қолдануға
үйрету. Мұғалім және оқушылардың бірлескен күш салуы арқылы басқалары
сияқты жеке ғылымдардың – физика, химия, биология және тұтас алғанда
қоршаған әлем жұмбақтарын шешуге ұмтылғанда ғана осыған қол жеткізуге
болады.
Шет елдер бойынша зерттелген және талданған материалды қорытындылай
келе, бірқатар идеяларды анықтаймыз, оларды іске асыру оқу процесінің
тәрбиелік әлеуетін айтарлықтай арттырады және тәрбие міндеттерін ойдағыдай
шешуін қамтамасыз етеді.
Оқу материалының тәрбиелік әлеуетін күшейтуде көзделеді:
– оқытылатын материалдың өмірмен, баланың келешектегі жеке және
кәсіби жоспарларымен байланысы;
–
оқытылатын пәннің вариативтік бөлімін аймақтың, нақты социумның
мүддесі мен қажеттілігін, балалардың қызығушылығы мен қажеттілігін, ата-
аналардың әлеуметтік тапсырысын ескере отыра анықтау;
– оқу материалының мазмұнын аксиологиялық тұрғыдан іріктеу, оның
құрамдастарының құндылықты және адамгершілік аспектілеріне көңіл аудару;
– оқу міндетін шешуде өз елінің, қаласының, ауылының тарихи және
мәдени мұра материалдарын және деректерін пайдалану;
– пәнді оқытуда өлкетану материалдарын қолдану, жергілікті дәстүрлер мен
мәдени құндылықтарды ескеру;
– сәйкес тақырыпты қарастыру процесінде елдің өзекті проблемаларын,
жергілікті проблемаларды шешуге және талқылауға оқушыларды тарту.
Достарыңызбен бөлісу: |